ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Қазіргі заман талабына сай білім беру ұйымдарында жаңа бетбұрыс кеңінен орын алуда. Бүгінгі жас ұрпақтың алдында әлемдік стандартқа негізделген білім алу жауапкершілігі тұр. Ұстаз шәкіртінің жеке дамуын қамтамасыз етуде үнемі ізденісте болу қажеттілігі айқын көрінеді. Мектеп бітіріп шыққан түлек өзіне сенімді, білімді өздігінен іздене алатын, өз елінің патриоты болатын, тез тіл табыса алатын болуы тиіс. Сондықтан қоғам әрдайым мұғалімдерге жоғары талаптар қояды, сол талаптардың бірі – бүгінгі ұстаздар қауымына оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру, рухани өсуіне жағдай жасау міндеті тұр.
Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»-деген. Осы қағиданы ұстана отырып, мектебіміздің директоры Сапаркулова Зарета Халиловна әрқашан ізденісте жүретін, шығармашыл көшбасшы ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда мұғалімдердің сабақтарында заманауи білім технологиялары мен әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануды қолға алды. «Ақылды басшың болса, адаспассың» дегендей, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда, интербелсенді әдістер мен жаңа технологияларды сабақтарға енгізе отырып, азды-көпті тәжірибе жинап, нәтижесін көріп келеміз.
Осыған орай, Шымкент қаласы білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығы мен Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектеп ұжымы 2017 жылдың 28 наурызында «Заманауи білім технологияларын тиімді қолдану – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың кепілі» атты қалалық семинар өткізді.
Семинарға қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Досыбаев Нұрмұхамет Маратович, ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Сражиева Гаухар Мухиддиновна, ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері, қала бойынша үйлестірушілер: Әл-Фараби ауданы бойынша — Сүлеймен Айтбай, Абай ауданы бойынша — Нарбаева Роза Акимовна, Еңбекші ауданы бойынша – Салибекова Мадина Шанабековна, Қаратау ауданы бойынша – Умарова Бикен Хусаиновна қатысты. Семинарға барлығы 141 адам, соның ішінде 5 мектеп директоры, 98 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (координаторлар), 9 әдістемелік бірлестік жетекшісі, 29 мұғалім қатысып, тәжірибе алды.
Семинардың ашылуында мектеп директоры Сапаркулова Зарет Халиловна өз сөзін белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»-деген сөзімен бастады. Өзінің І деңгейлік курстан және мектеп басшыларына арналған 9 айлық курстан өткенін, ал тәжірибе жүргізу барысында әріптестерді оқыта жүріп – өзі оқығанын, үйрете жүріп – өзі үйренгенін, дамыта жүріп – өзі дамығанын айтты. Басшының рөлі тек басқару ғана емес, әріптес есебінде қолдау көрсету, көмектесу, ұжыммен бірлескен жұмыс түрлерін атқару жақсы нәтиже беретіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, мектепішілік «Нұр» желілік қоғамдастық құрылғанын, ал 27 ұстаздың І,ІІ,ІІІ деңгейлік курстан өткендігін, олардың мектепті дамыту жоспарын құрып, бүкіл ұжым бірлесе отырып мектеп тәжірибесіне жаңа өзгерістер енгізіп, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолданып коучингтер, шебер сабақтар, тренингтер, ашық сабақтар өткізіп жатқаны туралы айтты. Сонымен қоса білім сапасына, оқу- тәрбие, спорт, шығармашылық жетістіктеріне тоқталды. «Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу — мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей»,-дей отырып, мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізіліп, жаңартылған білім мазмұнын іске асыру мақсатында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтсе, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Н.М. Досыбаев өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету керек екенін, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылатынына тоқталды.
Семинардың бірінші бөлімде тарих пәнінің мұғалімі З.К. Бейсебаева «Степная земля бесконечна, как время», география пәнінің мұғалімі Ш.А.Мамаева «Материктер сыр шертеді», 1-сынып мұғалімі Б.К. Айтбаева сауат ашу пәнінен «Ас – адамның арқауы», геометрия пәнінің мұғалімі А.Т. Тургунбаева «Площади фигур» атты ашық сабақтарын өткізсе, бастауыш сынып Л.П. Галич мұғалімі «Математика. Устный счет. Работа с картами самооценивания», 1-сынып мұғалімі М.Б. Кужабаева «Внедрение полиязычного образования в начальной школе» атты тақырыптарда оқушылар мен мұғалімдер арасында мастер-класс өткізді. Барлық мұғалімдер сабақ барысында оқушылармен жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып жатқанын тәжірибе жүзінде көрсетті.
Екінші бөлімде мектептің деңгейлік курстарын оқыған сертификатталған мұғалімдер «Сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдану арқылы оқу сауаттылығын қалыптастыру» (Усипбекова А.А., Бейбитбаева С.Е.), «Функционалдық сауаттылықты дамытуда нәтижеге бағытталған білім беру» (Айпеисова Б.М., Онгарбаева П.О.), «Грамотность чтения как компонент функциональной грамотности» (Мун Э.М., Шонанова Ж.Б.) атты коучингтер өткізді. «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасының мәселелерін іске асыру бойынша жұмысты мектеп тренерлері З.М. Курманбаева мен Н.В. Марасанова ұйымдастырды.
Үшінші бөлімде шығармашыл мұғалімдердің дарынды оқушылармен жұмысы көрсетілді. Бастауыш сынып мұғалімдері А.Н. Свириденко, Н.Н.Чиркина, И.П. Дерюгина «Структура научно-исследовательской работы в начальной школе» атты айдармен бастауыш сынып оқушыларымен ғылыми жобалармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Тарих пәнінің мұғалімі Г.Е.Дүйсенбаева тарих пәнінен, У.Р. Султанова физика пәні бойынша жасалған оқушылардың ғылыми-техникалық жобаларымен таныстырды.
Төртінші бөлімде мектеп координаторлары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары П.Д. Цатышаева мен мектеп мұғалімі З.К. Абдуллаева «Критериальное оценивание в рамках содержания обновленной программы в 1-х классах» атты коучинг өткізіп, жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасы бойынша 1-сынып оқушыларын критериалды бағалау нәтижелері туралы және негізгі құжаттармен таныстырды.
Ұйымшылдығы мен бірлігі артқан ұжымның ұйымдастыруымен өткізілген семинар сәтті өтіп, мұғалімдермен кері байланыс алынып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Ұстаздар семинардан өздеріне құнды мәліметтер алғандарын айтып, Сапаркулова Зарета Халиловна басқарып отырған мектеп ұжымының әлі де көптеген белесті бағындыра беретініне сенімдерін білдірді.
Ораз Жандосов атындағы №30
жалпы орта мектеп ұжымы