Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану.
Мақсаты: Балалардың жәндіктер, олардың сипаттық белгілері туралы білімдерін кеңейту. Көбелек пен қоңыздың айырмашылығын таба білуге үйрету.
Лэпбук жасау: «Жәндіктер тіршілігі»
Көбелек пен қоңыздың қалай пайда болатындығын (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ) түсіндіру.Олардың бір-бірінен айырмашылығын салыстыру.
Балаларды жәндіктерге қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Видеоролик, суреттер, интербелсенді тақта, лупа, көбелек, кинетикалық топырақ, жәндіктердің муляжі.
Әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, зерттеу.
Технология: «Жобалау -зерттеу» технологиясы.
Билингвальды компонент:
Жәндіктер-насекомые, көбелек-бабочка, Қоңыз- жук.
Мотивациялық- қозғаушы
Балалар, келген қонақтармен екі тілде амандасады.
-Сәлеметсіздер ме!
-Здравствуйте!
-Құрметті қонақтар, бүгінгі «Талантты бөбек» тобына қош келдіңіздер!
Тәрбиеші балаларға апталық тақырыпты ашып түсіндіріп өтеді.
Ғажайып сәт:
— Балалар, бүгін сендермен бірге көгалға серуенге шығамыз, ол жақта көптеген жәндіктер бар. Жәндіктердің тіршілігімен танысамыз. Ал, Көбелек пен Қоңыз бізді арнайы күтіп отыр.
Ұйымдастырушы-ізденушілік
Тәрбиеші мен балалар көгалға келеді. Көгалда ешқандай жәндіктер жоқ болып шығады.
- Балалар, бұл жердегі жәндіктер қайда кеткен?
- Балалар жерден хат тауып алады, тәрбиешіге береді.
Тәрбиеші: -Балалар хатты бізге қоңыз бен көбелек қалдырыпты.
Хатты оқып береді.
- Балалар, бізді өрмекші өз торына орап алып кетті. Бізді құтқарыңдар.
- Балалар, Көбелек пен Қоңызды құтқаруға барамыз ба?
Өрмекшінің торынан өту үшін өздері жәндікке айналатынын айтады.
Балалар келісімін береді.
Тәрбиеші балаларға сиқырлы өлеңді қайталау үшін қонақтарға көздерін жауып тұруды ұсынады. Балалар көгалдағы гүлді қолдарына бір-бірден ұстап, сиқырлы сөздерді тәрбиешімен бірге қайталайды:
Айланды, айланды
Балалар жәндіктерге айналды
Тәрбиеші мен балалар неше түрлі жәндіктерге айналып кетеді.
Барлығы ұшып өрмекшінің торынан өтіп, Көбелек пен Қоңыздың тіршілігімен танысу үшін, экранға жақын жерге отырады.
Тәрбиеші: —Жәндіктер қош келдіңдер!
-Олай болса, интербелсенді тақтаға назарымызды аударайық. (көбелектің дамуы туралы көрсету)
(Балалар, көбелектің қалай дамитынын айтады)
-Балалар, көбелек қандай болады? (Көбелек әдемі, нәзік болады)
-Жарайсыңдар!
Көбелектер екіге бөлінеді.
Күндіз ұшатын көбелектер және түнде ұшатын көбелектер.
Күндіз ұшатын көбелектер ашық түсті, ал түнде ұшатын көбелектер сұр және суық түсті болады.
Күндіз ұшатын көбелек ( булавоусая), түнде ұшатын көбелектер ( разноусая)
-Балалар, интербелсенді тақтадан нені көріп тұрмыз? (Көбелек)
-Ал, ендеше оны үлкейткішпен қарап көрейікші.
Не пайда болды? ( Қаңқасы)
-Балалар, көбелектің қаңқасын кім сипаттап береді?( Балалар көбелектің қаңқасын сипаттап үлкейткіш арқылы көрсетеді)
Көбелектер немен қоректенеді?
Көбелектер дәмді аяқпен сезеді екен. Егер олар шырынның үстінде тұрса, оның дәмін бірден сезеді де оның дәмі ұнаса мүйізшесін алдыға бұрып шырынды түтікше арқылы іше бастайды.
Көбелектердің өсіп жетілуі неше сатыдан өтеді?( төрт сатыдан өтеді
жұмыртқа-жұлдызқұрт-қуыршақ-көбелек.)
Көбелектер толық түрленіп дамыса, қоңыздар.
-Олай болса назарымызды сиқырлы экранға аударайық. (қоңыздың дамуы туралы көрсету)
(Балалар, қоңыздың қалай дамитынын айтады)
-Балалар, сиқырлы экраннан қандай жәндікті көріп тұрсыңдар? (Қоңыз)
-Енді қоңызды үлкейткіш арқылы көрейік?
Не пайда болды? ( қоңыз қаңқасы)
Балалар, қоңыздың қаңқасын кім сипаттап береді? (Балалар, қоңыз қаңқасын сипаттап, үлкейткіш арқылы көрсетеді.)
Ендеше, балалар, көбелектерді және қоңыздарды құтқаруға кірісейік.
Тәрбиеші балаларды екі топқа бөледі.
Арнайы әзірленген кинетикалық топырақтардың арасынан балалар көбелектер мен қоңыздарды құтқарып алады.
Қимылды ойын: «Көбелек гүлге қонады»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдық дағдыларын дамыта отырып , байқампаздыққа тәрбиелеу.
Шарты: Ортада гүлдер тұрады. Балалар көбелектер болып ұшып, шеңбер бойымен музыка арқылы билеп, айналады. Музыка тоқтағанда көбелектер гүлдерге барып қонады. Гүл жетпей қалған бала ойыннан шығады.
Тәрбиеші балаларға құтқарып алған жәндіктерді алып топқа қайтуды ұсынады.
Барлығы ұшып топқа қайтып келеді.
Сиқырлы өлеңді айтып, қайтадан балаларға айналады.
Тәрбиеші балаларға Лепбукты көрсетеді. Лепбутың тақырыбымен таныстырып ішіндегі жәндіктер туралы берілген тапсырмаларды орындауды ұсынады.
Балалар келіседі.
Рефлексифті-түзетушілік.
—Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
— Көбелек пен қоңыздың айырмашылығы қандай?
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Көбелек және қоңызды ажыратады және ерекшеліктерін атайды.
Түсінеді: Көбелек пен қоңыз тіршілігі туралы, көбелектің жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ болатындығын түсінеді.
Қолданады: Көбелекке қамқорлықпен қарайды,зерттеу тәсілін қолданады.
Қаражанова Назипа Аязқызы
Қызылорда облысы
Арал қаласы
«Алтын балық» бөбекжайының
тәрбиешісі