10 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясының «Нет сокращению прав женщин!» тақырыбында кәсіподақ белсенділері мен жетекшілерінің қатысуымен күн тәртібіне қойылған «Әйелдердің саяси және мәдени өмірге қатысуы» мәселесі төңірегінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға қатысушыларды құттықтап сөз алған кәсіподақ ұйымының бас маманы М.Темиргалиева қазіргі таңдағы әйелдердің саяси және мәдени өмірге араласуы мен қоғамдағы орнына тоқталды. Аталмыш шараға арнайы шақырылған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Кульжанова «Роль женщин в политической жизни ЗКО» тақырыбында баяндама жасап, жалпы ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген әйелдер саясаттағы нәзікжандылар туралы өз ойымен бөлісті.
Шара барысында «Заманауи қазақ әйелінің қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында баяндамамда, БҚО бойынша білім саласының дамуына ат салысып, нәтижелі еңбек етіп жүрген әйелдер туралы арнайы фильм дайындалып көрсетілді.
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылғандай, уақыт талабына сай әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене араластырып, олардың бизнес ашып, кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік туғызу арқылы жаңа кезеңдегі қазақстандық әйел бейнесін қалыптастыруға болады деген болатын.
7-наурыз күні Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі Мемлекет басшысы Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы рөліне әр уақытта назар аударылып келе жатқанын баса айтты.
Алдыңғы қатарлы ел болуға ұмтылған қоғамда гендерлік теңсіздік және теңдік мәселесі де «ұлттық идеяны» айқындаушы факторлар қатарында. Қазақ қоғамы үшін қолдау тауып та, сыналып та жатқан кереғар пікірлердің алмағайып түсуіне ықпал етіп отырған мәселе – осы. Әйелдер мәселесі тарихи жағынан алғанда да, бүгінгі шынайы уақыт шеңберінен алғанда да бұқаралық санаға әсер ететін, қоғам дамуына да ықпалды көпшілік құбылыстар қатарында. Қазақ қоғамы үшін гендерлік саясат мәселесін ұлттың менталитетіне, елдік сананың ерекшеліктеріне қарай күштеп, таңып енгізу артық. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, қазақ тарихында, ұлт мәдениетінде, салтында, дәстүрінде әйел адамның, қыз баланың қоғамдағы орны, ең алдымен, отбасындағы орным ең қадірлі саналған.
2016 жылғы жоспарлы мерзімде саяси аренадағы әйелдер үлесі 35 пайыздан кем түспейді деген жоспар бар.
Қазіргі қазақ әйелі — қоғам мен мемлекет көркі. Әйелдер елімізде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси өзгерістерге, халықаралық-дипломатиялық жұмыстарға, қоғамның бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене араласып отыр. Олар бар күш-жігерлерін аямай ерлермен бірге өз мемлекеті — болашаққа қадам басқан, азат та жарқын Қазақстан үшін аянбай еңбек етуде.
Қай кезде болмасын қазақ қоғамында елдің дамуына елеулі үлес қосып, білімі мен білігін ел дамуына бағыттайтын қыз-келіншектер көптеп болғаны белгілі. БҚО білім беру мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің басым бөлігі қыз-келіншектерден тұрады. Солардың қатарында бүгінгі таңда еліміздің жан жақты дамуына, білім саласының өркендеуіне аянбай үлес қосып жүрген ақын А.Бақтыгереева, Парламент мәжілісінің депутаты Б.Айтимовалар, облыстағы білім саласының дамуына орасан зор үлес қосып жүрген педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің директоры, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы Саяси кеңес мүшесі, депутаттық фракция жетекшісі Шалқыма Құрманалина, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚОПҚБАИ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің, ҚР «25 жылдығы» мерекелік медалінің иегері С.С. Измуханбетовалардың қоғамдағы орны ерекше.
Қазіргі таңда елімізде білім саласына қатысты реформалар қарқынды жүргізіліп, білім мазмұнын жаңартуға қатысты көптеген мәселелер жүзеге асуда. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚОПҚБАИ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальінің иегері С.С. Измуханбетова қоғамда өзіндік орны қалыптасқан, облыс ұстаздарының біліктілігін арттыруда нәтижелі қызмет атқарып жүрген білікті басшы. Бұл да болса білім мазмұнын жаңартуға қатысты жүргізілген біліктілікті арттыру курстарының, білім саласындағы инновациялық технологиялардың қарқынды дамып, тәжірибеге енуінің басты нәтижесі.
Елбасымыз мереке қарсаңындағы Әйелдер қауымен кездесуінде Қазақ әйелдерін ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ жалғастырушы деп атап айтқан болатын. Бесік тербеткен ана мен биліктегі нәзік жандылардың басты бағыты Қазақ мемлекетінің қарқынды дамуы, Қазақ қоғамына бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу.
И.М. Бадакова
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
БҚОПҚБАИ бастауыш кәсіподақ
ұйымының төрайымы