Home » Ашық сабақтар » Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

 Ләйлә Сағитқызы Аппазова
Астана қаласы
№52 мектеп-гимназия биология пәні мұғалімі

Пәні: Биология

Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

Мақсаты: Білім алушыларды саңырауқұлақтардың жоғарғы сатысымен таныстырып, олардың төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардан ерекшеліктерін көрсетіп, түсіндіру. Улы және жеуге жарамды сңырауқұлақтарды айыра білуге үйрету.

Міндеті: Білім алушыларды симбиоз, микориза терминдерімен таныстырып, олардың маңызын, ерекшеліктерін көрсету.

Дамытушылығы: Білім алушылардың осыған дейінгі саңырауқұлақтар туралы білген ілімдерін одан әрі толықтырып, саңырауқұлақтардың улы және жеуге жарамды түрлерімен таныстыру.

Білімділігі: Білім алушыларға симбио мен микоризаның айырмашылығын түсіндіру.

Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.

Сабақ типі: аралас сабақ

Құрал – жабдықтар: Улы саңырауқұлақтар, жеуге жарамды саңырауқұлақтардың суреттері, электрокөрсетілімдер, флипчарт, саңырауқұлақтардың нақпішіндері

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Зең саңырауқұлақтарының тұрмыста пайда болу себептерін айтып бер.

  1. Жіпшумақ, мукор, аспергилл, пеницилл ұғымдары нені білдіреді?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

 

Жүйелі жіктеу

1. Қалпақшалы саңырауқұлақтар

2. Саңырау-құлақтардың өсімдіктермен селбесуі

3. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың айырмашылығы

1. Қалпақшалы саңырауқұлақтар қалпақтан және түбіртектен тұрады. Оны жемісті денесі деп атайды. Жемісті денесі жіпшумақтан дамиды.

Саңырауқұлақтар:

1.Түтікшелі                                    2.Қатпарлы

Қалпағының астында           Қалпағының астында

майда шұрықтар болады.     қатпарлар болады.

 

2. Микориза – саңырауқұлақтардың ағаш тамырларымен селбесіп өсуі.

Симбиоз – саңырауқұлақтар мен ағаштардың селбесіп өсуі.

Қалпақшалы саңырауқұлақтар споралары арқылы дамиды, көбейеді. Споралар суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді келеді.

 

3. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар да жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады. Оларды өсімдік еті деп, тағамдарға қосады. Оның құрамында 10-20% құрғақ затының, 2-4% нәруыз, 1% май болады. бұлар саңырауқұлақтың дәмін жақсартады. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 100-ге жуық түрі бар.

 

Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

Жеуге жарамдыУлы
Ақ саңырауқұлақ

Арышқұлақтар

Майқұлақ

Ойысқұлақ

Түлкіжем

Қозықұйрық

Бүріскі

Көңқұлақ

Жалған түлкіжем

Боз арамқұлақ

Шыбынжұт

Көңілкеш

Жалған түбіртек

 

 

Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың айырмашылығы

Жеуге жарамдыУлы
Кәдімгі түлкіжем- қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл-сары түстіЖалған түлкіжем – қалпақшасының үсті тегіс, үстіңгі беті қызғыл-сары түсті
Қозықұйрық – қалпақшасының астынғы жағы алқызыл түсті болады.Боз арамқұлақ – қалпақшасының асты ақшыл-жасыл түсті болады.
Әсер етуші факторлар

 

  1. Бекіту: 37 беттегі кестемен жұмыс
  2. Сабақ қорытындысы: Қалпақшалы саңырауқұлақтар көпжасушалы ағзалар. Хлорофилі жоқ, сондықтан күн жарығын керек етпейді. Бұлардың түтікшелі және қатпарлы түрі болады. саңырауқұлақтардың көбею сызбанұсқасы: қалпақша астындағы спорангий – споралар – жіпшелер – жіпшумақ – жемісті дене – пісіп жетілген қалпақшалы саңырауқұлақтар.

VІ. Бағалау

VІІ.  Үй тапсырмасы: 8,9 параграфтарды оқып, сұрақтарға жауап беру. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды жазып келу

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.