Home » Айтарым бар » Жыр жүйрігі – Мұқағали

Жыр жүйрігі – Мұқағали

Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, — деп жырлаған, әрбір өлеңі мұңлы да, сырлы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 87 жасқа толуына орай «Қақпақ» жалпы орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімдері мен кітапханашының ұйымдастыруымен «Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев» атты әдеби- сазды кеш болып өтті. Кеште мектеп оқушылары ақын шығармаларын керемет деңгейде жеткізе білді. «Әрбір өлең тыңдағанда, Мұқағалидың түпкі ойын түсінгендей әсер алдым. Оқушылардың дайындығы өте жақсы екендігі көрініп тұр,»- деді қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алуа Рысбекова. Әдеби кеште ақынның   өмірінен үзінділер көрсетіліп, өз даусымен оқыған өлеңдері көрермендерге ұсынылды. Алдағы уақытта бұндай іс-шаралар үнемі болып тұрады деп сенеміз.

Абуева Жанерке,
«Қақпақ» жом кітапханашысы,
Қазығұрт ауданы, ОҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.