Home » Эссе » Заман талабы — үштілділік

Заман талабы — үштілділік

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы  азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтін ақиқат. Себебі  көптілді меңгерген  бүлдіршіндердің алар белестері биік. Сондықтан көптілді білім берудің басты мақсаты  әр білім алушының  жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау. Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру.  Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде.  Осының бәрі күнделікті жады жағдай. Енді көптілділікті  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында халық аралық стандарт деңгейінде тиімді ұйымдастыру үлкен мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» — «Триединство языков» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды. Тілдердің үштұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді.
Елбасының бұл жоспары Қазақстанның әлемдік дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей өзіндік даму стратегиясын алдын ала  белгілеуі деп айтар едім. Президентіміз тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша дамытуға көп көңіл бөлгендігін ерекше атап өтті. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді.
Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сондықтан да «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Өз іс-тәжірибемізде балалардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. Қазіргі таңда бүлдіршіндерге компьютермен, интернетпен, интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Заман талабына сай білімді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік болып табылады.
Қорытындылай келгенде  осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз, мұғалімдер  өз үлесімізді қосуға, бүлдіршіндерге   аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысамыз. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Конырова Венера Каниевна,
Қарағанды облысы,
Абай ауданы,
Абай қаласы,
«Аққу бөбекжай» ҚМҚК
Орыс тілі маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.