Жақында Ертіс спорттық базасында ХХVII облыстық олимпиадасы бағдарламасы аясында «Күзгі кросс» жеңілатлеттер жарысы өтті. 2 шақырымдық қашықтықта қыздар арасынан дене шынықтыру бағытындағы Павлодар қаласының 41ЖОМ-ның 7 сынып оқушысы Елизавета Толмачева ІІ орынды қанжығасына байлады. Жүлдегер жеткіншек Мақтау қағазы мен Күміс медальге ие болды.
Елизавета Қазақстан Республикасы жасөспірімдерінің арасында шаңғы тартысы бойынша Қола жүлдені еншілеп, облыстың нақты чемпионы атанды. Ол аймақтағы 60 үздік шаңғышылар қатарына қосылды.
Жеңімпаз жерлесіміз алдағы жазда Алматы облысы Талғар қаласындағы «Алатау» шаңғы-биотлондық кешені аумағындағы жазғы спорттық-сауықтыру лагеріне жолдама алды.
Айгүл Молдаш
Білім айнасы
Павлодар қаласы