Бурабай ауданының мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жұмыспен қамту орталығы бірлесіп бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы орынбасарының м.а. С. Анискина жәрмеңкені ашты.
Еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы С.Ибраев тұрғындарға өзгертілген ҚР «Еңбек кодексі» бойынша кеңес беріп еңбек заңнамасының мәселелері бойынша сөз алды.
Нақты бір күнде жұмысқа орналасу мүмкіншілігі бар жәрмеңкеге келушілер 21 кәсіпорынның, ұйымдар мен мекемелердің кадр қызметтерімен кездесті. Кездесу барысында жұмыс іздестіріп жүрген қала және аудан тұрғындары жұмыс берушілердің өкілдерінен еңбек шарттары, бос жұмыс орындарының үміткерлеріне қойылған талаптары жөнінде мәлімет алды.
Одан басқа, бөлім мамандарынан әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға қалай жұмысқа орналасу, жұмыс іздестіру клубының және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының қатысушысы болу жөнінде ақпарат алуға мүмкіндіктері болды.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 237 жұмыс орны ұсынылды, еңбек заңнамасының және әлеуметтік қорғаудың әртүрлі сұрақтары бойынша 32 адам кеңес алды.
«Білім Айнасы» ақпарат