Ж ж дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу және жазу негіздері
Оқу қызметінің мақсаты: Ж дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру. «Ж» дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ (суретті жұмбақ) шешу, т.б.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, ойыншықтар, суреттер, әртүрлі текшелер.