Home » Ашық сабақтар » «Зерде» интеллектуалды ойын

«Зерде» интеллектуалды ойын

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, танымдық және ойлау қабілеттерін ұштау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру,
Көрнекіліктері: слайд — презентация, нақыл сөздер т. б.
Сабақтың мазмұны:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жетелер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық.
Мұғалім: Құрметті ата — аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін 3 «Ә» класс оқушыларының білімдерін зерделейтін «Зерде» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.
Бұл ойынға 6 оқушыдан құралған 3 топ қатысады. Ойын 4 айналымнан тұрады. Топтар әр кезең бойынша қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Төртінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем берді ұландарға талапкер,
Дос көңілмен адал, аппақ ниетпен.
ІІ Таныстыру
— Ендеше сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық:
1 — топ «Ойшылдар»
Ұраны: «Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы»
2 – топ « Алғырлар»
Ұраны: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп»
3 – топ « Тапқырлар»
Ұраны: «Ақыл азбайды, білім тозбайды»
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл мықты,
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сынды.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына.
Мұғалім: Әділ — қазы алқасымен таныс болайық.
1.
2.
— Олай болса сайысымызды бастайық.

1 — айналым «Ширату» сайысы (әр топ «ия»немесе «жоқ»деп  жауап беру арқылы ұпай жинайды)

«Ойшылдар» тобы

1.Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді +

2. 5пен 5-тің көбейтіндісі 30-ға тең-

3. Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.+

4. Дүйсенбі аптаның екінші күні-

5.Табиғаттағы денелер өлі және тірі болып бөлінеді.+

6.0-ді санға бөлгенде сол санның өзі шығады-

7. і дауысты, жуан дыбыс-

  1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 3-ке бөлінеді+

9.Азайтудың компаненттері: азайғыш азайтқыш, қосындының мәні-

10.Тотықұс орман емшісі+
«Алғырлар»тобы
1. Дауыссыз дыбыстар 3 ке бөлінеді+
2.Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер тамақ, ауа, су, жарық, жылу+
3.Тік төртбұрыштың барлық қабырғасы тең болады. —
4. Көбейтудің компоненттері: көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні+
5. Судың 3 күйі бар+
6.Жұрнақ сөздің мағынасын өзгертетін қосымша+
7. Сағат, минут, секунд ұзындық бірліктері —
8. Заттың сынын білдіретін сөз табы етістік —
9. Бір жылда 4 жыл мезгілі бар+
10. Жұма аптаның үшінші күні-
«Тапқырлар»тобы
1. Зат есім  заттың атын білдіретін сөз табы. +
2. Өмірде болған адамдардың басынан өткен шығарма аңыз аталады+
3. Бір жылда 24 ай бар-
4. Жексенбі аптаның жетінші күні+
5. 9 бен 8-дің көбейтіндісі 64-ке тең.-

  1. Жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша+
    7. Тұсбағар көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.+

8.Бөлудің компаненттері: бөлінгіш,бөлгіш, айырманың мәні.-
9. Тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең +
10. 0-ге бөлуге болмайды.+
Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білем елдің,- дей отырып,

2- айналым: “Теңге алу”

Теңге алу-ертеден келе жатқан қазақтың ойындарының бірі.Бұл ойын ат спортына жатады.Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Шауып бара жатып жерден ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейіп іліп кетулері керек.Ақшаны ат үстіндегі адам иеленеді.Ендеше мұқият мына тиындарға қараймыз. Теңгелердің артында әр пәннен, сұрақтар берілген. Сұрақтарға жауап берсеңіздер сонша ұпай аласыздар.

 

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.
3- айналым: “Ойлын,тап! ” сайысы 

Әр опқа әдебиеттік оқу пәнінен шығармалардан үзінді беріледі, авторын және атауын табу керек.

1….Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ! Күлдір-күлдір кісінеп,айнала шапқылаған ала аяқты құланышақ…..

Сырбай Мәуленов «Мен елімді сүйемін»

2.Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да.

Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға.

Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру»

 

  1. …Бір күні мұғалімнің тақтаға жазған сөздерін Мағжанның үлкен ағасы Мүсілім дұрыстап оқи алмай тұрады, сол кезде кішкентай Мағжан қол көтеріп, мұғалімнен рұқсат алды да тақтаға жазылған сөздерді судыратып оқып берді.

Мағжан Жұмабаев «Ауылға  келген мұғалім»

2.Мұздай болат киінген,

Батпан қару үйірген,

Қорғап бақыт ұясын,

Тас түлектей түйілген

Ұшқыш болғым келеді!

Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді»

1.Бүйірінде «Жедел жәрдем »деген жазуы бар жеңіл машина қақпадан шығып келеді.Әне жоғары қарай бұрылып,зырлап ала жөнелді. Әлдебіреу аяқ астынан қатты ауруға шалдығып қалған болар…

Бердібек Соқпақбаев «Сен ұйықтап жатқанда»

2.Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Дихан Әбілев «Туған тілім»

4-айналым «Жұмбақ жарыс» (полиглот)

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

 

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қ анбайды адам құмары. (Білім)

Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қолбасшысы (Мұғалім)

Қырық екі жауынгер,

Сапын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер

Қауымды ел,

Сырын терең ұғады.( Алфавит)

Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

5- айналым: “Кім жылдам?” сайысы  мақал сөздің мәйегі демекші келесі айналымда мақал-мәтелдерді ары қарай жалғайды. (топ басшылар сайысы)
1. Бейнетің қатты болса,

Тапқаның ….тәтті болар.

  1. Бір тал кессең,…он тал ек.
  2. Асыл- тастан шығады, өнер -…жастан шығады.
  3. Ашу-дұшпан,ақыл-…дос.
  4. Ғылым теңіз, …. білім кеме
  5. Отансыз адам….ормансыз бұлбұл

Ән: «Болайықшы осындай»
Қорытындылау:

 

Жолекенова Алмагүл Сражадинқызы,
«№45 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалімі,
Ақтөбе қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.