Home » Мақалалар » Жұғындыны алып Грамм әдісімен бояу тәсілдері

Жұғындыны алып Грамм әдісімен бояу тәсілдері

  «Агроөнеркәсіптік мамандықтар» бөлімшесі

 «Індеттану  микробиологиясымен және  вирусология»  пәні

Сабақтың типі:  құрамдас
Сабақтың түрі: зертханалық

Пән аралық байланыс: Ветеринария негіздері, жануарлар анатомиясы және физиология, ветеринариялық — санитариялық сараптау, фармокология шипашақтығымен, індеттану микробиологиясымен және вирусология.

Сабақтың мақсаты: әртүрлі індеттік аурулардың қоздырғыштарын, бактерияларын анықтау, өнімнің балғындылығын анықтауды үйрету.

А) Білім беру: індеттік ауруларды анықтау, өнімнің сапасын тексеруді үйрену

Б) тәрбиелеу: өз бетімен жұмыс жасауды қалыптастыру, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту, әртүрлі жағдайларды білімде қолдану

В) ой – өрісін дамыту: бағалай білуді қалыптастыру, бірдей фактілердің ішінен маңыздысын ерекшелеп алу, өз ойы мен көзқарасында тұруды қалыптастыру.

Сабақтың әдістері: сөздік, көрнекілік, бинарлы әдіс, сұрақ – жауап.

Сабақтың өткізілу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі

Б) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

В) Зертхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару

  1. Сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндетін түсіндіру, кіріспе инструктаж өткізу.
  2. Оқушыларға тапсырмаларды кезекші арқылы тарату.
  3. Оқушыларға берілетін тапсырмалар:
  4.   Ет жұғындысын грамм әдісімен бояу
  5.   Балықтың балғындылығын грамм әдісімен анықтау
  6. Нәтижесін кестеге түсіру

Зертханалық жұмыстар орындалмас бұрын оқушылар мына қойылатын талаптарды білуі керек:

  1. Зертханалық жұмыстарды ақ халат киіп атқаруды;
  2. Орындалатын жұмыстың мақсатын, орындалу тәртібін;
  3. Зертханалық сабаққа ыңғайлы құрал – жабдықтарды іріктеуді;
  4. Жұмыс кезінде барлық сақтық ережелерін орындауды;
  5. Зертханалық жабдықтармен жұмыс жасауды;
  6. Зертханалық  жұмыстарға қажетті реактивтер мен шикізаттарды тиімді пайдалануды;
  7. Әрбір жұмысты тиянақты ыждағатпен ақырына дейін орындауды;
  8. Сабақ соңынан пайдаланылған құрал – жабдықтармен зертханалық ыдыстарды жуып – шайып жинауды білуі керек.

 

Зертханалық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс:

  1. Орындайтын зертханалық жұмыстардың орындалу тәсілдерін картадан көріп, танысып алу
  2. Тәжірибеге қажетті ыдыстарды және реактивтерді іріктеп алып, жұмыс столының үстінде артық заттардың болмауына көңіл бөлу
  3. Аса қауіпті канцентратты ерітінділермен жұмыс жасағанда өте сақ болу
  4. Күйдіргі қышқылдармен жұмыс істегенде және оны пайдаланғаннан кейін арнаулы ыдысқа құю, ереже бойынша
  5. Сілті ерітінділерін пайдаланғанда мөлшерден артық алынғанын өз ыдысын құймай, басқа ыдысқа құю
  6. Ерітінділердің бір – біріне араласып кетуіне жол бермеу
  7. Қауіпті ерітінділерді ауыздарын тығындары мен мұқият жауып өз орнына қою
  8. Жұмыс соңынан пайдаланылған приборлармен колбаларды, басқа да құрал — жабдықтарды ережеге сай сода ерітіндісімен жуып, содан соң таза сумен шайып алу
  9. Зертханалық сабақ аяқталғаннан кейін жұмыс орындарын жинап, тазалап, орындарына қойып болған соң халаттарын шешу.

 

Тапсырма №1. Ет жұғындысын грамм әдісімен бояу

  1. Жұғындыны спиртвкамен кептіреміз
  2. Генцианфиолет сіңген сүзгі қағазын жұғындының үстіне 1 – 2 минут қоямыз. Сосын алып тастаймыз.
  3. Жұғындының үстіне люголь ерітіндісін құямыз, жұғынды қараяды. 1 – 2 минуттан кейін жуады.
  4. Сосын 960 этил спиртін құйып, 30 секунд ұстап қайтадан дистелденген сумен жуады.
  5. Үстіне фуксин құяды. 1 – 2 минуттан кейін жуады.
  6. Кептіреді, сосын микроскоппен қарайды.

Грамм + көк таяқша

Грамм – қызғылт таяқша

Сібір жарасын, пастереллез, сальмонеллез ауруларын да грамм әдісімен тексереді. Сібір жарасы моншақ тәрізді болып жатады

 

Тапсырма № 2. Балықтың балғындылығын грамм әдісімен анықтау

  1. Шыны аяқшамен 2 жұғынды аламыз:
  2. Тері асты етінің беткі жағынан алады
    3.  Тереңіректен омыртқаға жақын жердегі еттен алады.
    4.  Балықтан  жұғынды алып, оны от жалынында ұстап кептіреді.
    5.  Генцианвиолет ерітіндісімен жұғындының үстіне 1 тамшы тамызып, 1-2 минут қояды. Жұғынды үстін дистильді сумен шаяды.
    6.  Люголь ерітіндісін құйып, оны тағы1-2 минуттан кейін жуады.
    7.  Жұғынды үстіне 96 этил спиртін құйып, 30 секунд ұстап қайтадан дистильденген сумен шаяды.
    8.  Үстіне фуксин құйып, 1-2 минуттан кейін жуады.
    9.  Жұғындыны кептіреді, одан кейін микроскоппен қарайды.

    Егер балық балғын болса дұрыс бояу алмайды.

Тапсырма № 3. Нәтижесін кестеге толтыру

Өнім түрі Нәтижесі
Люголь ерітіндісін құйғаннан кейінгі өзгеріФуксин ерітіндісін құйғаннан кейінгі өзгеріс Микроскоппен қарағандағы өзгеріс
Ет сынама   
Балық сынама   

 

 

  1. Оқушылардың өзіндік жұмысын қадағалау, бағдар беру.
  2. Оқушылардың жұмыс орнын кезекшінің жинап өткізуі
  3. Оқушылардың жұмысын тексеріп, бағалау.
  4. Үйге тапсырма.

Райсова Ақнұр Қайратқызы
 «Ветеринариялық пәндері» циклінің

оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.