Home » Жаңалықтар » Жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың жаңа үлгісі туралы ақпарат

Жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың жаңа үлгісі туралы ақпарат

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер шеңберінде 2019 жылы жоғары оқу орындарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) жаңа формат бойынша жүргізіледі.

ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың жоғары білім берудегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

Осыған байланысты Ұлттық тестілеу орталығы келесі пәндер бойынша жаңа форматтағы тест тапсырмаларын дайындады: Қазақстанның қазіргі тарихы, Философия, Шетел тілі (ағылшын, неміс, француз), Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Тест ұсынылған жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау арқылы берілген тапсырмалардан тұрады.

Тест тапсырмаларының мазмұны білім алушылардың құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін объективті бағалауға және олардың құндылық бағдарларына, атап айтқанда, сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, патриоттық сезімді тәрбиелеуге, «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында өз халқының тарихы мен салт-дәстүрлерін білуге бағытталған.

Кешенді тестілеуге Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру ұйымдарында  2019-2020 оқу жылдары оқитын 3 курс студенттері қатысады.

Ағымдағы жылдың сәуір айында тест материалдарын байқау сынағына тестілеуге шығару жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.