Home » Мақалалар » Заманауи білім – кемел келешек кепілі

Заманауи білім – кемел келешек кепілі

 

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап,міндеттер қойылуда.Сондықтан мектепте мұғалім әдістемесі жаңаша талап тұрғысынан ұйымдастырылып келеді.  Жаңа білім мазмұнына сай мектептің  даму жоспары құрылды. Даму жоспарда жаңа білім мазмұнын игерудің басты басымдықтары көрсетілген.  Мектеп тәжірибесіне енгізілген өзгерістің тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін қоғамдастық мониторингісін жүргізуде, желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Сондықтан да, «Серпін » желілік қоғамдастығында тірек мектеп 4 мектеп-гимназиясымен бірге 7, 54,55. мектептермен бірігіп өзара тәжірибе алмасып келеміз. Мектебімізде «Жалын» желілік қоғамдастығы жұмыс жасап жатыр. Қоғамдастықтың тақырыбы: Жекелеме жұмыс арқылы табысты оқытуға жағдай жасау».Мақсаты:  Бағдарлама идеясы негізінде тәжірибе бөлісу мен алмасуға бағытталған орта құру. Әдіс-тәсілдерді ықпалдастыра қолдану,талдау нәтижесімен бөлісуді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже: оқытудағы жаңа идеяларды ұсынады,оқыту үшін бағалауды іс тәжірибеге енгізе отырып, оқушы мотивациясын арттырады.іс-тәжірибе барысында туындаған өзекті мәселелер бойынша ке­ңес беру және тәжірибе алмасу. Міндеті:  Бірлескен коучинг, тәлімгерлік жұмыстар арқылы мұғалім көшбасшылығын дамыту. Бағдарлама идеясын тәжірибеге енгізуге қолдау көрсету.

Табысты кәсіби қоғамдастық — қоғамдастық мүшелерінің жігерлі,әрі табанды жұмысының даму үрдісі болып табылады. Қоғамдастық жұмысының  барысы

3 бағытта қамтылған. 1.тәлімгерлік,2. іс-әрекет,3. тәжірибе алмасу . Сондай-ақ, мектептің қызметін жетілдіруде, бірлескен іс-әрекеттер жоспарлап өткі­зуге, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы аясында оқуға бастама жасап, оны жүргізу мақсатында 1. Басқарушы топ ( мектеп басшысы, 1 деңгейді меңгерген мұғалімдер. 2. Үйлестіруші топ ( директор орынбасарлары, 2 деңгейді меңгерген мұғалімдер. 3 Дамытушы топ ( 3 деңгейді меңгерген мұғалімдер мен тәлім алушылар  құрылды.). Сонымен қатар, мектеп психо­логі және мектеп кітапханашысы да жоспарлы жұмысқа  жұмылдырылуда. Білім берудің жаңартылған  мазмұны бойынша мектептегі  42 мұғалімнің ішінде 21 мұғалім  біліктілік арттыру курсынан өтті. Жаңа білім мазмұны курсын бітірген  пән мұғалімдері 50 %.Сонымен қатар, деңгейлік бағдарламары бойынша 11 мұғалім біліктілік курсынан өтті. I деңгейлі  5 мұғалім, II деңгейлі 4   мұғалім,  III деңгейлік курстан өткен  — 4 мұғалім бар.     Қалған 31 мұғалімге  мектеп тренері Бекбаева Айгуль Батырболатовна үшінші (базалық ) деңгей  бағдарламасы бойынша оқыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел — уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір — көзқарастары жүйелі  оқушы ретінде қалыптасуын көздейді. Сондықтан да тренер осы мақсатты талапқа сай жүзеге асыру үшін, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетуге ат салысып келеді.

Қазіргі таңда үштілдікті игеруде жаңа заман талабы болып отыр. Осыған орай,

«Билингвалды Пән мұғалімі» бағдарламасының В1 деңгейіндегі ағылшын курсында

физика-математика пәні мұғалімі Шакир Р.Л, биология пәні мұғалімі   Касымбекова А.А, информатика пәні мұғалімі  Дәнебеков М.Ж біліктіліктерін арттырып келіп, өз тәжірибелерін сабақ барысында тиімді пайдаланып келеді. Сонымен қатар,

«Straightforward Beginner» Level A1  «Straightforward Elementary» Level A2  курсынан

Физика-математика пәні мұғалімі  Жапабаева А.А, химия пәні мұғалімі

Тлекеева Г.Т, Информатика, өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жунусова Г.К  өтіп, В1,В2 деңгейі  бойынша біліктіліктерін арттыруды жалғастырмақшы.

Барлық мұғалімдер сабқатарын қазіргі жаңа талаппен,жаңаша көзқараспен өткізуде. Топтық жұмыс, Жұптық жұмыс,жеке жұмыс, бағалаудың түрлеріне оқушылар талапқа сай деңгейде қалыптасып,дағдыланған. ТЖБ,ББЖ бойынша туындаған мәселелерді, әдістемелік кеңестерде ДОІЖ орынбасары Сулейменова Д.Ж, Ахметова З.И,мектеп үйлестірушісі Нурпеисова М.Е және қоғамдастық мүшелерімен  талқылап, оңтайлы жолдарын тауып, өзара тәжірибе алмасып, жаңашылдық жолындағы қиындықтарды бірлесіп шешіп келеміз.

Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып, әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық курсын таңдады.

Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. Педагог мамандар заман ағымына қарай күрделене түсетін кәсіби міндеттерді шеше алатын және соған сай әрекет ете алуы керек.

Өйткені мектеп – үйрететін орта, оның жүpегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қoғамдағы жaңа фopмация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Наpық жағдaйындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім бeру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Қазақстандағы білiм бeруді дaмытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықарaлық рейтингілeрдегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуi, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерicтер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгiні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылаp қауымының деңгейіне байланысты. Қорыта айтқанда, жаңа форматтағы қазіргі мұғалім білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруін, білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жасалуын, білім беруді басқарудың тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, өзі де белсенді түрде оларды жобалай алуы керек.

 

Мендесбаева Гүлзира Жайлаубекқызы
 Астана қаласы,
№42 орта мектеп
директордың ғылыми-әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.