Home » Мақалалар » Заңгер болу-заман талабы

Заңгер болу-заман талабы

Заңгер мамандығы – менің бала кезімнен арманым болатын. Заңгер сөзі латын тілінен аударғанда – құқықтанушы, заң орнында жұмыс атқарушы әділ адам дегенді білдіреді. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келген жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Ата-бабаларымыз айтқандай «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» -деп бекер айтпаса керек. Мамандық сөзі латын тілінен аударғанда жұрт алдында сөйлеу, жариялау дегенге саяды. Есте жоқ ерте заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмаған, әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысқан. Ерлер мен адамдар жұмысты өзара бөліп алып атқарған. Кез-келген еңбек мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, сертификатын алуыңыз керек.

Білікті заңгер болып қоғамдағы әлсіз жандар мен балаларды қорғағым келеді. Қазіргі таңдағы ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі заңгер мамандығы. Менің алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіріп белгілі бір маман иесі яғни заңгер болып ата-анама, өзімнен кіші бауырларым мен туыстарыма қамқор болып, білгір маман атану.

Заңгер мамандығы қыр сыры мол мамандық себебі еліміздің заңдарын білу, әрбір жеке тұлғаның адам ретінде құқығын шектемеу. Өзіңді және өзгені қоғамдық орындарда ренжітпеуге, өзгенің құқығын таптамауға жол бермеу керек. Ол үшін адам бірінші өзін тәрбиелеуден бастау керек. Тәрбие болмаған жерде білім алу мүмкін емес, жастардың болашағы зор болмайды ендеше бірінші отбасыда дұрыс тәрбие алған адам ғана болашаққа қадам басады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазанда халыққа жолдауы бойынша 2019 жыл жастарды қолдау жылы, ендеше осы мүмкіндік арқылы бізге зор үміт артылуда. Заңгер болу арқылы қоғамда орын алған әділетсіздіктер мен заңсыз әрекеттерге жол бермеу.

Мектебімізде тоғызыншы сыныптан бастап адам, қоғам, құқық пәнін оқу басталды. Сол күннен бастап мен өз алдыма мақсат қойдым болашақ мамандығым жайлы көз алдыма елестетіп еліміздің тұңғыш атазаңы мен оның баптарын жаттап біліп жүруді әрбір азаматтың борышы деп білемін. Адам баласы өмірге келгеннен кейін қоғамның бір мүшесі болып табылады, табиғатпен тығыз қарым –қатынаста болады, қоғамсыз адам жеке тұлға болып қалыптаспайды. Әрбір жеке тұлға қоғамның бір мүшесі ретінде қалыптасады. Ендеше сол қоғамның негізі болып қабылданғандықтан қоғамдағы әрбір азамат заңға бағынып мемлекет алдындағы өз міндеттерін атқару керек.

Тәрбие басы тал бесік деп ата-бабаларымыз айтқандай адамзат бірінші тәрбиені отбасыдан алады, өз-өзін де тәрбиелеп отыру керек үнемі өсіп даму үшін көп оқу керек. Қосымша әдеби шығармалар мен тарихи кітаптарды оқу арқылы адамның ой-өрісі өсіп дамиды, тіл байлығы мен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, сөйлесу мәнерін жетілдіреді. Заңгер мамандығына тән жантану мен әдепті осы мектеп табалдырығынан бастау алары анық. Күнделікті жаңалықтар тыңдау арқылы да қоғамдағы жалпы әлемде болып жатқан жаңалықтармен танысып отыру арқылы әлеммен қоғаммен үнемі байланыста болады. Адамзат үнемі рухани жаңғырып өсіп отыру керек. Сол сияқты заңгер мамандығы да үнемі жаңаруды көп білуді талап етеді. Өз мамандығының білгір маманы болу үшін сол салада жұмыс жасайтын адамдармен жұмыс жасап өз біліктілігін арттырып отыру қажет. Қоғамдағы адамдардың өз еріктерінен тыс немесе мәжбүрлеу арқылы өз еркінен тыс жасалған қылмыстарынан қорғап алатын адвокат немесе прокурор болу әрбір оқушының, талапкердің арманы. Сол арман соңында жүрген біздерге тарих пәні мұғалімі үнемі бағыт бағдар беріп бізді толғандырған кез-келген сұрақтарға жауап береді. Дұрыс маман таңдауымызға да үнемі ақыл кеңес беріп отырады. Қыр –сыры көп осынау заңгер мамандығын таңдап шатыспай сол салада білгір маман болып шығу, еліміздің болашағына жас талапкер маман ретінде өз үлесімді қоса алсам, Абай атамыздың айтқанындай сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан деген сөзін мен өзімнің өмірлік ұстанымым ретінде аламын. Елімізде біз сияқты қаншама жастар мен талапкерлерге зор мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалуда. Елбасымыз жыл сайын талапкерлер мен түрлі мамандықтарға жеңілдіктер мен гранттар бөлінуде сол мүмкіндікті тиімді пайдалану біздің басты міндетіміз деп ойлаймын.

Заңгер мамандығын таңдап қана қоймай оны бар жан-тәніңмен қызығып ізденіп, жұмыс жасау менің Отан алдындағы парызым деп білемін. Қорыта келгенде Мемлекет алдында заң алдында жауапкершілікті сезіну керек, заңгер мамандығын таңдау оқушының бойында жауапкершілікті сезінуіне мүмкіндік ашады. Заңгер мамандығының ыстық суығына күйіп осы салада жұмыс жасауға дайынмын деп ойлаймын. Басты міндет әрбір болашақ жас заңгерге жақсы маман болып шығу үшін тынбай оқып білім алу, сапалы білім алып оқып шықсаң ғана өз ісіңнің шебер маманы атанарымыз хақ.

Менің ұстазым заңгер мамандығымен қатар өзге де сыныптастарыма қоғамға қажетті халыққа адал қызмет жасайтын өзге де мамандықтардың иесі болуды ұсыныс жасап, сол мамандықтың шебері болу жолында бізге аямай білім беріп, болашақта біздің өмірде шатаспай өз орнымызды табуымызға бағыт –бағдар береді.

 

Төлегенова Бибігүл Бауыржановна
Қарағанды қаласы №5 ЖББОМ
11 А сынып
Масанова Фарида Темирбаена
Тарих ғылымдарының магистрі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.