Home » Бес сауал » ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘН МӘТІНДЕРІ, ЖАҢАША БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘН МӘТІНДЕРІ, ЖАҢАША БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 70 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мен  отандық білім беруді модернизациялаудың өзекті бағыттарын айқындай отырып  педагогикалық ғылым мен  тәжірибені кіріктіру арқылы білім беру саласындағы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру мақсатында «Қазақстандық жаңа білім беру моделі контекстінде біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялаудың өзекті бағыттары»  тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференциясы  институттың операциялық жоспарына сәйкес ұжым басшысы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызының басшылық жасауымен ұйымдастырылды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы басқармасынан, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша білім беру басқарма басшылары, облыс, қала әкімшіліктерінің жоғары оқу орындары, аймақтық біліктілікті арттыру институттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, институт ардагерлері және ұстаздар қауымдастығы қатысты. Шақырылған қонақтар конференция басталар алдында арнайы ұйымдастырылған іс-шара жоспарына сәйкес қара шаңырақ алдына шырша ағаштарын егуден бастады да, облыстағы үздік балабақша мен білім беру ұйымдарының көрмелерін тамашалады.

1

2 3

 Конференцияның ашылу салтанатында алғашқы болып құттықтау сөз «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының басқарма төрағасының оқу-ісі және әдістемелік қамтамасыз ету департаментінің директоры Иманбекова Бахытгуль Ильясқызына беріліп, қазіргі таңда атауы өзгертілген мекеме қызметкерлеріінің игі істерін атап, басқарма тарапынан алғысын да білдіріп өтті. Сонымен қатар Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Бурханов Ержан Мырзаханұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің оқу-ісі және ақпараттық технологиялар бойынша проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Байболов Қанат Сейтжанұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің директоры Бекбергенова Гаухар Алпысбайқызы өз құттықтауларын мерейтой иелеріне арнады.

4

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызы «Тарихы терең, келешегі кемел білім ордасына 70 жыл» тақырыбында жасаған баяндамсы институт тарихынан сыр шертті.  Биік белестерді бағындарған осы жылдар ішінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінде тәрбиелік және заманауи педагогикалық технологияларды білім беру жүйесіне ендіру және таратуда институттың еңбегі орасан екендігін және тамыры тереңге кеткен тарихында институттың тәуелсіздік алған жылдары педагогикалық технологияларды оқу үдерісіне енгізуде республика көлемінде бірінші болып халықаралық деңгейдегі педагогикалық технологиялар авторларын шақырып ұлттық білім беруді дамытуда тың өзгерістердің бастамашысы бола білгендігін атап өтті.

      Осы орайда киелі білім ордасын басқарған  ардагер ұстаздарға арнап, институттың жеткен жетістіктері мен алған асулары  қажырлы еңбектеріңіздің арқасы, осыншама  асқақ абыройға жетуі Сіздерден бастау алады деп, өз лебізін ұжым атынан жеткізіп, бүгінгі барлық құрмет, біздің жылы құттықтаулар мен игі тілектерді арнайтындығын паш етті.

       Осындай мақтау, мадақтаулар иелері ұстаздың ұстазы болған ардагерлеріміз, атап айтқанда: 1982-1986 институтты басқарған Шойбеков Үсен Шойбекұлы, 1999-2007 жылдары аралығында институтты басқарған Бектенғалиева Сәния Хайруллақызы, 2011 жылы директорлық қызметін атқарған Айтбаев Бақберген Қожамбердіұлы, Облыстық білім  басқармасының  басшысы болған Байғұт Нышан Тасболатұлы және сонымен қатар Қалалық білім бөлімінің меңгерушісі Тәжиева Жанат Арысбекқызы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, педагогтердің біліктілігін арттыруда педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу көрсетіп, аянбай еңбек етіп жүрген ұжым қызметкерлеріне шығармашылық табыс тіледі. Келген қонақтар мерейтойлық салтанатты бағдарламаға сәйкес, ардагерлердің білім беру саласында қосқан үлестерін арнайы бейнебаянды тамашалап,  тарих белесінен сыр шерткен әрбір сәтті еске түсіріп, марқайып қалды.

6

Конференцияның келесі бөлімінде  5 секция жұмыс жасады. Атап айтқанда «Жаңартылған мектеп жүйесіне үштілді блім беруді енгізудің тиімді жолдары», «Білім мазмұнын жаңғырту жағдайында білім сапасын бағалаудың жаңа бағыттары мен болашағы», «Білім берудің мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайында ұстаздарға психологиялық-педагогикалық қолдау», «Заманауи білім берудің мәнмәтіндері, жаңаша басқару мәселелері», «Қазақстандағы білім беру жүйесінің даму болашағы».

7

         Институттағы  «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасы білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен «Заманауи білім берудің мәнмәтіндері, жаңаша басқару мәселелері» тақырыбында секция жұмысын жалғастырып, Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының мақсат, міндеттеріне орай білім ұйымдарын басқарудағы жаңа бағыттар мен жаңаша білім беру мәселелері жайлы кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы сөз ете келіп, тақырып өзектілігін аша түсті. Дәл осы уақытта өз біліктіліктерін курста арттырып жүрген бірқатар баяндамашылар, атап айтқанда: Қыстаубаев Абдихалык Рахматуллаевич — Сарыағаш ауданы, №55 О.Жәутіков атындағы жалпы орта мектеп директоры «Бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру», Сабиров Жомарт Абдакимович — Сарыағаш ауданы, Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектеп директоры «Жаңаша білімге-жаңаша көзқарас», Убайдина Гулжан Турарбековна — Мақтарал ауданы, «Жеңіс» мектеп-гимназиясының  директоры «Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асырудағы көшбасшылық және басқару», Мырхеева Фарида Кенесовна — Шымкент қаласы, №6 Баласағұн атындағы жалпы орта мектеп директоры «Желілік қауымдастық- мұғалім құзыреттілігін арттыру құралы», Кадеева А.С. — Шымкент қаласы, №8 мектеп-гимназиясының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Эффективные пути внедрения трехьязычия в систему обновленного школьного образования», Сандыбаев Е.Б. — Төлеби ауданы, Қаратөбе  жалпы орта мектебінің психологы «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін оқу үдерісінде психологиялық қолдау», Ержанова Г.Д. – Шымкент қаласы, №1 Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары «Внедрение обновленного содержания образования- веление времени» тақырыбында баяндамаларын оқыды.

Секция барысында тыңдалған баяндамалар мазмұнына сәйкес, білім беру ұйымдарының басшылары алдағы уақытта жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жаңаша басқарудың түрлі әдіс-тәсілдерін зерделеп, әр басшының басқару құзыреттілігін арттыруды көздейтін іс-шараларды ұйымдастырудағы тәжірибелері ортаға салынып, сараланды.

Секция жұмысында құнды баяндама жасаған мына төмендегідей баяндамашылар:

  1. Қыстаубаев Абдихалык Рахматуллаевич- Сарыағаш ауданы, №55 О.Жәутіков атындағы жалпы орта мектеп директоры.
  2. Сабиров Жомарт Абдакимович- Сарыағаш ауданы, Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектеп директоры.
  3. Убайдина Гулжан Турарбековна-Мақтарал ауданы, «Жеңіс» мектеп-гимназиясының директоры.
  4. Мырхеева Фарида Кенесовна- Шымкент қаласы, №6 Баласағұн атындағы жалпы орта мектеп директоры.
  5. Кадеева А.С. — Шымкент қаласы, №8 мектеп-гимназиясының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
  6. Сандыбаев Е.Б. — Төлеби ауданы, Қаратөбе жалпы орта мектебінің психологы.
  7. Ержанова Г.Д. –Шымкент қаласы, №1 Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары институт директорының алғыс хатымен марапатталды.

Нәтижесінде конференцияға қатысушылардың еңбектері ІІ томдық жинаққа еніп, барлық қатысушыларға сертификат берілді.

8

Өзінің 70 жылғы шежірелі тарихында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ОҚО бойынша Педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты оңтүстік өлкесіндегі ұлы да ұлағатты маман иелері саналатын  педагог қызметкерлердің білімін жетілдіріп, еліміздегі жас буынды, өскелен ұрпақты  тәрбиелеу мен  білім беру жүйесін дамыту ісінде өзіне лайықты орын иеленіп келеді.

         70 жыл –  бір азаматтың толыққанды өмір сүрген жасы. Олай болса тарихы мол,  талай шыңдардан аянбай тер төгіліп еңбек еткен жылдарға, өткен шаққа қайта шолу бүгінгі күнге ғибрат болып қала бермек! Жылжып жатқан әрбір жыл, әрбір күн өзіндік ерекшелігімен  заманауи жаңалықтармен толығуда.  Әрине қай елде, қай қоғамда болмасын ол елдің өркендеуінде бірінші кезекте білім саласы қызметкерлерінің еңбегі бағаланары анық. Білім сапасы — өмір сапасының негізі. Дамыған, бәсекелестікке қабілетті 30 елдің қатарында, тұғыры биік тәуелсіз еліміздің білім беруді дамытуға арналған реформаларын жүзеге асыруда,  ынтымақпен табысты еңбек ете берейік!

 

Жангабулова Анар,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
АҚ филиалы ОҚО бойынша Педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, тренер

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.