Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қосымшалардың қызметтері туралы түсінік бере отырып, түрткі сұрақтар арқылы сыни ойлауға үйрету.
Дамытушылық: Бірлесіп жұмыс жасай отырып, өз ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу. Алған білім, білігін қолдану дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Төрт-түлік, олардың пайдасы тани отырып, жан-жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: суретпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, талдау, жинақтау.
Көрнекіліктер: кесте, суреттер, сөзжұмбақ, алма ағашы, сандар
Топқа бөлу: Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1-топ, қыс айында дүниеге келгендер 2-топ, көктем айындағылар 3-топ, жаз айындағылар 4-топ болып бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау: Сабаққа назарын аудару. Сыныпта жағымды ахуал тудыру.
Қызығушылықты ояту:
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Күнделікті қызықты
Ал, қазір біз жемістерді таңдау арқылы 2 топқа бөлінеміз. Кезекті сабағымызды бастаймыз.
— Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болып өтеді, өйткені, байқайсыңдар ма біздің білімімізді көруге ұстаздар қонаққа келіп отыр. Ендеше, бар зейінімізді сабаққа аударып, ден қоялық. Балалар бізге сабаққа сонымен бірге Алдар көсе мен Қожанасыр келіп отыр екен. Олар бос келмей сендерге тапсырмалар әкеліпті.
— Алдар Көсе мен Қожанасыр туралы не білеміз? /Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері, Алдар ақылды айлакер, зерделі қу, ал Қожанасыр бірде қу, бірде ақымақ, бірде жомарт, бірде аңқау болады /
— Қандай шығармаларын оқыдық? /Үш сом, Қожанасыр мен ашқарақ, Қожанасыр мен Алдар Көсе/
— Балалар, ендеше Алдар мен Қожанасыр бізбен бірге сөз әлеміне саяхатқа шықпақшы. Ендеше біз «Бәйге» ойыны арқылы өзіміздің осы уақытқа дейін өткен тақырыптарымызды қайталап жіберейікші
Мағынаны тану:
«Бәйге» ойыны
1. Сөз неден құралады?
2. Буын неден құралады?
3. Сөз нені білдіреді?
4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
5. Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
6. Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
7. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
8. Түбір дегеніміз не?
9. Қосымша дегеніміз не?
Өткен сабақты қайталау.
— Балалар өткен сабақты еске түсіру үшін мына сөзжұмбақты шешейік.
Сөзжұмбақ
Қ
О
С
Ы
М
Ш
А
І топ
1. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде (қалам)
2. Төрт қырлы өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ (бор).
3. Жылт-жылт еткен
Жырадан өткен (су).
ІІ топ
4. Көлдің беті көк әйнек.
Сырғанауға тым әйбәт (мұз).
5. Жазда да, қыста да,
Өзгермейтін бір түсте (шырша).
6. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады (қар).
— Міне, балалар олай болса, бүгін біз сендермен қосымша туралы білімімізді кеңейтейік.
Қане бірге бәріміз,
Көзімізді жұмамыз.
Өтіп тау мен өзеннен
Бір елге жетіп қонамыз.
Қосымша деп аталар.
Бұл елде мүлде бейтаныс.
Біз білмейтін, балалар,
Қосымшаның түрі бар.
Жаңа сөздер жасайтын
Жұрнақ атты ұлы бар.
Сөз бен сөзді қосатын.
Жалғау атты қызы бар.
(Тақтаға сызбаны іліп қою)
Оқулықтағы жаттығуларды орындау
Сергіту сәті: «Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.
Ой толғаныс:
«Алма жинау» ойыны.
Кел, балалар, ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық.
Үзіп алып бақтардан
Достарымызға сыйлайық.
Ойынның шарты: Алма ағашындағы алма суреттері. Сол алмада жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді Алдаркөсеге, жалғау жалғанған сөзді Қожанасырға береміз. Қай қатар шатаспай орындайды сол жеңіске жетеді.
Далада, орындық, күйші, досы, мүсінші, сабаққа, асхана, аязды.
Үйге тапсырма:
4,5-жаттығу.Ереже жаттау
Бағалау: Оқушыларды бағалау
Алсаева Назым Сағымбекқызы,
Ескелді ауданы, Шымыр ауылы,
М.Маметова атындағы орта мектеп МДШО КММ,
бастауыш сынып мұғалімі