Home » Сценарийлер » Ж. С. МанатоваА. Б.Тлеужанова Отбасы дәстүрі

Ж. С. МанатоваА. Б.Тлеужанова Отбасы дәстүрі

әдіскер Ж. С. Манатова
қазақ тілі мұғалімі А. Б.Тлеужанова
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы
№ 18 «Мирас» балабақшасы

Мақсаты:  Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.
1.Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсетуге  үйрету. Балаларға қазақ халқының салт — дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін     ұғындыру халық өнегесін үйрету.             2.Ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасының жүйелері, танымдық ойындар арқылы  сөздік қорын  дамыту.
3.Тәрбиенің ең тамаша жері — отбасы екенін, олардың қазіргі бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, киіз үй, ұлттық бұйым көрмелері.
1 — жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 — жүргізуші:
Қазағымның салт — дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрің  ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
1 — жүргізуші:
Өнерлі халық — өміршең халық, қазақтың салт-дәстүріне  бағытталған                                                                                                        «Отбасы дәстүрі» фестивалінің қатысушылырын ортаға шақырайық

«Ұлан»тобы

«Ботақан»тобы

«Нұршашу»тобы

«Болашақ»тобы

«Балауса»тобы

«Нұрбөбек»тобы

«Қошақан»тобы

2 — жүргізуші:- Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Көрсетеді ән биді бойындағы.
Бүгінгі отбасылар дәстүрінде,
Ата-аналар  аянбай- ақ жан салыпты.
Ән: «Қазақ салт-дәстүрі»   
2 — жүргізуші
: «Нұрбөбек»тобы
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Керемет рәсім жасайық.
Бала: Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.!
Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой!
Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі.
Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.
1 — жүргізуші: «Нұршашу»тобы (жылаған баланың дауысы)
— Ой қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші!.
Балаға қандай ат қойсақ болады екен?
Қазақтың әдет- ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.
(«Балаға ат қою» рәсімі жасалады)
2 — жүргізуші: «Болашақ»тобы — Дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты, сіздер қалай ойлайсыздар?
(«Бесікке салу» рәсімі жасалады)
1 — жүргізуші:— Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма дегендей

Ойын:-  «Арқан» тарту екі топқа бөлінеміз,арқанның  екі жағынан ұстаймыз, әуен ойнағанда  арқанды тартып, қай топ мықты екенің  анықтаймыз.
2 – жүргізуші:- «Ұлан»тобы                                                                                                      
Қырық күн  өткеннен  кейін  қырқынан шығару рәсімі жасалады.

Қырық күн өткен соң баланы әйелдер суға түсіріп, шашын,тырнағын алады. Суға түсірген әйелдерге сый-құрмет көрсетіліп, рахмет айтады. Жиналған адамдарды дастарханға шақырады.  Қазақта 3,7,41 сандарды ерекше қайырлы сандар деп есептеледі.  Сәби дүниеге келгеніне 40 толған соң, нәрестенің «сүт тырнағы мен қарын шашын»- алып,теңгелер салынған ыдысқа 40 қасық су құйып шомылдырады.

1 — жүргізуші: — Ән мен күйді  төгілтіп
Інжу-маржан  шашайық
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден  шашу шашайық
Ән: «Мен  қазақтың  қызымын»
2 — жүргізуші: «Балауса» тобы
-Айтпақшы біз атын қойып, қырқынан шығарған  кешегі сәбиіміз,
бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді.
Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.
(«Тұсау кесу»рәсімі жасалады)
Әже: Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төселік.
Жарылқасын алдыңнан,
Тұсауды кесейік,
Күрмеуіңді шешейік.
(Сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.)
1-жүргізуші:- «Қошақан»тобы Баласы сүндетке отырғанда ата-анасы «балам мұсылман санатына қосылады» деп қуанады. Тоқым қағу. Ашамайға мінгізу рәсімін жасайды.
Бірінші рет үйінен алысқа жолаушылаған да әке-шешесі  малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. Ал тоқым қағу ақ  ниеттен, адал көңілден міндетті түрде атқарылатын әдет. Міне , осыдан кейін қазақ бұл балаға арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындайды.

«Ботақан»тобы
2 — жүргізуші
: Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Батаменен жер көгереді.
Баламызға аталарымыз батасын берсін….
1 — жүргізуші: Бүгінгі күніміз  қызықты өтуі үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған.
Қоржыннан кез — келген бір асықты аласыздар.
Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен.?
«10» саны — Он ата шежіресін таратып беріңіз.(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жұмағат)
«3» саны — Үш жүзді атаңыз? (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
«3» саны — Үш биді  атаңыз?
(Төле би, Айтеке би, Қазыбек би)
«4» саны — Төрт қымбат не?
(Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт — береке атаң қымбат.
Мейіріміңді анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат)
«5» саны — Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
«6» саны — Алты қиынды атаңдар. (Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың)
«7» саны — Жеті қазынаны атаңыз. (ер жігіт, сұлу әйел, ілім — білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)
2 — жүргізуші: — Сұхбат: «Ұяда не көрсең,  ұшқанда соны ілерсің» дегендей  үйдегі күнделікті дәстүрлеріңіз

Мысалы: Белгіленген бір күні  шет тілдерді  үйренетін шығарсыздар т.б.
1 — жүргізуші:
Ата — дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
1. Ата… бала…(Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.)
2. Әке-асқар тау
3.Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
4. Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
5.Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
6. Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
7. Баланың бас ұстазы – ата-ана.
8. Әкеден – ақыл,
Анадан – мейірім
9. Қыз «қуыршақ» дейді,
Бала «құлыншақ» дейді.

2 — жүргізуші: -Биші бар ма тап мұндай
Биі баурап барады
Қос қанатын аққудай
қағып-қағып алады.
Би: «Қамажай»        

1 — жүргізуші: Құрметті  ұстаздар,ата-аналар,балалар, бүгінгі біздің  іс-шарамыздің  мақсаты — заман өзгерсе де ұлттық салт — дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту.                                                                                                 Бүгінгі  фестиваліміз  өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
2 — жүргізуші: — «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт — дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, ұстаздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.