Home » Ашық сабақтар » Жумажанова Нурслу Акылбаевна

Жумажанова Нурслу Акылбаевна

Жумажанова НурслуАкылбаевна,
Ақсу қаласы, Павлодар облысы
«Айналайын» бөбектер бақшасының тәрбиешісі
.

 

Шалқан ертегісі
(Білім беру мен тәрбие қызметінің ұйымдастыру картасы)

 

 

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Көркем әдебиет
Мақсаты:Шалқан ертегісін мнемокесте арқылы айтқызуды үйрету.
Міндеттері:
1. Білімділік: Ертегі мазмұнымен таныстыру. Ертегі кейіпкерлерінің бір-біріне айтқан сөздерін айтқызу арқылы оны сахналауға талпындыру.
2. Дамытушылық:Ертегіні сахналау арқылы, тілін дамыту, ойын, зейінін, сөздік қорын дамыту.
3. Тәрбиелік: Достыққа, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қос тілдік компонент: ертегі-сказка, шалқан-репка
Керекті құрал-жабдықтар:Ертегінің суреттері, жылжымалы суреттер, бейне таспа, атрибур.
Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Кіріспе
бөлім Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Туған жерді аялап,
Жүрейікші жараса!
Сәлем саған нұрлы күн!
Сәлем саған Жер ана! Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
Негізгі бөлім Балалар қараңдаршы біздер ғажайып ертегілер еліне келдік, қане балалар амандасайық.
Балаларға ертегі жайлы мағлұмат беріледі.
Ертегіні тыңдау үшін орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бұрылайық оңға бір,
Бұрылайық солға бір,
Бір серігіп қалайық.
Балаларға бейнетаспа арқылы шалқан етегісін көрсетіледі.
Мнемокестеде берілген суреттер бойынша балаларды шалқан ертегісін айтқызуға үйрету. Сәлеметсіздер ме?

Ертегі жайында мәлімет алады.

Балалар шалқан ертегісін тыңдамай тұрып сергіту сәтін жасап алады. Және қимылмен көрсетеді.

Балалардың алдына берілген мнемо кестедегі суреттер арқылы ертегіні айтуды үйренеді.

Қорытынды бөлім Баяғыда бір үйде,
Шал мен кемпір тұрыпты.
Бір күні шал аулаға,
Шалқан дәнін егіпті.
Шал келеді жұлуға,
Арлы-берлі тартқылап.
Шақырады көмекке,
Үйде жүрген кемпірін…..

Қос тілдік компонент: ертегі-сказка, шалқан-репка
«Шалқан» ертегісін саусақ театры арқылы сахналау.
— Балалар ертегі қызық па?
— Ертегі қалай басталды?
— Ертегіде кімдер ойнайды екен?
Балалар өздері таңдаған рөлдерді ойнап береді.
— Жарайсыңдар балалар, сендер нағыз әртіс екенсіңдер. Ертегіғі тамаша ойнадыңдар.
Ойын: «Кім тапқыр?»
Балалар сендер көздеріңді жұмыңдар. Мен бір кейіпкерді тығып қоямын. Сендер қай кейіпкердің жоқ екенін айтасыңдар.
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.

Қос тілдік жұмыс жасайды.

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Жағыртады: Ергідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіруді.
Түсінеді: Рөлдерге бөлініп ойнауды
Қолданады: Ертегіні мұқият тыңдауды, суретке қарап мазмұнын айтып беру..

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.