Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Сол жылдар бойы жинақталған қазынаны жылына бір рет салмақтап отырады.
Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның қалалық кезеңі өткізді. 9-11 сыныптар арасындағы білім бәсекесіне Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары барлық пәндер бойынша өз бақтарын сынға салды.
«Білімді мыңды, білікті бірді жығады» деп даналарымыз тегін айтпаған ғой. Қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары өз мектептерінің намысы мен өздерінің білімдерін қатар сарапқа салу үшін жобаға қатысқан болатын. Сын сағатта бәйгеге түскен жастардың арасынан 10 сынып оқушысы Алтаев Теміржан «Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі ауыл көрінісі» тақырыбында жоба қорғап, жүзден жүйрік атанды. Ғылыми жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Солтан Алтай. Енді Алтаев Теміржан облыстық ғылыми жобалар байқауында Петропавл қаласының намысын қорғайтын болады.
Көкбасқызы Жазира,
Білім айнасы
Қызылжар қаласы