Home » Балабақша » Заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері» тақырыбындағы аймақтық әдістемелік  семинар

Заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері» тақырыбындағы аймақтық әдістемелік  семинар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамытуға, адамгершілік нормаларды қалыптастыруға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуге бағытталған білім беру жүйесінің негізі болып табылады.  Соған сәйкес, әрбір педагог балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу, балалардың денсаулығы мен психикасын нығайту, әрбір баланың жағымды көңіл-күйін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізеді. Ол үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игереді. Инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін зерттейді, үйренеді.  Шығармашылық тұрғыда жан-жақты ізденісте болады.

Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен 18 мамыр күні №1 санаториялық ясли-бақшасында «Заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері» тақырыбындағы аймақтық әдістемелік  семинар өткізілді.  Балабақша педагогтары  шығармашылық ізденістерін, жаңашыл бағыттағы заман талабына сай жұмыс түрлерін көрсетті. Балабақша ауласынан бастап, ғимараттың іші толығымен тәрбиешілердің қолымен жасалған бұйымдармен безендірілген.

Аймақтық семинар апталық тақырыпқа сәйкес «Көңілді жаз» музыкалық прологынан басталып, балалардың денсаулығын нығайтуға, сауықтыру мен шынықтыруға арналған «Спорт- менің серігім»  шарасымен жалғасын тапты.

Аймақтық семинарды  Қызылорда облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Дихамбаева ашып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес білім беру процесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды.  Оның ішінде, заманауи әдістер мен технологияларды енгізу және  қолдану, сауықтыру-шынықтыру шараларын жетілдіру, робототехника үйірмелерін ашу, балалардың  іздену-эксперименттік  әрекеттерін ұйымдастыру, педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру  бойынша жаңашылдық пен шығармашылық   бағыттар семинар барысында көрсетіліп, талқыланатынын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған аудандық білім бөлімінің білім беруді дамыту секторының бас маманы  М.Төрешова аудан көлемінде атқарылып жатырған жұмыстардың маңыздылығына  тоқталды.

Семинар қонақтарына «Алдар көсе шақырады»  интерактивті театры, «Қош келдің, жаз!» кіріктірілген оқу қызметі, «Роботтар әлемінде»-дарынды балалармен жұмыс және  «Дарабоз балғындар» -шоу бағдарламасы негізінде №1 санаториялық ясли-бақшасы педагогтарының  заманауи әдістерді қолдану іс-тәжірибелері  насихатталды. Сонымен бірге, «Көңілді жаз» бейнефильмдер топтамасы, «We study English» -тәрбиешілердің ағылшын тілі үйірмесі, шеберлік мектебі, «Әрқашан күн сөнбесін»-тақырыптық газеттер таныстырылымы  ұсынылды.

Семинар соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Семинар ұсынымы қабылданды. Шығармашыл педагогтар арнайы сертификаттармен марапатталды.

№1 санаториялық ясли-бақшасы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.