Білім беру салалары: Таным, шыгармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану, сурет салу
Тақырыбы: Қанатты достар
Мақсаты: Тәрбиелік: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып оны күтіп баптауға, аялауға оларға қамқорлық жасап , мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Білімділік: Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.
Дамытушылық: Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген қызығушылығын, тілдерін дамыту,сөздік қорын молайту.
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, тақпақ, жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: құстар,ұя
Билингвальді компонент: құстар-птицы, қарлығаш- ласточка, торғай- воробей
Қолданылған көрнекіліктер:Слайд, суреттер, сурет салуға қажетті құралдар
Әрекет түрі: Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғалыс
Ұйымдастырушылық ізденістік: Шаттық шеңбері
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қай айы? Аптаның нешінші күні? Апта аттары?
Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырайын шешуін табуға тырысып коріңдер. Мұхият тыңдаңдар.
Қанаты бар талмаған
Аспанға ұшып самғаған
Жауы шыбын шіркейден
Табиғатты қорғаған
Бұл не?
-Ия балалар құстар біздің қанатты достарымыз
Құстардың түрі өте көп
Құстар қанат және қауырсындарымен ерекшеленеді.Олардың ауыздарының арасында тұмсық, қолдарының арасында қанат, екі аяғы бар, бірақ олар көбіне аспанда ұшып қалықтап жүреді.
(Суретін кореміз)
Құстар екі топқа бөлінеді: Жыл құстары және қыстап қалатын құстар
Жыл құстарына: Қарлығаш, бұлбұл, тырна,қараторғай
Қыстап қалатын құстар: Торғай, қарға, суықторғай
Құстар зиянды құрт құмырсқалармен қоректенеді. Сөйтіп олар зиянды жәндіктерді құртады.
Суық мезгілде құстардың жем табуы өте қиын.Сондықтан адамдар жем сауыт жасап , оны ағаш бұтақтарына іліп қояды.Жем сауытқа нан қиқымдарын, бидай жем салуға болады.
Орыс тілінде олар былай аталады: Құстар- птицы, торғай- воробей,қарлығаш- ласточка.
Жасырынбақ ойыны: Шарты дөңгелектің артында бір құс тығылып тұр, ол қай құс? Шешуін тап.
Балалар құстар туралы тақпақтар айтайық:
Ислам:
Құстар тойын құттықтар
Қуанамыз қолдаймыз
Ұя жасап құттықтап
Біз оларды қорғаймыз
Аниса:
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға боледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді
Ерхан:
Бейбітшілік құсы көгершін
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін
Аспан тұнық, шат көңілді болайық
Ақ ниетті адал жандар көбейсін
Мерей:
Торғай, торғай тоқылдақ
Жерден жемді шоқып ап
Бөтегесі бүлкілдеп
Шик- шик етіп отырмақ
Сурет бойынша әңгімелеу:
Балалар құстар біздің досымыз екен. Олардың ұясын бұзуға болмайды.өлтіруге болмайды. Құстардың ішінде бізге жақын құстарда бар. Қарлығаш үйге ұя салады, ол адамның досы.
Бізге жақын құс ол қарлығаш құсы екен. Ал өте мейірімді, сұлу құс.
Балалар сурет бойынша әңгімелейді.
Сергіту сәті: Қарлығаш (видеодан қарап жасау)
Жеке жұмыс: Торғайға шемішкі шаш. Суретін салу
Жарайсыңдар балалар!
-Балалар құстар бізің қанатты достарымыз
Кімдер екен?
Балалар құстар сіздерге ұнайды ма?
Балалар сіздер қандай құстармен таныстыңыздар?
Құстарға қамқор болуымыз керек, оларға жем беріп күтейік.
Жарайсыңдар балалар!
Балаларды мадақтау
Күтілген нәтиже:
Меңгереді: Құстардың пайдасы,оларды бір- бірінен ажырата білуге байланысты берілген тапсырмаларды орындайды.
Игереді: құстардың бірнеше түрін және олардың ерекшеліктері туралы берілген мәліметтерді.
Игеру керек: құстарды басқа жан- жануарлардан ажырата білу дағдыларын.
Жусупова Қарлығаш Тимурқызы
№16 «Күншуақ»
ортаңғы топ тәрбиешісі,
Атырау қаласы