«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады.
Оқу – тәрбие үрдісіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.
Білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасының жүйесі бойынша балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек.
Бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байанысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады.
Осы орайда әдіс-тәсілдер мен заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану жолында әріптестерім де атсалысуда. Әр сабақтың тиімді әрі нәтижелі өту үшін әр ұстаз өз шығармашылығын дамыту мен ізденіс үстінде.
Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Педагогиканың даму үдерісінде осы қазіргі кезеңге дейін мұғалім үйретуші, оқушы үйренуші, мұғалім білім үйлестіруші және орындатушы, оқушы қабылдаушы және орындаушы рольдерінде жұмыстанатын болып келді. Таңдау бұл үдерісте ешқайсысының құзіретінде болған емес. Сол арқылы, берілген материалдардың қабылдау деңгейін анықтау үшін диалог кеңінен пайланып келген тәсілдердің бірі деуге болады. Себебі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру және өзара түсіністікті арттыру үшін диалогтың маңызы зор. Мұғалім оқушыға немесе керісінше оқушы мұғалімге сұрақтар қоюының және оның жауабының берілуінің формасына қарай жұмыстың әрі қарай өрбу барысын бағыттауға болады деп есептеймін. Сұрақтың жуан-жіңішкелілігі осы жерден үлкен көрініс табады, себебі қай-қайсысының тарапынан болса да дұрыс, орынды қойылған сұрақтар оқушыны да, мұғалімді де ойландырып қоятыны сөзсіз. Тек тақырыптан ауытқымай нағыз, діңгегін ұстауға мүмкіндік беретіндей, мазмұнын ашуға итермелейтін проблема қоя білу қажет екенін ескеру қажет. Диалог сонымен қатар, оқушылар арасында да өрбуі мүмкін. Бұл арада жоғарыда аталған қатынастар негізінде бағытталады.
Келесі тамаша жаңа педагогикалық әдіс бұл -топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді. Яғни, топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу, проблемаларды шешу және топ ішінде шығарманы жан-жақты талдауға көмектеседі.
Оқу процесінде қолдануға тиімді ойындардың маңызды түрлерінің бірі:
1. Рөлдік ойындар
2. Іскерлік ойындар
3. Имитациялық ойындар
Рөлдік ойындар –тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Педагогика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым көпшілігі оқу/оқытудың ойын әдістердің кәсіби дамыуды қамтамассыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептеледі. Өйткені іс-әрекет арқылы үйрену/үйрету –танымның тиімді тәсілі екендігі баршаға аян; адамның жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік ойындар оқушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолдарымен» жасауды меңзейді. «Ойын» сөзі сабақта инсценировканың орын алып, әрекеттердің спектакль түрінде көрсетілетіндігін меңзейді.
Іскерлік оқу ойындарында қандайда бір сценарий ауқымында рөлдерді өзара бөлісіп зерттеу жұмыстарын жүргізу және деректерді талдау арқылы нақты практикалық мәселелерді бірлесе отырып шешеді. Оқу ойындарының сценарийлері тақырып ауқымында болып, күрделі мәселеерді ойын тұрғысынан «ойнап» шешуге ағытталады.
Имитациялық ойындар дегеніміз адамдардын қалыптан тыс /экстремалды/ жағдайлардағы әрекетерін анықтайтын өмір сүру ортасынан үлгісін /модель/ құру. Мұндай жағдайлар қатарына «жан-жал», «әуе апаты», «жер сілкінісі» «жау тылында», «робинзон»секілді оқиғаларды жатқызуға болады.
«Алдын ала берілген атаулар» – сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау /терминдер/ жазып қойып, оқушыларға олардың мағынасы, мақмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануы керек. Бұл жұмысты оқушылар жеке, жұппен нмесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша /соңғысы тиімдірек/ орвндауы иқтимал. Содан кейін бірнеше оқушының ойы мен пікірі тыңдалады.
«Үш қадамды сұқбат»-тақырып бойынша оқушылардың бір-бірінен кезектесіп интервью алу тәсілі. Бұл тәсіл «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою»
Тәсіліне ұқсас, алайда мұнда басты назарды жауапқа аудару керек.
«Төрт сөйлем тәсілі» – сабақ соңында қушылар өздерінің түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін бағалау үшін мынадай тапсырмаларды орындайды:
1 пікір.
Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін /негізгі идеясын/ бір сөйлеммен келтіру керек.
2. дәлел.
Келтірілген өзіндік пікірі бар сөйлеммен дәлелдеп шығу керек. Дәлел дегеніміз ұстанған көзқарасты логикалық тұрғыдан дәйектеу, негіздеу.
3.мысал.
Енді келтірілген өзіндік пікірді тағыда бір негізден кету үшін бір сөйлеммен мыса келтіру қажет. Мысал, өмірден, практикадан алынуы керек; ақпарат көздеріне немесе көп тараған пікірлерге сілтеме жасау, практикада орын алған үрдіс, басқа адамдардың пікірі;
4.Қорытынды .
Өзіндік пікірді тағы бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.
Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі. Қазіргі уақыт бүкіл адамзат қоғамының ғылыми – техникалық үрдіс пен өркениеттің даму кезеңіне бет бұрған уақыт деп есептеймін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы »
2. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А. Әлімов Алматы2013
3. Оқудың иновациялық әдістері оқу әдістемелік құрал Cманқұлова Ж., Саметова Ф. Алматы-2014
Джаксылыкова У.С.
«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ Ф Жамбыл облысы бойынша
ПҚБАИ, ИТжЖҒ(Г)ПО кафедрасының аға оқытушысы
Исмайлова М,
Жамбыл ауданының А.Айтиев атындагы о\м
орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі