Home » Ашық сабақтар » Жылдамбаева Жұпар. Тәуелсіздік тұғыры биікте!

Жылдамбаева Жұпар. Тәуелсіздік тұғыры биікте!

 

Мақсаты; Тәуелсіздік туралы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту. Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға ел егемендігін сақтай біліге, елінің кірпіші болып қалануға баулу.

Жүргізуші; Құрметті қонақтар, тәрбиешілер, балалар! еліміздің  тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына қосылды. Балалар сендер болашақтың иесісіңдер. Сәбилердің күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Күндер өтті кешегі,

Жігер құм боп жасыған.

Несіне оны жасырам

Гимніміз бүгінгі,

Баға жетпес асыл ән.

Хор; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні «Менің Қазақстаным

Жүргізуші; енді балалар « Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.

-Балалар, біз қай  мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан мемлекетінде тұрамыз

-Қазақстан Республикасының  Елбасы кім?

-Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев

-Балалар, Қазақстан қандай ел?

-Қазақстан  тәуелсіз егеменді мемлекет

-Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздкеріміз пайда  болды

-Еліміздің рәміздерін кім атап береді?

-Ту Елтаңба, Әнұран

Асылзада ; Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Көк аспанда сары күн

Көк аспанға жас қыран

Алтынбек;  Елтаңбасы елімнің

Нетке айбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортақ аспан әлемі

Қайрат; Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Мұндада бар елдігім

Мұнда бар елдігім

Абылай; Еліміз бар егемен

Бақытты едік не деген

Батыр десе батырмыз

Ақын десе ақынбыз

Жансая; Тәңір желеп жебеген

Қала салып жатырмыз

Елбасы өзі демеген

Ұш десе ұшып кетеміз

Жұлдызға да жетеміз

Қазақ деген кемемен

Жүргізуші; Қазақстан Республикасының  астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астанаға көшірілді.

-Балалар, біздің мемлекетіміздің астанасы қай қала?

-Астана

-Ия балалар, дұрыс айтасыңдар. Олай болса біздің балалардың биін тамашалайық

Би; «Вальс»

Жүргізуші; Ежелден-ақ жақсылықты алладан күтіп болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай, қазақ халқын кең байтақ жерімізге,  жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін, өз мәдениетін дамытам деген қазақтарға мүмкіндік бермеді. Ол 1986 жылғы 16-желтоқсандағы шайқас еді

Әсемай; Қазақстан елім менің

Қазақстан жерім менің

Саған арнап айтылады

Әнім менің Қазақстан

Нұралы; Қазақ жері Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем сағынамын

Отаным сен Қазақстан

Ұлдана; Отан-жерім, отан-суым,

Отан қуат нәр береді

Отан ұран , отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

«Қазақ биі»

Нұрәділ;  16-шы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан

Атаммене барған күн

 

Мансұр;  Азаттықтың ақ таңы

Арайланып атқанда

Көңіл толып шаттанып

Қуанышқа батқанмын

Ақмоншақ;  Жыр арнадым еліме тебірене,

Үміт артам елімнің ертеңіне

Тәуелсіздік алып,

Отаным жылдан жылға көркеюде

Индира; Тәуелсіздік елім бар,

Көк айна көлім бар.

Кең жайлау жерім бар

Егемен елім бар.

Ойын: « Қазақстанның туы қайсы?»

Ән; «Біз бақытты баламыз»

Жүргізуші; Ар намысты асқақ рухты ата бабамыз аңсап күткен, келешек ұрпаққа жарқын жол көсеткен азаттықпен тәуелсіздігі жарқын болашақ өміріне үлкен үміт пен армандарына қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз.

Елімізде бейбіт, тыныш заман болсын.

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, ел басшысы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аман болсын! Құрметті қонақтар осымен «Тәуелсіздік тұғыры биікте атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет сау болыңыздар.

 

Жылдамбаева Жұпар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Балдәурен» бөбекжайы» МКҚК

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.