Кітап адам жанына рухани азық беретін ешқандай байлық жетпес қазына. Кітапты оқи отырып, өмірдің ағымын бойлай бел-белес, асулардан асып халқымыздың өткен және қазіргі заманға тарихынан сыр шертесің. Ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан тар жол, тайғақ кешу заманында тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру салты, көз алдынан бір сәт өткендей болады. «Кітап алтын сандық, іші толған қазына, құт оқы, оқы ойыңа тоқы» деп дана халқымыз айтқандай кітаптан сарқылмас рухани нәр аласың. Бір ғана Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқын бүкіл әлем таныды. «Абай жолы» романын оқи отырып бүкіл қазақ халқының болмысын тануға болады.
Ақын – жазушылардың шығармаларын қайта жаңғырту кітапқа деген қызығушылықты ояту мақсатында «Жүз кітап, жүз ән» аясында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Байбатырова Айкүміс 8-10 сынып оқушылары аралығында іс-шара өткізді. Іс-шара нәтижесінде бас жүлде Тіллә Ұлжан (6 роман), 1-орын Ғалымжанқызы Айжан (2 роман, повестьтер, шығармалар), 2-орын Есен Айша (роман, шығармалар), 3-орынды Құрбанғали Бектай (шығарма, повесть) иеленді. Яғни, бұл дегеніміз әлі де оқушылар арасында кітапты жанына берік етіп, дос санайтын: «Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы» деген қағиданы ұстанатын, өз мәдени байлығын асқақтататын болашақ ұрпақтың өсіп келе жатқанының айнасы.
Бимахан Қарақат,
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы,
Қаратөбе ауылы,
№229 жалпы орта мектебінің
9 сынып оқушысы,
Пән мұғалімі: Байбатырова Айкүміс