Home » Мақалалар » ЖҰМЫС ДӘПТЕРЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ БІЛІМ МЕН БІЛІКТІ ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

ЖҰМЫС ДӘПТЕРЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ БІЛІМ МЕН БІЛІКТІ ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Аннотация: В данной статье рассмотрена практическая значимость рабочих тетрадей как учебных пособий для усвоения данных материалов по химии. Представлены требования к современной рабочей тетради. Особое внимание обращено на роль и использование рабочих тетрадей как дидактическое средство.

Кілт сөздер:  жұмыс дәптері, практикалық біліктілікті дамыту, дидактикалық оқу құралы.

Жұмыс дәптерлерінің өзектілігі білім алушылардың сабақта ақпараттық дайындық көлемінің ойлау әрекетін қалыптастыру қозғалысының бағытын анықтау мүмкіндігімен тиімді байланысуында болып табылады. Жұмыс дәптерлері оқушылардың сан есептерін шешудегі білімдерін қолдануда мұғаліммен білім мен біліктілікті ағымды тексеруде қолданылады. Жұмыс дәптерлерін қолданудағы практикалық маңыздылық – оқушының қиын, бірақ өте маңызды сабақты  жеңіл игеруі. Жұмыс дәптерлерінің арқасында сабақты жеңіл қабылдау мүмкіндігі мен материалды қабылдау тексерісі жүзеге асырылады [1].

Оқушының өзіндік жұмыс жасауындағы маңыздылығы:  

  • БӨЖ-да көп функцияны атқаратын құрал – жұмыс дәптерін оқу теориясы мен практикасында сипаттайды;
  • Заманауи білім алу жағдайындағы БӨЖ ерекшеліктері анықталынады;
  • Білім алушының өздік жұмысы жүйесінде оқу процесінде қолданылатын жұмыс дәптерінің мүмкіндігін анықтауға көмектеседі;
  • Білім алушының өздік жұмысына арналған көп функциялы дидактикалық құралды жасауды қажет етеді;

Қазіргі уақытта оқытушылар мен білім алушылар арасында соңғы уақытта жалпы мойындауына ие болған оқытудың аса маңызды пәндік әдісі жұмыс дәптерлері болып табылады. Бірақ мойындауға тура келетіні, оқытудың бұл әдісі мамандардың кәсіби дайындығында кең қолданыс тапқан жоқ [2].

Тірек конспектпен  жұмыс дәптерлерін оқу ақпаратының белгілі бір формасы біріктіреді. Жұмыс дәптері – білім алушылардың оқу – танымдық әрекетін белсендіруге шақыратын оқу әдебиетінің ерекше жанры. Олардың арасындағы айқын айырмашылық тірек  конспектіде оқу әрекеті белгілі логикамен көрсетіледі, ал жұмыс дәптерінде ол арнайы түрде жасалады. Операцияларды оқу процесінде «Кирпичиков» түрінде көрсетуге болады. Оларды біліктілікпен және мақсатқа сай бағытта қалыптастыру үшін педагог пен білім алушыда сенімді әдіс болуы қажет [3].

Жұмыс дәптерлерінің сандық есептерді де, сапалық есептерді де шешудегі маңызы зор. Теориялық  білімнің  терең  бекіп,  жүйелі  қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады.  Эксперименттік есептер оқушылардың танымдық іс- әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың іс жүзінде жиі қолданылатындары:

  • заттарды бір – бірінен ажырату;
  • химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру;
  • заттарды алу;
  • заттардың сапалық құрамын анықтау;
  • қоспаның құрамын анықтау және бөлу;
  • берілген заттарға тән реакциялар жасау;
  • әртүрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау;
  • химиялық сапасын құрастыру және оны қолдану.

Сан есептерін шығарудың оқу – тәрбиелік маңызы зор.  Өздік жұмыстарда білім көздеріне байланысты жіктелулердің бірі сандық және сапалық есеп шығару. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда маңызы зор [4].

Есептерді шешуде көбінесе пропорция құру әдісі қолданылады, білім алушылардың математика пәнінен алған білімдері ескерілмейді. Яғни, математиканың амалдары, физикалық шамалары мен олардың белгілеулері аса пайдаланыла бермейді. Есеп химиялық тұрғыдан нақты талданылмайды, есепті нақтылы түсінуге жете назар аударылмайды. Білім алушылар оқытушы көрсеткен бір тәсілмен ғана есепті шығарып, есеп шығару барысында өздерінің белсенділігін таныта алмайды. Жұмыс дәптерлерінің үш түрі ажыратылады [5].

Жұмыс дәптерінің ақпараттық түрі оқу материалының тек құрамы жайында ақпаратты көрсетеді. Жұмыс дәптеріндегі оқу ақпараты білім алушыларға қарастырылатын тақырып мазмұнына бағыт-бағдар қояды. Жұмыс дәптерінің берілген түрі кәсіби мектепте кең таралған, себебі көптеген оқу пәндері бойынша оқу материалы бірде бір оқулықта жоқ немесе оқу ақпараты бірнеше оқулықтарға бөлінген. Осының нәтижесінде оқытушы оқу ақпаратын жұмыс дәптерінде құрастыруға мәжбүр.

Бақылаушы жұмыс дәптері сабақ тақырыбын қарастырып болғаннан кейін қолданылады. Оқытушы жұмыс дәптеріндегі парақшалар арқылы білімділік пен білімсіздік фактісін орнатып қана қоймайды, сондай-ақ білім алушы қандай операцияда қателік жібереді және қандай этапта оны ығыстыру түсінігін қалыптастыруды қарастырады. Жұмыс дәптерінің аралас түрі ақпаратттық және бақылаушы блоктарды көрсетеді. Ақпараттық блокқа жаңа оқу материалын еңгізеді, ал бақылаушы блокқа алынған білімді тексеруге арналған тапсырмалар мен тесттер еңгізіледі. Берілген мақала жасалынған жұмыс дәптеріне негізделген. Зерттеу жұмысы негізінде келесідей мазмұндағы жұмыс дәптері жасалынды.

 

Сабақ 1. Кіріспе сабақ. Химия бойынша есептер. Химиялық есептер типтері. Химия бойынша есептер шешудің алгоритмі 

4

Сабақ 2. Заттың салыстырмалы молекулалық және молярлы массасын есептеу. Газдың салыстырмалы тығыздығын анықтау 

8

Сабақ 3. Зат массасын, зат мөлшерін, көлемін, құрылымдық бірліктер санын есептеу 

9

Сабақ 4.Заттың белгілі бір үлесіндегі бөлшектердің құрамына арналған есептер 

10

Сабақ 5. Күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлесін есептеу 

11

Сабақ 6. Қосылыстың формуласын табу12
Сабақ 7-8. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеу13
Сабақ 9. Ерітінділердің араласуына  арналған есептер15
Сабақ 10. Реакция теңдеулерін құрастыру. Химиялық реакция типтері. Теңдеулерді құрастырудың алгоритмі 

18

Сабақ 11. Реакциядағы  газдар көлемін басқа заттың массасы бойынша анықтау. 

20

 

Сабақ 12. Газ көлемін реакцияға қатысушы басқа газдың белгілі көлемі бойынша анықтау 

22

Жұмыс дәптерінде химиялық есептердің шығарылу алгоритмдері берілген. Алгоритм – типтік есептерді шығарудың дәл қалыптасқан ережесінің соңғы реттілігі. Алгоритм ақпараттың жүйеленуі мен тез есте сақталуына мүмкіндік береді, химиялық интеллектіні, қиын есептерді шешуде «машиналық» және шығармашылық ойлауды дамытады. Егер есеп шартында заттардың өзара әрекеттесуі жайында әңгіме жүрсе, онда реакция теңдеулерін жазып, олардың коэффициенттерін теңестіру керек. Есептің берілгені мен ізделіп отырған шама арасындағы сандық қатынастарды анықтау керек. Есептеудің соңғы этапында ізделініп отырған шаманы анықтау көмегімен заңдылықтарды түсіндіру, тапсырма сұрағынан бастай отырып, өз әрекеттерін балалар сатыларға бөлулері керек. Егер бастапқы берілгенге қандай шама жетіспей тұрса, оларды қалай есептеуге болады, яғни есептеудің алғашқы этаптарын анықтау. Мұндай этаптар бірнеше болуы мүмкін. Есептерді шешудің барлық этаптарының реттілігін анықтау. Есептеуге арналған қажетті формулаларды жазулары керек.

Алгоритм негізінде пропорция әдісі жатса, көрнекілік үшін соңғысы химиялық теңдеулермен, реакция схемаларымен, есепті жақсы түсінуге көмектесетін графикалық шешімдермен жүзеге асырылады.

Жұмыс дәптері бейорганикалық және органикалық химия бөлімдеріне жасалынды. Есептердің алдында оларды шығаруға арналған физикалық өлшемдер мен формулалар берілген. Жұмыс дәптеріндегі есептердің деңгейі әртүрлі. Сәйкес формулалар негізінде есептер шығарылған. Жұмыс дәптеріндегі келесідей бір сабақ үлгісін келтірсек:

Сабақ 12. Артық мөлшерге есеп шығару. Күрделі комбинациялық есептер

Алгоритм 14.

Нитрат-иондардың концентрациясы 0,6 моль/л болатын 200 мл алюминий     нитратының ерітіндісіне массалық үлесі 0,12, тығыздығы 1,13 г/мл натрий гидроксидінің 123,9 мл ерітіндісін қосты. Алынған қоспаны буландырып, құрғақтай қыздырды. Қыздырудан кейінгі қалдықтағы оттегінің элемент ретінде массалық үлесін анықтаңдар.

Шешімі: алюминий нитратының сілтімен әрекеттесу нәтижесі алғашқы екі заттың молярлы қатынасына тәуелді.

1.     Берілгенін жазамыз.  моль/л

мл

г/мл

мл

Табу керек:

2.     Бастапқы заттардың мөлшерін табамыз:

 

 моль.

моль

 

3.     Химиялық реакцияларды қатарынан жазып, реагенттер мен өнімдердің сәйкес шамаларын жазамыз:

 

 

 

 

Берілді 0,12                0,42

+  (1)

Р-яға түсті:0,12 0,36 түзілді: 0,12         0,36          0,06

 

Берілді:     0,12         0,06

+) (2)

Р-ға түсті: 0,06         0,06   түзілді:   0,06        0,06

 

Берілді:                    0,36

→2 (3)

Реакцияға түсті:     0,36  түзілді:0,36

 

Берілді:            0,06

(4)

Реакцияға түсті:0,06 түзілді:0,06

 

 

Берілді:              0,06

(5)

Реакцияға түсті: 0,06 түзілді:0,03

 

4.     Қыздырудан соң, оттегінің массалық үлесін қалған элемент ретінде анықтаймыз:

 

 

 

m(қыздырудан кейінгі қалдық) = 24,84 + 4,92 + 3,06 = 32,82 г.

n(– ғы О) = 0,36 · 2 = 0,72 моль.

n( – ғы О) = 0,06 · 2 = 0,12 моль.

n(– ғы О) = 0,03 · 3 = 0,09 моль.

n(қыздырудан кейінгі қалдықтағы О) = 0,72 + 0,12 + 0,09 = 0,93 моль

 

 

5.     Жауабы:w (қыздырудан кейінгі қалдықтағы О) = 45,34 %.

 

Жұмыс дәптерінің соңында өздік тапсырмалар берілген. Берілген жұмыс дәптері оқытушы үшін де, білім алушы үшін де пайдалы оқу құралы болып саналады [6].

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Агальцова Н.Е. Неорганическая химия. Рабочая тетрадь для учащихся 9 кл., ч.1. Саратов: «Лицей», 1999. — 64 с.
  2. Агальцова Н.Е. Неорганическая химия. Рабочая тетрадь для учащихся 9 кл., ч.2. Саратов: «Лицей», 1999. — 64 с.
  3. Алексеев Н.А. Понятие личностно-ориентированного обучения//Завуч. -1999.-№3.-С. 113-117
  4. Аристова Л.П. Активность учения школьников. М.: Просвещение, 1968. -139 с.
  5. Аристова Л.П. Воспитание познавательной самостоятельности школьников в процессе обучения основам наук. Казань, 1963. — 54 с.
  6. И. Нұғманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева «Химияны оқыту әдістемесі» оқу құралы, Алматы 2005 – 71-73 б.

 

 

 

 

Мира Туякова
Мадина  Бегалиева
«Балдәурен-Қапшағай»
республикалық оқу-сауықтыру орталығы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.