Home » Ашық сабақтар » Журхабаева Газиза Акбаевна

Журхабаева Газиза Акбаевна

Журхабаева Газиза Акбаевна,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Мемлекеттік арнаулы (коррекциялық)
№33 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының
тәрбиешісі

Әр түрлі іс-әрекет арқылы мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту

Жоспар:
Кіріспе
1.Мектепке дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамытудың өзектілігі.
Негізгі бөлім
2. Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасымен қол үйлесімдігін дамыту.
а) саусақ ойындары
ә) қол бұлшық еттеріне арналған массаж
б) санамақтар
в)саусақ театры
г) дәстүрден тыс сурет салу
ғ) констуктормен жұмыс

Қорытынды
3. Мектепке дейінгі балалардың қол моторикасын дамыту әрбір тәрбиешінің міндеті.
Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз. Сол ұсақ моторика дегеніміз не? Физиологиялық тұрғыдан айтқанда ол қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы. Сонымен қатар «қол мен көздің» тепе-теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады. Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып-білу барысында қалыптасады. Ересек адам нақты бір әрекет жасағанда біздің білегіміз әртүрлі бағытта қозғалу арқылы, қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру әлі де қиынға соғады. Сондықтан қозғалыс жасау кезінде оның қолының иықтан төмен барлық жері қозғалады. Яғни қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді.
Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек?
Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне, сурет салуына, жазуына көмектеседі.
Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А.Сухамлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі.
Балалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның интелектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі. Өкішішке орай, практика көрсеткіші бойынша, қазіргі заманғы балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі төмен деңгейде, ол көбінесе кіші жас балаларда байқалады. Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте де (сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру) басқа балаларға ілесе алмайды. Осы себептен, өзіне деген сенімі, өзін бағалауы, эмоционалдық көңіл-күйі төмендейді. Осының барлығы келешекте мектептің бастауыш сыныптарынан бастап, баланың оқуға деген ынтасын төмендетіп, негативтік әсерін тигізуі мүмкін. Моторика деген не? Бала дамуына қандай әсер тигізеді? Ата-аналарға балаларын мектепке дұрыс дайындап, жан-жақты дамуына қандай көмек көрсетуге болады?
Ұсақ қол моторикасын дамытуда қолданылатын жұмыс түрлері:
Тәрбиешінің балалармен бірлескен іс-әрекеті. Балалармен жеке жұмыс.
Балалардың ерікті өз бетімен іс-әрекеттері. Ата-аналармен жұмыс.
Мысалы менің тобымның балалары 3-4 жас аралығындағы екінші сабилер тобының балалары. Осы балалар өздері киініп, шешіне алмайды, бәтеңкелерінің бауын байлай алмайды. Тек ішінде 3-4бала ғана өздері киініп, шешіне алады. Сурет салу сабағында да 5-6 бала ғана салынған суреттің сыртына шығармай бояйды, қалғандары қалай болса солай бояйды. Міне осы балалардың ұсақ қол моторикасы дамымаған. Қолдың бұлшық еттері жетілуі үшін қолға ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысын жүйелі жүргізу қажет. Осы мәселе жайында көптеген тақырып пен жұмыс жасап, түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы біраз жұмыстар жасадым. Бұл ретте тәрбиешінің балалармен бірлесе отырып жұмыс жасау іс-әрекеті, балалармен жеке жұмыс жүргізу, балалардың ерікті өз бетімен жасайтын іс-әрекеттері және ата-аналармен жұмыс жүргізу қажет.
Саусақ ойындары

Қолдың бұлшық еттеріне арналған массаж Сергіту жаттығулары Саусақ театры Дәстүрден тыс бейнелеу әрекеті: Дәстүрден тыс сурет салу (мөрлермен, саусақпен, алақанмен, мақта таяқшалармен, істіктермен, паролонмен, дымқыл қағазға, мыжылған қағазға сурет салу) Мүсіндеу әрекеті ( табиғи материалдарды қолданып, ермексазбен, тұзды қамырмен мүсіндеу) Құрастыру (дәстүрден тыс материалдармен жұмыс істеу, лего конструкторымен жұмыс) Әр түрлі аппликацияның түрлері (жырту тәсілі, умаждау) Айналдырып сызу, штрихтау, бояу Дидактикалық ойындар М. Монтессори баулықтары Ұсақ заттармен, ойыншықтармен ойындар Пазлы, мозайка т.б
Саусақ ойындарына «саусақ пен мұрын амандасады» балалар қол саусақтарымен мұрындарын уқалайды. «Теңгелерді қорапқа жина» қорапшаға парта үстіндегі тенгелерді жинастыру.Бұл ойын да саусақтың ұсақ моторикасын дамытуға өте пайдалы. «Саусақпен дөңгелектер суретте», « амандасайық». Екі қолмен амандасып қолдарын саусақтарымен қысу. «Саусақпен ойнаймыз-тілді дамытамыз»
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
Бас бармақ, балан үйрек
Ортан терек, кішкентай бөбек
Шылдыр шүмек, қуыр,қуыр, қуырмаш-деп бір-бірлерін құттықтайды.
Санамақ
Екі көз бен қос құлақ
Бір бас пенен бір мұрын
Нешеу болды қос шырақ,
Санап шығар кім бұрын?!
Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің…
Нешеу болды қане, бол,
Санап шығар кім бұрын?!
Сұқ саусағым суға барды
Ортаң қолым орақ орды.
Аты жоғым ағаш жарды,
Жұмсамапты алақаным,
Тек шынашақ–балапанын.
Тақпақтардың сүйемелдеуімен орындалатын ұсақ моторика ойындарын ұйымдастыруына аса мән берген жөн. Бұл ойындар көзі нашар көретін балалар үшін өте пайдалы. Себебі ойын баланың сөздік қорын көбейтеді, жеке сөздердің нақты әрі дұрыс айтылуын қалыптастырады.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға төмендегі ұсақ моторика жұмыстары қажет:
бетті, қолды үгу;
саусақ ойындары;
театр түрлері;
дидактикалық ойындар;
табиғи заттармен ойындар;
шығармашылық жұмыстар;
оригами (қағаз бүктеу).
Саусақ жаттығуы
Саусақ жаттығуларының мағынасы туралы кітаптарда аз жазылған жоқ. Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан ойынды ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының(диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.
Қане аздап-шынығып көрейік.
«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.
Екі қырықаяқ Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі.
Жолмен жүгірді.
Жүгірді, жүгірді.
Бір-бірімен кезікті Екі алақанды қосады.
Құшақтасқандары соншалық Сұқсаусақтарды айқастырады.
Құшақтасқандары соншалық Ортаңғы саусақтарды айқастырады.
Алақандарды айқастырады.
Екеуін күштеп ажыраттық. Қолдарды жібереді.
«Қомағай» саусақ жаттығуы
Әр қатысушы беторамалдың ұшынан ұстайдыда біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.
Қарным менің қомағай
Бәрін- бәрін жұтады.
Қомағайдың қарны енді
Сусиырдай болып кетті.
Жаттығу екінші қолға да жасалады. Содан соң екі қол бірге қатарласа жасайды.
Театр түрлері
Саусақты- сөйлеу қызметін дамытуда театрдың атқарар орны бөлек.
Мектепке дейінгі мекемелер театрдың түрлерін көп қолданғаны дұрыс. Мысалыға, «Суретті театр», «Саусақтар театры», «Қолғаптар театры» т.б. Бұл үшін епті қолдармен қатар рөлге еніп ойнауға, монологтарды айтуға, жаңа рөлдер ойластыруға, қойылымдарды дыбыстауға деген ынтасы болу керек. Қуыршақтар әуез ырғағымен қозғалуы, бастарын бұрып, еңкеюі балалардың саусақтарымен орындалады.
Табиғи заттармен ойындар
Есте сақтау қабілетін қалыптастыруға, қолдың саусақтар қимылдарын жетілдіруге, аз-көп сөздерінің мағынасымен таныстыруға табиғи заттармен ойындарының көмегі көп. Бұл ойындар әсіресе бүлдіршіндердің қызығушылығын оятады.
Баладан дақылдардың түріне, көлеміне қарай ыдыстарға бөліп салуға көмек сұраңыз. Мысалы, бұршақты- үлкен, күрішті- орташа, тарыны-кішкентай ыдысқа салу керек.
Шөлмекке салынған дақылдарды шайқап, дыбыс шығаруға болатынын түсіндіру, дыбысты тыңдату. Бұл ойында шөлмектің аузына бұршақтарды салудың өзі балаларды қызықтырады.
Кішкентай қасықпен дақылды бір ыдыстан екінші ыдысқа салу. Қасықпен жұмыс кезінде қолдың басы қимылдайды, мұқияттылықпен, ұқыптылықпен орындауға бейімделеді.
Енді бұршақ түстеріне, пішіндеріне, көлемдеріне қарай отырып, суреттер салуға да болады, яғни салынған суреттерге дәндерді орналастырып шығу.
Шығармашылық жұмыстар
Шығармашылық жұмыс жүргізе отырып баланың сөйлеу құзыреттілігіне әсер етуге болады. Қайшы, қағаз, тұзды қамыр, ермексаз, бояулар, қаламдарды қолдана отырып жүргізілетін жұмыстар тек сенсорлық қимылды жаттығу ғана емес. Шығармашылық жұмыс ойлау, сөйлеу қабілетінің белсенділігін, балалардың қоршаған заттар туралы түсінігін тереңдете отырып көрсетеді. Тәрбиешілер әдеттегінше сурет салудан бөлек, жарма, құм беттеріне де сурет салдырған өте пайдалы.
Оригами
Оригами- қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау. Оригами жасау кезінде балалар екі қолымен бірдей жұмыс атқарады. Оригами ұсақ моториканың дамуына оң әсер етумен қатар мидың жұмысына, сөздік қор жинауына, сөздерді және сөйлемдерді дұрыс байланыстыра отырып сөйлеу қабілетіне тигізер пайдасы мол.

Мысалы, «Бақа» жасату.
Жолда бақалар кезікті
Аяқтарын соза секіреді
Ква- ква- ква!

Саусақ ойыны

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Бұл саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойын арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып,ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.
Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайтын болады. Сонымен қатар балалр екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Қарапайым саусақ жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған сабақтарда, серуенде режимдық кезеңдерде, ояну кезінде пайдаланамын .
Саусақтармен әр түрлі жаттығуларды орындай отырып, балалар ұсақ моторикасының дамуында жақсы нәтижеге жетеді. Сурет салуға, жазуға дайындаудан бөлек сөйлеу құзыретілігін дамытады. Қолдың басының қозғалу икемі жақсарады. Бұл балалар жазу, сызуды сенімді түрде орындайды. Жоғарыда айтылған жаттығулар мен ойындар балалардың мектепте жақсы білім алуына әсер етеді. Сол сепбепті қолдың саусақтарының қимылдарын қалыптастыру үшін күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетерде, серуенде әр түрлі ойындар мен жаттығулар қолдануды ұсынамын.
Дәстүрден тыс сурет салу. Берілген техника бүлдіршіндердің әрекетіне белгілі жаңалық енгізумен бірге қалаған нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді, балалардың қызығушылығын оятады.мысалы сурет сабағында, түстен кейінгі уақытта балаларға қыл қаламды еркін ұстатып, жіңішке, жуан, жалпақ сызықтар түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап, қаттырақ басу деген сияқты жұмыстар қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімдігін дамытады.
Балалардың ұсақ моторикасын дамыту жұмысының тағы бір түрі көп функционалды құрылғылар жиынтығы. Көп функционалды ойыншықтар жиынтығы-бұл балалардың ойын ойнау дағдыларын, құрастыру қабілетін дамытуға арналған қызықты авто дидактикалық материал.
Көп функционалды ойыншықтар жиынтығын пайдаланып, ойнатылатын ойын түрлері:
1. Шапшаң және ептілер.
Екі аяқтың ортасында жерде тұрған жиынтық бөлшегін алға еңкейіп алып, екі қолмен жоғары көтеру.
2. Бөлшектерді домалатамыз.
Тізерлеп отырған баланың алдында, еденде домалақ бөлшектер жатады.
1. Бала оңнан солға, солдан оңға қарай бөлшекті өзін айналдыра домалатады.
2. Біресе оң қолмен солға, сол қолымен оңға қарай домалатады.
3. Түстес үйді тап.
Еденде түрлі түсті бөлшектер шашылып жатады. Балалар музыка әуенімен билеп жүреді. Музыка тоқтағанда балалар жүргізуші атаған бөлшектің түсін танып, сол бөлшектің үстіне отыра қалу керек.
4. Қамал тұрғызамыз
Түрлі түсті, түрлі көлемді бөлшектер шашылып жатады.
Жүргізушінің нұсқауы бойынша белгілі бір түсті, бөлшекті жинап қамал тұрғызады.
Бұл ойындар бұлшық ет, жұлынын, табанын қатайту, қозғалу координациясын дамытуға пайдасы зор.
Қорытынды
Әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы балаларға шығармашылық процесстен, өз туындысынан ләззат алып, әр жұмысты , әр істі қызығушылықпен орындауға болатынын үйретемін. Келешекте де өткізген жұмыс нәтижесінің жемісті болуы үшін жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіріп қолдануды жалғастырамын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.