— Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Менің аты-жөнім Чликова Самал Өмірзаққызы тәрбиешімін
Мен ересек топтағы дарынды балалармен бірге аптасына 1 рет күннің екінші жартысында қысқа мерзімді «Жас зерттеушілер» атты үйірме жұмысын жүргіземін.
Бүгінгі міне өткізіп жүрген тәжірибеде алған білімдерін сіздерге жас зерттеуші бүлдіршіндер сұйық заттармен тәжірибе көрсететін болады.
— Балалар, бүгінгі біздің ғылыми зерттеу тәжірибемізді көріп қатысуға көптеген қонақтар келіпті Ендеше, барлық қонақтармен сәлемдесіп алайық.
-Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер!
Здраствуйте, добро пожаловать!
Hello, welcome!
1-тәжірибе
«Үш бөлікті сұйықтық»
Мақсаты: Балаларды химия тарихымен таныстыра отырып, түрлі тәжірибелерді жасай білудегі білімдерін бекіту.Түрлі заттарды қосу арқылы қызықты көріністерді тамашалап қызықтаудағы білімдерін бекіту.Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйретіп,ойлау қабілеттерін бекіту..
Судың химиялық қоспалары бар бояулардың көмегімен түрлі түстер беруге болатынын көрсетіп,сұйық заттардың шыны ыдыста бір-біріне қосылмай,бөлініп қабатталып тұратындығын көрсете отырып білімдерін бекіту.
Менің есімім Гүлсезім
Бүгінгі менің тәжірибемнің аты «Үш бөлікті сұйықтық» деп аталады.
Ол үшін маған шыны ыдыстар және су,асханаға арналған бояу,ас тұзы,күнбағыс майы,этил спирті қажет.
Алдымен шыны ыдысқа су құйып ішіне 2 шай қасық ас тұзын және асханаға арналған бояды салып жақсылап араластырамын.Тұзды судың үстіне күнбағыс майын ақырындап құямын.Бұл қосындыны қоя тұрып,басқа шыны ыдыс алып ішіне этил спиртін құйып және асханаға арналған бояуды салып жақсылап араластырамын.Алдынғы дайын болған қосынды үстіне боялған этил спиртін ақырындап құямын.
-Міне, байқап отырғандарыңыздай менде үш бөлікті сұйықтық пайда болды.
Шыны ыдыстың астынғы бөлігінде боялған тұзды су,ортасында күнбағыс майы,үстінде боялған этил спирті.
Менің көрсеткен тәжірибем сіздерге ұнады деп ойлаймын.
2-тәжірибе
«Пілге арналған тіс пастасы»
Мақсаты:Түрлі заттарды қосу арқылы қызықты көріністерді тамашалап қызықтаудағы білімдерін бекіту.Күнделікті қолданыста пайдаланатын қоспаларды қосу арқылы сұйықтықтағы қызықты өзгерулерді көрсетудегі білімдерін бекіту.
- Менің есімім Нұрбақыт
Бүгінгі менің тәжірибемнің аты «Пілге арналған тіс пастасы» деп аталады.
Ол үшін маған шыны ыдыстар,су,асханаға арналған бояу,гидроперит,су сабын,ашытқы қажет.
Алдымен шыны ыдысқа су құйып ішіне гидроперит салып және асханаға арналған бояды салып жақсылап араластырамын.Әбден араластырып болған соң ішіне су сабынды құйып көпіршік болғанша араластырамын.Осы дайын болған қосындыны үлкен шыны ыдысқа құямын.Басқа таза шыны ыдыс алып ішіне 2 ас қасық ашытқыны салып кейінен жылы су құйып оныда жақсылап араластырамын.Дайын болған ашытқыны алдынғы қоспаның үстіне құямын.
-Міне, байқап отырғандарыңыздай менде пілге арналған тіс пастасына ұқсайтын көпіршік пайда болды.
Бізге түрлі тәжірибелер жүргізген ұнайды.
Біздің тәжірибеміз сіздерге ұнады деп ойлаймыз.
Бүгінгі міне өздеріңіз тамашалағандай Гүлсезім мен Нұрбақыт өз тәжірибелерімен бөлісті.жас зерттеуші бүлдіршіндерімізге сұрақтарыңыз болса қойсаңыздар болады.
Қорытынды:
-Химиялық заттар бір бірімен араласқанда түрлі қоспанын пайда
болғанын көре аламыз.Бірақ, химия заңдылығында бір бірімен әрекеттеспейтін. Бүгінгі зерттеу жобалау тәжірибемізді балалармен бірге көрсете білдік деп ойлаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға алғысымызды айтамыз.
Чликова Самал Өмірзаққызы
Қызылорда облысы, Арал қаласы
«Алтын балық бөбекжайының тәрбиешісі