Home » Мақалалар » Жылы жүрек – жомарт қол

Жылы жүрек – жомарт қол

«Жылы жүрек – жомарт қол» ұранымен Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру метеп-интернатының «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы аясында құрылған «Қайырымдылық қол» тобы және 9 сынып тәрбиешісі А.Б.Айдрахметовпен Темірбике Бапиевнаның үйіне барып қол ұшын берді. Әженің үйінің кілемдерін қағып және қорасын жинасты. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Көп болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық!

  

Айнагүл Калымбекқызы Жусупбаева

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру

мектеп-интернатының  мұғалімі

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.