Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімдер: Қоршаған ортамен танысу, экология, көркем әдебиет
Мақсаты: балаларды теңіз астындағы жәндіктермен және олардың түрін, су астында қалай тіршілік ететінін таныстыру;
Білімділігі : Теңіз астындағы ерекше жәндік түрлерімен таныстырып білімін көтеру;
Дамытушылығы: Шығармашылық жұмыс барысында балалардың ой- өрісін және сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғаттың бір бөлігі теңіз жәндіктеріне қызығушылығын арттырып оларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Балдыр, сегізаяқ.
Билингвалды сыңары: Осминог-сегізаяқ, жұлдызша- морская звезда.
Заттық дамыту ортасы: Кеме, глобус, теңіз түбі бейнеленген слайд, пазлы, гуашь, қылқалам, ақ қағаз.
Шаттық шеңбер:
Күн анадан, жер анадан қуат аламыз.
Оны өзіміздің денемізге беріп
Күннің жылуын
жүрегімізге сыйлаймыз.
Табиғат егіз адаммен
Ұқсастық табам содан мен
Мәңгілік болсын егіздер
Жер- ана, көл теңіздер.
— Балалар, саяхатқа шығып әлемді шарлағанды ұнатасыңдар ма?
-Ия
— Мен сіздерді бүгін теңізге саяхатқа шақырамын.
— Қараңдаршы, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
-Глобус
— Анықтап қараңдаршы, егер оны мен айналдыратын болсам, оның түсі қандай болады
-Әр түрлі
— Ал егерде қаттырақ айналдырсам, онда глобустың түсі көкпеңбек түске айналады.
— Қане кім жауап береді, неге бұлай болды?
— Өйткені көк бояу қоңыр мен жасылға қарағанда көбірек
— Глобустағы көк түс нені білдіреді?
— Теңіздер мұхиттар барлық жерде бірдей боялған ба?
— Неге?
— Теңіздер мен мұхиттар
— Жоқ
— Біреулері терең, біреулері онша терең емес.
— Дұрыс айтасыңдар! Сонда да теңіздер мен мұқиттар өте терең. Тіптен биік таулардың өзі де теңіз шыңыраудың биігінен көрінбейді. Теңіздің ұшы – қиыры жоқ кең, онда апталап жүзе беруге болады. Қай жағыңа қарасаң да мыңдаған километрге дейін созылып жатқан суды көресің.
— Олай болса бәріміз кемеге отырып саяхатқа шығуға дайындалайық.
Кемеге отырады
— Балалар, біз қандай жерге саяхатқа шығатынымызды көріп алайық.
Мен кеме капитаны боламын, ал сендер зерттеуші боласыңдар. Қане, өз орындарыңа жайғасыңдар.Ал балалар көңілімізді көтеріп ән салып барайық.
Алыс – алыс елдерге,
Орман, тоғай көлдерге
Саяхаттап барамыз
Теңіз түбін көруге
Қимыл-қозғалыспен әндетіп айтады
— Балалар қараңдаршы! Белгісіз аралға келіппіз, жан-жағымызға қарайықшы, аралды толқыған су қоршап жатыр, енді осы аралға түсіп көрейік
Толқыған теңіз слайдты көреді
— Бұл неғылған сандықша екен , бұл сандықтың ішінде не бар екен, ашып көрейік. Қараңдар, балалар, сандықта кітап бар екен. Кітаптың ішінде жұмбақтар жазылыпты, мен оқиын сендер жауабын тауып көріңдер
Бала сандықты көреді — мұнда бір сандық бар екен
Жұмбақты шешу:
- Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса өледі.
Орыс тілінде балықты қалай айтамыз?
-Балық
-Рыба
2.Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су малып
Телегей,
Мұхиттан шықпайды (Кит)
-Орыс тілінде китті қалай айтылады (Кит)
- Асты тас, үсті тас,
Ортасында жанды бас.(тасбақа)
-Орыс тілінде тасбақаны қалай айтылады? (черепаха)
- Басы дәу, аяғы көп,
Су асты оның мекені (Сегізаяқ)
-орыс тілінде сегізаяқты қалай айтамыз? (Осьминок)
- Су астында жүзеді,
Терең суды сүйеді,
Отыз жыл өмір сүреді (Жұлдызша)
орыс тілінде жұлдыөшаны қалай айтамыз? (Морская звезда)
- Адамдардың досы,
Сүйкімді де өзі.
Балыққа өзі жатпайды,
Бірақ сумен ойнайды. (Дельфин)
Музыка Н. Римского – Корсакова «Садко».
— Әуенді естіп тұрсыңдар ма?
-Ия
— Мынау ненің даусы?
-Судың,теңіздің дауысы
— Дұрыс балалар, теңіз жануарлары, жәндіктері туралы сендер білесіңдер, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар, ал енді сол теңіз түбіндегі жәндіктер туралы толық біліп, олардың теңіз түбінде қалай тіршілік етіп немен қоректенетіні жайлы білгілерің келеді ма?
-Ия
— Ендеше көзімізді жұмып, теңіздің түбіне түсіп, көз алдымызға теңіз түбін елестетіп көрейік.
Балалар көздерін жұмып, теңіз түбін елестетеді
— Балалар, қараңдаршы, мынау кай теңіз жануары?
— Делфин
— Ия, дельфиндер кейде тұмсығымен соғып, акуланы да өлтіріп қоятын кездері болады. Аккуланың өзі де дельфиннен қорқатын сәттері жиі кездеседі.
— Делфин туралы не білесіңдер?
— Дельфин эмоцияға толы көңілді, әзілкеш, топтасып өмір сүретін тіршілік иесі және өте ақылды, адамдардың досы.
— Ал аккула туралы не білесіңдер?
— Аккуланың түрлері өте көп. Барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, оның көру қабілеті жақсы жетілмеген,ал иіс сезу қабілеті өте жақсы.
— Аккуланың салмағы 14 тоннаға дейін барады, ал денесінің ұзындығы 15 -20 м дейін болады екен.
— Су патшалығындағы ен үлкен қандай жануар?
-Кит
-ОЛ өте ірі жануар
— Мынау теңізді мекендейтін қай жәндік
-Сегіз аяқ
— Балалар сегізаяқ су астында баяу қозғалады. Бір қызығы сегізаяқтың аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын төмен салбыратса, ол дереу ұйқыға батады.
— Сегізаяқтар немен қоректенеді?
— Сегіз аяқ майда балықтармен, ұлулармен, балдырлармен қоректенеді.
Ал, балдырлар өсіп, олар су астында өттегі бөледі
— Мынау теңізді мекендейтін қай жәндік?
-Жұлдызша
— Теңіз жұлдызшаларының денесі былқылдақ, бірақ ұстаған кезде қап-қатты болып қалады. Олардың үстіңгі жағын төмпешіктер, тікенектер, қысқа қылтанақтар жапқан.
— Теңіз жұлдызшасы туралы не білісіндер?
— Теңіз жұлдыздарының көпшілігі жыртқыштар.
— Олар молюскалармен, шаян тәрізділермен, теңіз кірпілерімен, майда балықтармен қоректенеді
— Балалар, сендер өздеріңе таныс жануарлар мен жәндіктерді танып, атын атадыңдар.
— Су астында тағы да көптеген жәндіктер кездеседі — теңіз тасбақасы, теңіз аты, медуза, теңіз шаяны. Олар туралы келесі жолы танысамыз.
— Ал, балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар, бойларымызды сергітіп, жаттығу жасап алайық.
Сергіту сәті:
Балық жүзді таза суда,
Бір керіліп, бір жиырылып.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға
Проблемалық сұрақ.
— Балалар, ластанған суда тіршілік болады ма?
-Жоқ
— Неге?
— Сен қалай ойлайсын? — деп бірнеше балаларға сұрақ қояды.
-Су астында оттегі таусылады.
-Балықтар өледі
-Дельфин, кит, акулалар да өмір сүрмейді
— Таза су болмаса адамда өмір сүре алмайды
– Ал, олар сөйлей алса, бізге не айтады екен?
— Суды ластамаңдаршы.
— Суға қоқыс тастамаңдаршы.
— Машиналарды келіп судың жағасына жумаңдаршы.
— Ау-қармақ дегенді бейберекет сала бермеңдерші.
— Бізге жиі қамқор болыңдаршы.
— Табиғатты үнемі аялап күтіңіздерші
Су патшасы келеді:
— Сәлеметсіздер ме балалар!
Сендер су астындағы жануарлар, жәндіктер туралы көп біледі екенсіндер.
-Сәлеметсіз бе
— Ендеше, сіздер алдыңыздағы турған заттармен су астындағы тіршілік туралы не жасай аласындар?
Тәрбиеші: Иә, Су патшасы біздің балалар алдарындағы әр түрлі заттармен жұмыс жасайды.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
-Пазлы құрастыру, мүсіндеу, сурет салады
Су патшасы: Балалар жарайсыңдар, сендер біздің теңіз жәндіктері туралы білетіндеріңді көрсеттіндер. Маған өте ұнады.
Тәрбиеші: Су патшасы біздің балалар өз жұмыстарын сізге сыйға тартықысы келеді.
Балалар жасаған жұмыстарын қуанып, Су патшасына береді
Су патшасы: Маған өте ұнады. Менің де сендерге беретін сыйлығым бар.
(балаларға сыйлығын береді, қоштасып кетеді).
Балалар рахметін айтып, қоштасады
- Жарайсыңдар балалар! Енді осы саяхаттан қандай әсер алдыңдар?
- Маған дельфиндер үнады, олар адамның досы екен.
- — Су астындағы көп жәндіктер бар екен
- -Маған қағаздан жасаған балық үнады
- — табиғатты аялап күту керектігін білдік.
- Тамаша ондай болса, кемеге отырып балалабақшаға қайтайық.
- Балалар кемеге отырады.
- — Саяхатымыз ұнады ма?
- -Ия.
- Күтілетін нәтиже:
- Білу: Теңіз астындағы жәндіктер, су жануарлары , су астындағы тіршілік туралы;
- Меңгеру: Сурет бойынша әңгімелеу, тыйым сөздерді, өз ойларын жеткізу;
- Жасай алу: Тапсырмаларды дұрыс орындау, өз құрбыларының жауабын тыңдау
Жунисова Гульнар Кенесбаевна,
«Айгүл» балабақшасының
жоғары санатты тәрбиешісі,
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы