Home » Жас қалам » ЖҰМАҚТЫҢ КІЛТІ  

ЖҰМАҚТЫҢ КІЛТІ  

Жұмбақ қой адамзатқа «жұмақ» деген,
Жұмақ сырын қай пенде табар екен?!
Шешу үшін жұмбақты жаратылған,
Алтын кілт, шынында да, бар ма екен?!

Жұмақты бірі ойлайды өтірік деп,
Жасайды сол себептен қиянат көп.
Ойланбай кез келгенді айта салар,
Адамдар тіл мен жаққа сүйеніп тек…

Айтайын жұмақтың мен  қайда екенін,
Жұмбақ болған жұмақтың біл мекенін…
Алыста емес Анаңның табанында,
Талай жылдар армандап іздегенің…

Айтайын мен ойымды оқырманға,
Ана — алтын, теңе оны Жұмағыңа.
Жәннатқа  жетер жолды таба алмайсың,
Құрметіңді көрсетпесең анашыңа.

Арман бар ма, қыран болсаң самғаған,
Әлпештеген Ана сүтін  ақтаған.
Мен де өзіңдей пенделердің бірімін,
Қайда болсын, өз жұмағын аңсаған…

Әз анашым, мейірім сөнбес жүзіңнен,
Айналдым мен «Өркеш» деген сөзіңнен,
Жүрегім мен жаным рахат табады,
Бақыт көрсем, мөлдіреген көзіңнен.

Осы өлеңім бар Анаға  арналған,
Ей, адамзат, қайталаймын қайтадан.
Жұмақ мекен аңсап жүрсең, таба алмай,
Іздегейсің «Ана» деген асылдан!

 

 

Өсербай Өркен,
М.Мақатаев атындағы
№140 гимназияның
9-сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.