Анар Байжігітова
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік
мектебінің пресс-секретарі
Алматы қаласы
Жәутіков олимпиадасының «Алтын алқасын» Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Қажымұрат Ақназар иеленді.
Алматы қаласында математика, физика, информатика пәндері бойынша ХІІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті. Бұл олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Болгария, Румыня, Чехия, Түркия, Сербия және Моңғолия мемлекеттерінен 63 команда қатысып, 400-ден аса қатысушы қамтылды.
Халықаралық әділ-қазылар алқасында 12 мемлекеттің ғалымдары төрелік етті. Қазақстан, Ресей, Болгария, Әзербайжан, Армения, Грузия, Белорусия және Өзбекстан.
Әділ-қазылар алқасы жаңа ұрпақтың зияткерлі зиялылар деп таныған ең дарынды оқушылар жүлдегерлер қатарыннан табылды.
Олимпиаданың алтын және қола алқаларын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірден 4 өкілі иемденді.
Қажымұрат Ақназар
Алматы қаласы, ФМБ НЗМ
Физика пәнінен алтын алқа
Пак Артур
Талдықорған қаласы, ФМБ НЗМ
Математика пәнінен қола алқа
Кучукова Айя
Астана қаласы, НЗМ (Халықаралық бакалавр)
Математика пәнінен қола алқа
Туленов Дияр
Павлодар қаласы, ХББ НЗМ
Физика пәнінен қола алқа
Бұл олимпиаданың мамандандырылған әлем мектептерінің ең үздіктерінің арасында бірден үш пәннен өткізілуімен ерекшеленеді.
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы осымен 13-ші рет болып жатыр. Бұл олимпиадаға 15 мемлекеттен 63 команда қатысады. Осындай жарыстардың арқасында біздің балаларымыз халықаралық деңгейде жақсы нәтижелер көрсетіп жүр», — деп математика ғылымдарының докторы, академик Асқар Жұмаділдаев өз сөзінде атап өтті.
Көрермендердің барлық ықыласы, концерттік бағдарлама, жүлделер мен сыйлықтар олимпиада жеңімпаздарына арналды. Биылғы жылы қатысушылар шетелдік үздік ғалымдардың құрастырған күрделі де қызықты есептерін шығарды.
Бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие болып отырған ҚБТУ және Әл-Фараби атындағы ҚҰУ сияқты жоғары оқу орындарының олимпиада жүлдегерлеріне білім грантын ұсынуы олимпиаданың жоғары деңгейде өткеніне дәлел.