Бүгін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Faundation» факультетінің оқытушылары мен тыңдаушылары «Жүректен шыққан ризашылық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Аталмыш дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 14 қаңтардағы № 173 Жарлығының негізінде 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай 1 наурыз Алғыс айту күніне орайластырылды.
Дөңгелек үстелге әртүрлі ұлттың жастарымен қоса атамекенін аңсап жеткен шетел азаматтары да болды. Талай тағдырдың басын өз шаңырағының астына жинаған Қазақ еліне қалай алғыс айтсада аздық етеді.
«Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса етігімен су кешер»,- деген халық даналығы ұлан байтақ жерімізге қаншама тағдырды тоғыстырды. Пікірталас, бірі-біріне деген ыстық ықылас пен жылы сөз жүректен жүрекке жетті. «Faundation» факультетінің деканының орынбасары Б.И.Батырова және топ эдвайзері Е.Б.Байтукованың атына да жылы сөздер мен алғыстар айтылып жатты. Кеш соңында ән шырқалып, жырдан шашу шашылды.
Көкбасқызы Жазира
«Білім айнасы»
СҚО, Қызылжар қаласы