Home » Жаңалықтар » Жігерлі  жас

Жігерлі  жас

«Талаптыға нұр жауар» демекші  Ыбырай атаның есімін иеленген киелі білім ордасы Рудный әлеуметтік –гуманитарлық колледжі қай кезде болмасын  талантты   студент жастарға бай. Солардың бірі —  Серикжанов Ансар.

Бүгінде  «Шетел тілінің мұғалімі» мамандығының соңғы курсында  білім алып  жүрген Ансар колледждегі ең белсенді студенттердің бірі. Себебі ол баскетболдан колледж намысын  облыс төңірегінде қорғап , үнемі жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Колледждегі баскетболдан   құраманың мүшесі ретінде қабылданған Ансар  оқу мен спортты қатар алып жүруге тырысады. Тіл үйренуге деген қызығушылығы мектепте оқып жүргенде басталған екен. Ол қаламыздағы №18 мектептің  түлегі. Кішкентайынан епті де  жігері мықты  Ансар спортқа  да бейім.

Сондықтан болар  мектеп қабырғасынан бастап-ақ  ата-анасы Ансарды спорттық секцияларға қатыстырып баланың  талабын  ұштаған. Бала кезден бастаған ынтызарлық  күні бүгінге дейін жандана, дами түсті.Колледжде  оқыған күннен бастап оның  талантын дене шынықтыру мұғалімдері бірден байқап, әрі  қарай  жұмыс  жасады.   Ол баскетболдан басқа да  спорттың  өзге де түрлерімен жақсы айналысады. Атап айтар болсақ, хоккей, дзюдо, стритбол т.б

Оның қоржынында көптеген мадақтамалар мен медальдер толып жатыр. Ол өзінің әрбір    жеңісін үлкен жауапкершілік пен  тынымсыз еңбектің   жемісі деп біледі. Қазақы отбасында өсіп  өнген   Ансардың  алдағы  мақсаты өз мамандығының майталманы атану. Сонымен қатар кішкене  күнінен  үкілеген үміт артып, болашағының  жарқын  боларына сенім білдірген  ата анасы  және  қазыналы  қария Шолпан әжесінің берген тәлім тәрбиесіне адал болуды мақсат тұтқан. Ол  бүгінде колледж мақтанышы. Оның үнемі қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүргенін   байқап  әрі орынды  бағалап колледж  директоры  Ж.Қ.Құсайын «Ең үздік100 студент» жобасының арнайы жеңімпазы ретінде мақтау қағазымен марапаттады. Мұндай толағай табыс  Ансар үшін үлкен мәртебе болды.

Күш қайраты бойда тасыған жігерлі жастың алда алар асулары әлі де молынан  болатыны айдан анық. Тек оның  бойындағы өз өзіне деген сенімділігі  мен  спортқа құштарлығы басым бола түссін .Осындай  жігерлі жастарымыздың  арқасында   егемен елдің  болашағының нұрлы болатынына көңілге  нық  сенім ұялатады.

 

Досанова Ұлзира
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі
«Жас қаламгер» үйірмесінің мүшесі  ББМ-02 тобының  студенті

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.