Home » Жаңалықтар » Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру — заман талабы

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру — заман талабы

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Сондықтан оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін меңгертуде қатысымдық, дара тұлғаға бағдарлай оқыту және сұхбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын жағдаяттық, рөлдік ойын, шығармашылық тапсырмалар түрінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты қазақ тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін келесі стратегияларды өз сабақтарымда қолданып жүрмін: «ПОПС», «Инсерт», «Синквейн», «Кластер», «Ми шабуылы», «Венн диаграммасы» және т.б. Сабақ басында оқушылардың қызығушылығын және өткен тақырыпты қайталау мақсатында сөзжұмбақ беріп, сол сөзжұмбақтың басты сөзі арқылы сабақтың тақырыбы анықтауға болады. Сонымен қатар, сабақта кластерді толтыру, әңгіме тізбегін ретімен құрастыру, диалогты әңгімелеу сияқты тапсырмалар өткізіледі. Осы кезеңде «Сұрақтар жаңбыры» жаттығуын да өткізуге болады. Бұл жаттығу әр түрлі жастағы оқушыларға арналған. Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою дағдыларын дамытуға және сыни ойлау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Оқушыларды топтарға біріктіру керек. Оқушылар топтарда парақтарға сұрақтар жазып, басқа топтағы оқушыларына лақтырады. Сұрақ жазылған парақты қағып алған ойыншы сол сұраққа жауап жазып, ары лақтырады. Жаттығу солай жалғасады.

Сабақтың негізгі бөлімінде «Бинго 101», «Кереге диктанты», «Әңгіме тізбегі», «Коллаж әңгіме» стратегияларын қолдануға болады.

Сабақтың қорытынды бөліміне арналған «20 сұрақ», «Сұрағы не?», «Менің сөзім» стратегиялары рефлексия жасауға, оқушылардың тақырып бойынша білімдерін бағалау үшін, сабақта өткен материалдарын қорытындылау үшін қолданылады. Мысалы «Менің сөзім» стратегиясы бойынша сыныптан бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып сабақ бойынша рефлексия жасайды. Сөйтіп барлық оқушы сөйлеп болғанша жалғасады.

Осы стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың теориялық материалдардан білім алу үдерісін жеңілдетеді.

 

Айнұр Қанапина,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Қарасу орта мектебі
Қарасу ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.