Жылжымалы құрамның тежеу құралдары оның маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Темір жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жылжымалы құрамның тежеу құралдарының қасиеті мен күйіне байланысты тежеу құралдары оны қолданудың күрделі жағдайларында қалыпты жұмыс істеуі керек. Темір жол көлігі үшін тежеу құралдарын жетілдіру мен құруда талантты оқымыстылар Казанцев Ф.П., Матросов И.К. қатысты.
КР-ның темір жолдарын қолданудың ерекшілігі қызмет көрсету мен жөндеуге жоғары білікті еңбектің ең кіші шығынында тежеу құралдарының сенімділігін талап етеді.
Тежегіштерге қызмет көрсетуде күрделі қол операцияларын орындауды болғызбайтын тежеу рычагты берілістің автоматты реттегіштерді қолданумен қол жеткізіледі. Ауа реттегіштердің металл үйкелетін бөлшектер қазіргі резина тығыздағыштармен ауыстырылды.
Түрлі тежеу құралдары тежегіштерді жетілдіруде прогрессивті өзгерістерге ұшырауда. Ол тежеу магистралында және бекітілген іс-қызмет режимінде қысымға байланысты тежеу цилиндрінде сығылған ауа қысымының өзгеруін басқаруға арналған.
1-сурет. Шартты №483А ауа реттегіш
Ауа реттегіш автотежегіштердің барлық негізгі қасиеттеріне ие:
— тікелей әсер етумен;
— қызметтік тежеуде магистралды қосымша разрядтау;
— тежеу цилиндрін берілген уақытпен толтыру;
— пойыз бойынша тежеуді жіберу уақытын теңестіру;
— тежеу цилиндрында шектеулі қысымды шектеу;
— жазықтық режимде жеңілдетілген таулы режимде қадамдық жіберу;
Шартты №483А ауа реттегіш 483М ауа реттегіштің дамыған түрі, соның ішінде – темір жолда жылжымалы құрамның тежегіштерін қолдану бойынша рұқсат етілген
инструкциямен тежеудің кіші қадамында пойыздың тежегіш жұмыстарының тұрақтылығын көтереді.
— тежеу қадамынан кейін пойыздың тежегіштерін жіберу сенімділігін көтереді, әсіресе ұзын құрамды пойыздарда;
— әр вагоннан сығылған ауаны қолмен шығару орнына сұрыптау төбешігі алдында тежеу магистралы қысымының төмендеуі барлық диапазонында тежеу жұмсақтығын қамтамасыз етеді.
483А ауа реттегіш жылжымалы құрамның түрлі типтері үшін тежеу құралының унификациясын қамтамасыз етеді: жолаушылар, жүк вагондары мен локомотивтер, соның ішінде жөндеу аралық мерзімді көтеруге мүмкіндік береді.
Шартты №483 ауа реттегіштің жөндеу технологиясы
Шешіп әкелінген тежегіш құрылғыларын жөндеу немесе сынау бөлімшесіне апарып, ол жерде тежегіш құрылғыларын жөндеу слесарі (4 разрядтан төмен емес) жөндеумен сынауды талап ететінін, әлде етпейтінін тексеру жүргізіледі
Ауа реттегіштің магистральді және бас бөлігін жөндеудің техникалық талаптары.
1. Зауыттық тығындармен, оларды жасағанан кейін 1,5 жылдан кем емес уақыт қызмет көрсеткен, сыртқы бұзушылықтары және қатты ластанулары жоқ, сондай-ақ, вагонға жаңа зауаттық тығыны бар магистралды және басты бөлімдерге қойылуға жарамды, жөндеуге әкелінген жүк таситын ауареттегіштердің магистралды және басты бөлімдері (бұдан былай – магистралды және басты бөлімдер) алдын алу тазартусыз және жөндеусіз сынақтан өтулері керек. Сынақтың қанағаттандырылған нәтижелері кезінде магистралды және басты бөлімдерге зауыттық тығынды сақтаумен биркалар қойылуы керек. Сынақтың қанағаттандырылмаған нәтижелері кезінде магистралды басты бөлімдерде құрастыру және белгіленген тәртіпте өндіруші зауытқа наразылық актісін бағыттау қажет.
2. Жөндеуден өткеннен кейін, сақтау мерзімі 6 айдан аспаған жөнделген магистралды және басты бөлімдер, тек қанағаттандырылған нәтижелер жағдайында оларды сынақтан өткізгеннен кейін орнатулары мүмкін. Осы жағдайда, жөндеу кезінде қойылған биркаларды сақтаумен, құрылғыларға АКП таңбасын көрсетумен биркалар және сынақ өткізілген күні (күні, айы және жылдың соңғы екі саны) көрсетілуі керек.
3. Жөндеуге әкелінген қалған магистралды және басты бөлімдерді тазалау және жуылу учаскесінде сыртынан тазалануы керек.
Тазалау үшін жуу машинасында 55 ºС -тен 70 ºС-ге дейінгі қысымда сорғалап ағызу тәсілімен ыстық сумен жуу керек. Қатты ластануларда магистралды жҽне басты бөлімдерді тазалауды 5%-ы қыздырылған сода ерітіндісімен жүргізуге болады.
Магистралды жҽне басты бөлімдерді тазарту үшін керосинды, бензинді және басқа да агрессивті заттектерді пайдалануға тыйым салынады.
Жылжымалы құрамның тежеу құралдарын жөндеуді жетілдіру үшін жөндеу
өндірісінің техникалық қайта жарақтандыруға және тиімділігін көтеруге ықпал ететін қазіргі технологиялық құралдарды қолдану ұсынылады. Автоматты электронды – пневматикалық стенд МТЗ. К483 қабылдау беру сынауларында және теміржол көлігінде депо жағдайында жөндеу жұмыстарынан кейін 483, 483М, 483М-01, 483А және 483-01 жүк ауа реттегіштерін тексеруге арналған.
Компьтермен қамтамасыз етілген.
Стендтің үш жұмыс режимі бар: автоматты, операциялық (ауа реттегіштердің бас немесе магистральды бөліктерінің кез келген параметрлерін жеке тексеру мүмкіндігін
қамтамасыз етумен) және үйлестіру жұмыстары мен стендті метрологиялық атестациялауды жүргізу. Жұмыс режимін мерзімге сәйкес таңдайды, мұнда түймешікті станцияда команда тапсырмасы бойынша оператор жұмысының жүйесі көрсетіледі.
Құралдарды сынақ жүргізу кезінде микропроцессорлық басқаруды қолдану адам факторының ықпалын толық жояды, ауа реттегіштердің бас және магистраль бөліктерін тексерудің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді және қолдану кезінде құралдардың жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді.
Қорытындылай келе, жылжымалы құрамның тежеу құралдарын жөндеуді жетілдіру үшін жөндеу өндірісінің техникалық қайта жарақтандыруға және тиімділігін көтеруге ықпал ететін қазіргі технологиялық құралдарды қолдану тиімді .
Автоматты электронды – пневматикалық стенд МТЗ теміржол көлігінде депо жағдайында жөндеу жұмыстарынан кейін 483, 483М, 483М-01, 483А және 483-01 жүк ауа реттегіштерін тексеруге арналған. КР темір жолдарын қолданудың ерекшілігі қызмет көрсету мен жөндеуге жоғары білікті еңбектің ең кіші шығынында тежеу құралдарының сенімділігін талап етеді. Алдағы уақытта жылжымалы құрамның тежеу құралдарын жөндеу жұмыстарының жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа стендтер жасалады деген сенімдемін.
Жалпы жылжымалы құрамның тежеу құралдарының ауа реттегішінің ақаулықтары болмайтындай оларды заманауи технологиялармен жетілдіру, жаңаша нұсқасын жасап шығару тежеу процесінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Б.А.Аймагамбетова
арнайы пән оқытушысы
М.Тынышпаев атындағы
Қазақ көлік және коммуникациялар
академиясының Ақмола көлік колледжі,
Астана қаласы