Home » Баяндамалар » Ж. Жакыпжанова. Заманауи мектептің ұстазы мен оқушысы

Ж. Жакыпжанова. Заманауи мектептің ұстазы мен оқушысы

Ұстаз – зиялы тұлға және мәдениет адамы.
Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық.
Қазіргі мектептің міндеттері:
— Алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпаққа жинаған, қалыптастырған мәдени құндылықтарын жеткізу;
— Баланың тұлғасын дамыту;
— Баланың, мектептің әлеуметтік бейімделуі,
Қандай бір әдістермен педагогикалық технологияны пайдаланбасын, баланың рухани жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының әсері ерекше. Оқушылардың мұғалім бойындағы ең бағалы деп есептейтін қасиеттері: баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттілік, талап қойғыштық, әзіл айта білуі, келешекке сенімділік, іске шығармашылықпен қарау болып табылады. Ал, мұндай қасиеттерге ие болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. К. Д. Ушинский: «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен, жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды», — деп жазған.
Оқушылардың алуан түрлі іс — әрекеттерін жобалаған кезде оқытушы ұжымдық және жекелік шешім қабылдау үшін жан — жақты міндеттер мен тапсырмаларды іріктеу керек: репродуктивті және шығармашылық, оқытушылық, дамытушылық және жаттығушылықты ескерген жөн. Қазіргі оқытушылар оқу материалын проблемалы түсіндіру, эвристикалық әңгіме жүргізе білу, дискуссиялық жағдай жасай алуы, интеллектуалды — шығармашыл ахуал жасау, окушылардын оқу — зерттеушілік қызметін ұйымдастыруы қажет. Тақырыптық жоспар, сабақ жоспарын жасағанда оқытушы тек өзінің жұмысын ғана емес, оқушылардың іс — әрекетінің сол пәнге деген жеке көз қарасымен білім деңгейін, қызығуы мен қабілетін ескерте отыру қажет.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.
Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда окушыларымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – жаңа технологияларды пайдалану. Ол балалардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.Бұл технологиялық оқудағы мұғалімі мен баланың іс — әрекеттері түбегейлі өзгереді.

Салыстырып көрелік:

    Баланың іс — әрекеті:Мұғалімінің іс — әрекеті:
— Бала – оқыту субъектісі.— Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.
— Мақсатқа дербес өз іс — әрекетімен жетуші белсенді субъект.— Бағыт – бағдар беруші, кеңесші.
— Өзін — өзі және бір – бірін мұғалімі.— Баланың жетістігін құптаушы.
— Өнерпаз, жасампаз еңбектің     иесі.— Ынталандырушы, мақсат қоюшы.
— Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.— Мақсаттарға жетелеуші.

 

ХХІ ғасырда әлемдік  білім  беру  жүйесінің дамудағы  негізгі  басымдықтарының  бірі – мектеп  білімін  жаңарту. Ол  оқушылардың  неғұрлым  өз бетінше  білім  алып, оны  іс  жүзінде  қолдана  білу  қажеттілігін  тәрбиелеуге  бағытталған.

Қорытынды:
Қазіргі таңда білім беру үрдісінде оқушыларға білімді жаттанды түрде игерту емес, шығармашылық түрде меңгерту негізгі көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Яғни, жаңа дәуірдің мұғалімдерінен оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, оқушылардың өз бетімен білім ала алуын дамыту арқылы олардың білімдерінің сапасын арттыру, деңгейін көтеру талап етіледі. Ал, бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді жолы оқушыларды оқу-зерттеу ісіне баулу арқылы оларға білімді зерттеушілік іс-әрекет деңгейінде игерту болып табылады.
Болашақтағы жоспарым:
Заман талабына сай білім беру жүйесіндегі маңызды педагогикалық әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда тиімді пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сапалы білім беру үрдісін дамыту барысында:

    • Оқушылардың өз ойлары мен пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік беру;
    • Оқушыларға өз бетінше жасайтын жұмыс үлгілерін ұсыну;
    • Тақырып бойынша шағын эссе жазу тапсырмаларын жиі пайдалану;
    • “ Мұғалім – бағыт беруші, оқушы- өздігінен білім алушы” қағидасын ұстану:
    • Бүгінгі мұғалім:
    • ата –ана
    • бала бағбаны
    • қоғам қайраткері
    • Мұғалім – ұстаз
    • Мұғалім – оқулық авторы
    • Мұғалім — оқытушы
    • Мұғалім – жаңалықты дәріптеуші, таратушы
      “ Маған айтшы – мен ұмытып қаламын,
        маған көрсетші –мен ұғып аламын,
       өзіме істетші – мен сонда түсінемін”
      Қытай даналығы

 

 

Ж.Р. Жакыпжанова,
Қарағанды қаласы,
«№ 59 ЖББОМ» КММ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.