Home » Мақалалар » Зерттеу жобаларын мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ұйымдастыру

Зерттеу жобаларын мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ұйымдастыру

Мектепке дейінгі білім беруде бүлдіршіндердің зерттеушілік қабілеттерін арттыру-заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Ғылымның барлық саласының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы, барлығы да баланың терең теориялық ойлауға қабілеттігін арттырып отыр.

Қазіргі мектептерде зерттеу арқылы оқыту балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы бала мінезіне тән қасиет.Ол өзін, қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Баланы өзінің іс-тәжірбиесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «зерттеу арқылы оқыту» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, яғни бала оқу-іс әрекетіне жуықтауға талпыныс жасайды.

«Зерттеу арқылы оқытудың» басты мақсаты-оқушыларда адам мәдениеті дамуының кез келген сатысында атқарылатын іс-әрекетті өз беттерімен, шығармашылықпен, жаңа қабылдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Зерттеу қызметін ұйымдастыруда жобалар құрылады, мақсат қойылады, психологтардың ғылыми зерттеулерімен халықтық тәжірбиедегі адам жаратылысының табиғатпен байланыстылығы мен салыстырулар жасалынады. Зерттеу барысында, мысалы, жұлдыздар белгілеріне қарап топтастырғанда күз маусымы айларында дүниеге келгендер орнықты, байсалды, жинақы келеді, сонымен қатар тұйық, тік мінезді, байқағыш. Олар үрдісте қарым-қатынасқа бірден түспейді, сондықтан да оларға сеніммен қарап, мақсатты тұрғыдағы тапсырмаларды жүктей отырып, басқалармен қарым-қатынас жасауына әрекет жасау керек. Қыс мезгілінде туғандар ашық, сөзшең, әзіл-қалжыңға бейім, төзімді, шапшаң болады. Оларды жазалаудан аулақ болып, дамуына әрекет жасап, ерік беріп отыру керек.Сондай-ақ зерттеулер бойынша егіздер, жұлдызында туғандар көңіл-күйлері тез өзгергіш, бір идеядан екінші бір идеяға жылдам ауысады және тапсырма орындауда тұрақсыздық танытады.
Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр бала жеке тұлға ретінде қалыптасу қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттерде көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Біздің ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар зерттеу жұмысының толық циклын жүргізеді. Алдымен зерттеу тақырыбын таңдағанда, балаларға қызықты болатынын, сол затты көре алатындай, ұстай алатындай мүмкіндік болу қажет. Оның мақсаты-таңдалған зат бойынша жан-жақты ақпаратты жинастырып, алдын-ала түсіндірілуі керек. Қалай жұмыс істейміз? –деген сұрақтар туындайды . Әрине,бұл жұмыс түрі кішкентай балалар үшін күрделі және жаңа. Оларға айтып түсіндіру қажет ақпаратты табу үшін көптеген тәсілдер бар.

Жұмысты қарапайым сұрақтардан бастадық, мысалы: «Ең алдымен не істеу керек? Зерттеуді ғалымдар неден бастайды?» Әңгіме барысында балалар ең негізгі әдістерді өздері ұсынады: «Кітаптан оқу», «Қолмен ұстап көру», т.б. Әр жауаптан кейін бүлдіршінді мадақтап, алдына сол әдістің үлестірмесін қою қажет.Осындай жұмыс барысында балалардың алдында зерттеу жұмысының тізбегі құрылады. Біздің тәжірибеміз бойынша,оқушылар «Эксперимент», «Компьютерден қарау», «Мамандарға сұрақтар қою» деген әдістерді ұсынады да, ал «Өзіме ойлану керек» дегенді ұмытып, айтпайды.Сонымен, алдымызда зерттеу жоспары құрылды .

Жеке ойлану

Жолдасымнан сұрау

Кітаптардан қарау

Теледидардан қарау

(көз)-Байқау

(қол)-Эксперимент жүргізу                                         (телефон)-Мамандардан сұрау

Бұл жұмысқа кірісу үшін, тіркеу тәсілдері бойынша келісім жүргізу керек. Жиналған ақпараттарды есте сақтау қиын, сондықтан оларға белгі ұсыну керек. Белгілер әртүрлі болуы мүмкін: сурет, символ,т.б. Алған ақпараттарды пиктографиялық жазу арқылы түсіргенде, біз баланың әртүрлі сенсорлық жолдармен жұмыс істегенін бақылаймыз. Ендеше пиктографиялық жазудан алған әсерлері бала үшін ұмытылмайтын, қымбат ақпарат болып есептеледі.Әдемі салғанына, дұрыс салғанына біз тоқталмау керекпіз, біздің мақсатымыз баланың осы белгілерді тез және өзіне түсінікті етіп салғызуға үйрету.  Тәрбиеші өз жұмысында баланың барлық мүмкіншілігін, белсенділігін көрсетуге жол ашып алған білімі мен біліктілігін дұрыс қолдана білуге үйрету, өз бетінше қорытынды жасай білуге, зерттеушілікке, шығармашылыққа баулу үшін түрлі әдіс тәсілдерді қолдануы керек. Бала өзі зерттесе, өзін-өзі тексеріп, өз қатесін өзі түсінсе ғана жоғары жетістікке жетуге болады. Себебі бала тапсырманы орындау барысында:

-өзі жұмыс істейді;

-жолдасына көмектеседі;

-олардан көмек алады;

-өз ойын тұжырымдауға үйренеді;

-қате жіберу арқылы түзетулер жасауға үйренеді;

-есте сақтауы жақсарады, яғни топтық жұмыста ол топтың мүддесін қорғау үшін талпынады, өзін сол топ мүшесі ретінде сезіне отырып, топ ішінде жолдастарынан қалып қалмауға тырысады.

Білім – бәсекеге қабілеттіліктің басты өлшемі. Қазақ елінің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу қоғамдық ортада өз ойын еркін де толық жеткізе білетін, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, жан-жақты білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру – тәрбиешінің мақсаты.

Аймаханова Бибігүл Тұрысбайқызы,
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
« 51 бөбекжай-балабақшасы» әдіскері

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.