Home » Жаңалықтар » Жүсіпбек Аймауытов 130 жаста

Жүсіпбек Аймауытов 130 жаста

Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназияда кітапханашы Садырова Ғайша мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожаниязова Зағипаның ұйымдастыруымен Ж.Аймауытовтың 130 жасқа толуына орай кітап оқырмандар конференциясы болып өтті.

Кіріспе сөзде сөз алған ұлағатты ұстаз Қожаниязова З. Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жасы мен шығармашылығына тоқталды.

Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алатын үздік шығармаларының бірі «Ақбілек» романы. Ақбілек – қазақ төңкерісі нәтижесінде білім алып, қатарға қосылған алғашқы қазақ әйелдерінің өкілі екендігін айта келіп, оқушыларды осы роман туралы ой бөлісуге шақырды. 10 «Ә» сынып оқушысы Мұхаметәлі Сандуғаш Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының жазылуы жайында өз пікірін айтты. 11«А» сынып оқушысы Искаков Ержан «Ақбілек» романының мазмұның толық ашып, осы романға деген өзінің көзқарасын ортаға салды.

Одан кейінгі сөз алған 11 «А» сынып оқушысы Диханбаева Салтанат «Ақбілек» романындағы оқиғалар өмірден алынғандығы, қазақ төнкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кезінен өріс алғандығын, маңыздысы жазушының жан әлемін жаулап алған, қазақ қызының тағдыры туралы айтылғанын атап өтті.

Медетқызы Мақпал, Амирбаева Ғалия т.б оқушылар «Ақбілек» трагедиясы сол кездегі ұлттың мәселелерімен байланысты екенін айтып, романның бүкіл тақырыбы мен идеясын оқырмандарға өз сөздерімен шебер жеткізді.

«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп хакім Абай жырлағандай рухани азықтың бастау бұлағы болып табылатын кітаптың адам өміріндегі алатын орны ерекше.

Әр елдің рухани мәдениеті кітаптан бастау алары анық. Өйткені руханияттың қайнар көзі, тәрбиенің негізі, өткенді өшірмейтін тарихтың тағлымы кітапта.

Кітапты серігіне айналдырып, өмірін біліммен байланыстырған жастары бар елдің ертеңі жарқын болары сөзсіз. Қанша жерден заман өзгеріп, технология дамып кеткенімен, кітаптың рөлі әрқашан да биік болып қала бермек кітап оқиық, ағайын!

 

Иманбаева Майгүл Тәңірбергенқызы,
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия
Қазақ тілі мен әдебиет пәні кафедрасының жетекшісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.