Home » Мақалалар » Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауында  мемлекет Басшысы  Н.Ә.Назарбаев сегізінші  міндет  ретінде алдағы уақытта  бизнесті қайта реттеу, «бірыңғай терезе» принципі бойынша  бизнес үдерістерді цифрландыру және  бизнеске кейбір қызметтерді «бір өтініш» принципі бойынша кешенмен көрсету сияқты тиімді мемлекеттік басқаруды белгіледі.

Аталмыш міндетті іске асыру мақсатында 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап  «Электрондық үкімет» веб-порталында заңды тұлғаның  мемлекеттік тіркелуіне өтініш тапсыру кезінде  банк шотын ашу  және жұмысшыларды сақтандыру туралы келісімшартты жасау  процедуралары енгігізілді.

Аталған   өзгерістер  «Электрондық үкімет» веб-порталында  шағын және орта  кәсіпкерлік субъектілеріне  жататын  заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процессінде автоматты түрде  банк  шотын ашуға  және жұмысшыларды сақтандыру туралы келісімшартты электрондық формасында  жасауға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда банктік шотты онлайн ашуды (сауалнама толтыру алынып тасталған) және қызметкерді сақтандыру келісімшартын жасауды, ҚҚС қоюды жеңілдеткен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарландыру мен өтініштің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мөрді талап етуге тыйым салу туралы түзетудің жаңа формасы бекітілді.

Қазіргі уақытта бланктер сауалнамасы мен құжаттардың қосымшасын (сауалнамалар, штаттық кестеге сәйкес қызметкерлер тізімі) толтыру қажеттігі жоқ.

Шот ашуға қажетті мәліметтердің минималды тізімі белгіленген – бұл хабарландыруда (өтініште) көрсетілетін атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, бенефициар, басшы мен құрылтайшы туралы мәліметтер.

Электронды үкіметтің www.egov.kz порталында шағын және орта бизнес субъектілеріне кәсіпорынды тіркеген кезде бір мезгілде ҚҚС есебіне тұру, банктік шот ашу және қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру келісімшартын жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызмет жұмыс жасайды.

Бүгінгі таңда бұл қызметке екінші деңгейлі төрт банк «ForteBank», «Цеснабанк», «Халық Банкі» және «Альфа-Банк», сондай-ақ екі сақтандыру компаниясы — «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ және «Азия Life» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ қосылған.

Қазіргі уақытта қосымша 9 банк пен 4 сақтандыру компаниясын қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бұрын кәсіпкер ең алдымен заңды тұлғаны тіркеуі, шот ашу үшін банкке тіркегені туралы анықтаманы апаруы, кейін ҚҚС бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кірістер органына, сондай-ақ қызметкерді міндетті сақтандыру келісімшартын жасау үшін сақтандыру компаниясына баруы тиіс болған.

Осылайша бизнесті осындай форматта электронды тіркеу шығындарды оңтайландырып, процедуралар мен мерзімдерді айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.

Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер  мемлекеттік қызметтерді ұсынуды автоматтандыру және оңайлату процесстерін жетілдіруге ықпал жасайтыны сөзсіз. Осының салдарынан елдегі инвестициялық  ахуал жақсартылып,  бизнес салалары дамуда. Осылайша, еліміздің әлемдегі рейтингтерінде бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштерін жақсартады.

М.Есбаев
Сырдария аудандық Әділет
басқармасының бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.