Home » Айтарым бар » «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

       2016 жылдың 28-30 маусым күндері Астана қаласында Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылындағы іс-шаралар Желілік кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Заманауи білім беру ресурстары және білім беру жүйесінің тиімділігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

            09 DSC_0232

       Конференцияның мақсаты — ғаламдық тұжырымдамалар әлемдік трендтерді және олармен байланысты міндеттерді, білім мазмұнын жаңарту аясында білім сапасын арттырудың, заманауи оқу әдебиеттері мен оқытудың ақпараттық құралдарын қолданысқа ендірудің өзекті мәселелерін талқылау.

           Конференцияда қазақстандық және шетелдік ірі баспалар мен ғылыми-практикалық орталықтардың «Жаңа ақпараттық білім беру ресурстары және ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту» атты көрменің тұсаукесері ұйымдастырылып, шеберлік-кластар өткізілді. Диалогтық алаңдарда жаңа әдіснамалық көзқарастар, білім беру ресурстарының өзгерісі, жаңа парадигмаға өту аясында оқу құралдарын әзірлеу және олардың сапасын бағалау мәселелері талқыланды.

           Конференцияда биылғы жаңа оқу жылында қолданысқа енгізілетін 1- сыныптың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің таныстырылымы бойынша авторлардың бастауыш мектеп мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған брифинг ұйымдастырылды. Оқу әдебиеттерінің авторлары мен сарапшыларына арналған оқыту курстары мен тренингтер өткізілді.

          Конференцияға Ұлыбритания, Канада, Венгрия, Греция және Ресей Федерациясының жетекші ғалымдары мен ірі баспа өкілдері қатысты. Сонымен қатар, конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері, білім басқармалары мен білім бөлімдерінің өкілдері, оқу басылымдарының авторлары мен сарапшылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің, орта білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары, біліктілікті арттыру жүйесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

           Қостанай облысынан халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға 22 білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

          Халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан  қатысушылар мол әсер алды. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Науырзым ауданы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі және бастауыш сынып әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызы қатысты. «Заманауи білім беру ресурстары және білім беру жүйесінің тиімділігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін сертификат табысталды.

Қанымкүл Әлібекқызы,

Қостанай облысы, Науырзым ауданы

білім беру бөлімінің әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.