Home » Мақалалар » Заманауи педагогтың ақпараттық құзыреттілігі

Заманауи педагогтың ақпараттық құзыреттілігі

Ертеңгі күннің бүгінгіден де гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Білімді болумен қатар ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында өз біліміңді қажетіңе пайдалана білу – өте маңызды.

Ақпараттық құзыреттілік айрықша назар аударуды қажет етеді. Себебі ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игеру әр маманнан талап етіледі.

Заманауи педагог-мультимедиялық, электрондық, жалпы ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс.

«Ақпараттық  сауаттылық» дегеніміз сан алуан ақпараттық ағынның ішінде, өздігімен ғаламтор ішінде мәліметтер — нысанын жасай білу.

Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің басты көрсеткіші-оқушының өздігінен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру. Ал мұғалімнің негізі міндеті-оқушын білімге өз бетінше ізденіске және шығармашылық іс-әрекеттерге баулу болып табылады. «Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай, әрбір өткізілген сабақ оқушының  жүрегінен орын алатындай, жақсы істерге жетелейтіндей  ұйымдастырылуы керек. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктері түрліше. Сондықтан олардың жас ерекшеліктері мен әр оқушының жеке дара ерекшеліктеріне сай материалдарын игертуде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің нәтижесінде оқыту сапасы артады.

Әр оқушының шығармашылығын дамыту, яғни оқыту барысында оқушыны мәліметтермен өзіндік жұмыс жасауға үйретуде «Bilimland», «Imektep»сайтындағы интерактивті сабақтардың дайын  нұсқаларын қолданамын.

Ал технологияларды қолдану ұстаздарға білім беру тиімділігін арттырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тудыруға мүмкіндік береді.Мысалы:математика пәні бойынша «Bilimland», «Imektep» сайтындағы тапсырмалар оқушының  қызығушылығын арттыруға себеп болады, пәнге деген танымал қызығушылығын, оқу белсенділігін арттырады. Ақпараттық  технологияларды сабақта жиі қолдану басқа пәндермен пәнаралық байланыс жасауға,сабақта көрнекілікті ұтымды қолдануға септігін тигізеді. Ақпараттық технологияларды қолданған мұғалім оқулықтағы тапсырмалармен байланыстырады, сондықтан бұл оқушылардың білім сапасына жақсы әсер етеді.

Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып,тақырыптарды терең меңгертуге болады. Мысалы: математика пәнінен «Екі таңбалы сандар» тақырыбын түсіндіру барысында «Bilimland» сайтындағы тапсырмалар арқылы амалдардың компоненттерінің атауларын жақсы есте сақтауларына, танымдық қабілеттерінің дамуына септігін тигізеді.

Жаратылыстану пәні бойынша «Глобус», «Магнит» тақырыптарын өту барысында мультимедиялық өнімдерді,«Imektep» сайтындағы тапсырмаларды сапалы қолдану арқылы,мұғалім білім берушіден бағыттаушыға, ұйымдастырушыға айнала алады.

Жұппен жұмысты ұйымдастыруда «Imektep» сайтынан алынған ақпараттық сипаттағы тапсырманы орындау барысында,оқушылардан төмендегідей әркетті талап етеді:

  • Нақты практикалық тапсырманы орындау үшін қандай ақпарат керектігін анықтау;
  • Мәтіндегі ақпаратты анықтау;
  • Жетіспейтін ақпарат орнын толықтыру;
  • Табылған ақпараттар негізінде шешім қабылдау және ситуация құрастыру.

Қазіргі білім алу үрдісі оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету мүмкіндігін алға тартады. Осындай талаптар оқушыны мәліметтер, ақпараттар арқылы өздігімен жұмыс жасауға қалыптастырады. Ақпараттарды іздеу арқылы оқушылар  пәндік және жобалық технологиялармен жұмыс істеу қабілеттері дамиды.

Жалпы қолданылыстағы бағдарламалар: Microsoft Word,Microsoft Excel, Microsoft Power Point, Microsoft Front Page, Microsoft Publisher Adobe, Photoshop және басқаларын сабақ барысында кез келген пән мұғалімі көрнекілік ретінде, бақылау тестілері, оқушылардың шығармашылық өнімдері ретінде қолдана алады. Оқыту барысындағы қолдану аясы өте кең. Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы үлкен шамадағы көрнекіліктер жасауға болады, осы бағдарламалар арқылы жасалған көрнекіліктерді жиі пайдаланамын.

Құзыреттілік педагогтың ақпараттық теориялық және сауаттылық негіздерін көрсетеді. Мысалы, еркін сөйлеу, кәсіби қажетті ақпаратты білуге, өңдеуге, оқушылармен өзара қарым-қатынасы және т.б.

Қазіргі заманғы мұғалімге мынадай ақпараттық құзыреттілікті жатқызуға болады.

  • Интернет технологиялары арқылы өзіндік жұмысты ұйымдастыруды білуі.
  • Базалық – компьютерлік сауаттылығын ашу үшін базалық білім, білік пен дағды жинақталады; ақпараттық технологияны төменгі деңгейде пайдаланады (электрондық түрдегі ақпаратты құру, өңдеу, көшіру, сақтау, тасымалдаудың қарапайым тәсілдерін, ақпаратты презентациялық технология құралдары арқылы береді, Интернеттен ақпарат іздеу, желілік қарым-қатынас жасау, кездескен мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдайды).
  • Практикалық (кәсіби) – ақпаратпен жұмыс жасау үшін жаңа құралдар жасауды меңгереді.

Сондықтан өз ісінің маманы болуымен қатар, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан – жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.

 

Амиртаева Мейрамкуль Нурмухановна,
Қарағанды қаласы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
№41 мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»
  2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2010

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.