Ойынның мақсаты: балалардың барлық пәндерден алған білімдерін ойын – тапсырмалар арқылы пысықтау. Отанды сүюге, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру, білім сапасын тексеру. Топпен жұмыс істеуге үйрету.
Әдісі: ойын сабақ, сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлеметсіздер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай? Балалар қонақтармен амандасайық.
Бүгін біз екі топқа бөлініп, «Зерде» танымдық ойынын өткіземіз.
1 – топ Біз «Жұлдызбыз»
Жұлдыздай жарқыраған
Бүлдіршіндер біздерміз!
Сабақ оқып, тіл дамытып,
Сайысуға әзірміз.
2 – топ Біз «Күнбіз»
Сайысты біз бастайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн!
Олай болса«Зерде» танымдық ойынымызды бастайық. Ойын 4 бөлімнен тұрады.
1-ші бөлім: «Кім тапқыр?»
2-ші бөлім: «Сөйлемді жалғастыр»
3-ші бөлім: «Бір сөзбен ата»
4-ші бөлім: «Ойлан, тап»
1-бөлім: «Кім тапқыр?»
«Буындардан сөз құрастыр».
Екі топқа буындар беріледі. Сол буындардан сөз құрастырып оқу
«Жоғалған әріпті жаз».
«Жұлдыз» тобына
Алм…, ш…на, б..ла
«Күн»тобына
Ай..а, ойл.., д..п.
3 «Дыбыстық талдау жаса».
«Жұлдыз» тобына
Шана, жүзім сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Ш — дауыссыз дыбыс
А — дауысты дыбыс
Н – дауыссыз дыбыс
А — дауысты дыбыс
Ж – дауыссыз дыбыс
Ү – дауысты дыбыс
З – дауыссыз дыбыс
І – дауысты дыбыс
М – дауыссыз дыбыс
«Күн»тобына
Ағаш, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
А – дауысты дыбыс
Ғ – дауыссыз дыбыс
А – дауысты дыбыс
Ш – дауыссыз дыбыс
Ж – дауыссыз дыбыс
Ұ – дауысты дыбыс
Л – дауыссыз дыбыс
Д – дауыссыз дыбыс
Ы – дауысты дыбыс
З – дауыссыз дыбыс
2-бөлім: «Сөйлемді жалғастыр»
Екі топ кезекпен жауап береді.
«Жұлдыз» тобына
Ұзын құлақ сұр…(қоян).
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның…(тіленбей).
Оқушының орны (парта)
«Күн»тобына
Өзі айлакер, өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу,ол не? (түлкі).
Отан – оттан да ….(ыстық)
Күндіз жоқ, түнде бар (жұлдыз)
3-бөлім : «Бір сөзбен ата»
«Жұлдыз» тобына
- Үстел, диван,орындық – ол … (жиһаз)
- Айран, сүт, май – ол … (сүт тағамдары)
- Доп, қуыршақ – ол … (ойыншықтар)
- Қоян,түлкі, жолбарыс – ол … (жабайы аңдар)
- Қозы, бұзау, құлыншақ – ол … (үй жануарларының төлдері)
- Торғай, қарлығаш, ұзақ – ол … (құстар)
«Күн»тобына
- Қасық, кесе, тәрелке – ол … (ыдыс)
- Шырша,қайың, қарағай – ол … (ағаштар)
- Көйлек, шалбар, телпек – ол … (киім)
- Инелік, мас, өрмекші – ол …(жәндіктер)
- Ұшақ, пойыз, автобус – ол … (көліктер)
- Ата, әже, әке, ана, сен – ол … (менің отбасым)
4-бөлім: «Ойлан, тап»
«Жұлдыз» тобына
- Сөйлем бас әріптен басталады. (иә)
- Құлақ – есту мүшесі. (иә)
- Әтеш сайрайды. (жоқ)
- Нағашы ата – шешенің әкесі. (иә)
- Жылқы мөңірейді. (жоқ)
- «Т» дыбысы дауыссыз дыбыс (иә)
- Төртінші күн – бейсенбі. (иә)
- Бір жылда екі мезгіл бар. (жоқ)
«Күн»тобына
- Сөздерден сөйлем құралады.(иә)
- Көз – көру мүшесі. (иә)
- Сиыр маңырайды. (жоқ)
- Ата – әкенің әкесі. (иә)
- Алтыншы күн – сенбі .(иә)
- Аптада 10 күн бар. (жоқ)
- «О»дыбысы дауысты дыбыс. (иә)
- Бір жылды төрт мезгіл бар. (иә)
Жарайсыңдар, балалар. Осымен «Зерде» танымдық ойнымыз өз мәресіне жетті.
Марапаттау.
Набиева Гулзина
Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебі