Жуырда Алматы қаласы, Бостандық ауданы № 165 лицейде «Рухани жаңғыру құндылықтарын заманауи білім беру мазмұнындағы бағдарлама аясында іске асырумен тәжірибе» атты аудандық семинар өтті. Семинарға қатысушылардың қатарында: Бостандық ауданы бөлімінің әдіскері Тасмағамбетова Б.К., Қ.Р Білім беру саласының Құрметті қызметкері, «Халық ұстазы»төсбелгісінің иегері,№ 105 гимназиясының қазақ тілі пәнінің мүғалімі Нүсіпқожаева Н.Н, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің қоғамдық бірлестік жетекшілері және №51 мектеп-гимназиясының қазақ тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі Берекенова А. С. болды.Мектептің өз ішінде қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдері өз баяндамаларын оқыды.Атап айтқанда, Скакова А.Б,Есжанова С.А; Айта кетелік,лицей басшысы Ошанова Құралай Еренғайыпқызының ұйымдастыруымен өткен семинар сәтті өтті.Лицей ұстаздары Карымсақова С.О «Атақты спортшылар»тақырыбында жоғары сынып білімгерлері үшін тиімді оқу үрдісімен әдіс-тәсілдерді ұсынды. Кужахметова Н.К «Алтын адам»-сақ дәуірі мәдениетінің естелігі» тақырыбында үш тілділікті дамыту әдістеріне тоқталды, Мұзапарова Б.Қ «Майкл Х.Харт. «А.Эйнштейн» тақырыбынд тілдік дағдыларды дамыту барысында,Есжанова С.А Мағжан Жұмабаев « Мен жастарға сенемін» тақырыбында ашық сабақ өтіп бойды сергітетіндей серпін қалдырды.Келген қонақтар ой білдіріп,алғыстарын жаудырды.Берері көп болған, Бостандық ауданының жоғары біліммен,білімді ұрпақты бірінші орынға қоятынына кәміл сеніп қайттық.
Жадыра Бағашар
Білім айнасы
Алматы қаласы