Home » Ашық сабақтар » Жыл мезгілдері. Сайдалиева Элмира Арипжановна

Жыл мезгілдері. Сайдалиева Элмира Арипжановна

Мақсаты:

Білімділік: балаларға жыл мезгілдері жайлы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер тұралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Зейінділікке, ұстамдылыққа. Тапқырлыққа баулу.

Тәрбиелік: балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: табиғат бейнеленген сурет, жыл мезгілдері, ерекшеліктеріне арналған үлестірмелі суреттер, ақ қағаз, жұмсақ түрлі түстегі салфетка, қайшы, желім.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пәнаралық байланыс.

Сабақ барысы:

Психалогиялық сәт:

  • Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.Сәлем – сөздің анасы.Апайларға қарашы.Біздер сәлем береміз
  • Сәлеметсіздер ме, апайлар!
  • Бәріңізге ізетпен
  • Қонаққа келіп отырған
  • Әрбір адам баласы
  • Балалар, айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Жаз айларын білеміз бе?
  • Жақсы, бүгін біздің сабағымыз осы жыл мезгілдері туралы болады.
  • Бәріміз орнымызға отырайық.
  • Балалар, сендер жыл мезгілдері тұралы тақпақ білесіңдер ме?

Санам:

Күз айы басталды

Құстар қайта бастады

Жапырақтар сарғайып,

Жерге түсе бастады.

Мадина:

Жапалақтап ала қар,

Жауады күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шанғыларын арқалап.

Раяна:

Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда,

Құлпыртып өмірді,

Гүл ектік бақтарға.

Самандар:

Жайқалып жапырақ

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақты.

Балаларды 4 топқа бөліп, жыл мезгілдерімен атап шықты.

Тәрбиеші слайдтан күн, қар, жапырақ, гүл суреттерін көрсетті.

                       

Әр топ өздерінің мезгіліне тиісті суретті алып салфеткадан жасап берді.

Тәрбиеші әрбір топтағы балаларға мезгілдер тұралы сұрақтар қойды.

  • Қыста қандай өзгерістер болады?
  • Қыс мезгілі ұнай ма?
  • Сендер қандай ойын ойнайсындар?
  • Қыста қандай мереке бар?
  • Көктем мезгілінің айларын кім атап береді?
  • Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
  • Көктемде қандай мерекелер бар?
  • Көктем тұралы кім тақпақ біледі?
  • Күз мезгілінің айларын кім атап береді?
  • Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске боялады?
  • Күзде жасалатын жұмыстар?
  • Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
  • Жазда суда шомылғанды ұнатасыңдар ма?
  • Балалар, сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті:

Көбелектің көбін-ай

Қызылын-ай, көгін-ай,

Бәрін ұстап алар ем

Жолдасымның жоғын-ай.

«Не қажет?» дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші: Балалар стол үстінде түрлі-түсті сүреттер жатыр. Осы суреттерді әр топтан бір бала шығып мезгілге тиесілі сүреттерді жинап себетке салу керек.

(Балалар шапшаңдықпен суреттерді топтарға бөліп себеттерге салды).

Тәрбиеші: Балалар мен сіздерге жұмбақтар жасырамын, қай топ көп табар екен.

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады.      (Қар)

Ақ көбелек қонды

Құстар енді тоңды.   (Қар)

Таңмен көзін ашады

Әлемге нұр шашады.         (Күн)

 

Көктен түседі

Жер ішеді.             (Жаңбыр)

Киіз үйімнің төбесі түбітке толы

О несі? (Бұлттар)

Жапырақты бояды

Атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды.  (Күз)

Тәрбиеші: Бүгінгі сабақ ұнады ма? Біз сендермен не үйрендік?

Балалар: Жыл мезгілдері туралы біліп алдық.

Тәрбиеші: Қонақтармен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыздар!

Сайдалиева Элмира Арипжановна

«Балапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

ОҚО, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.