Home » Мақалалар » Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS» моделінің интеграциясы негізінде оқыту

Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS» моделінің интеграциясы негізінде оқыту

 

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарғысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында техникалық және кәсіптік білім сапасын арттыру, мамандықтың мәртебесін нығайтуға бағытталған негізгі басымдықтардың бірінде оқытушылық құрам біліктілігін арттыру және дайындық сұрақтары белгіленген. Сондай- ақ Қазақстан Республикасында Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына үштұғырлы білімді дамыту бағыты кіреді. Қазақстан халқына “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің үштұғырлығы” арнайы жобасын іске асырды.

Шетел тілін оқытуда пәндік мазмұндағы ақпарат беру, оқушылардың қызығушылығын қанағаттандырып, шынайы өмірмен байланыстырып оқыту мәселелері жаңа бағдар CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS әдісінің мән-мағынасын анықтады.

«CLIL» ағылшын тілінде Content and Language Integrated Learning немесе пән мен тілді кіріктіріп оқыту деп қарастыруға болады. Кейінгі зерттеулерде мынандай анықтама береді: «CLIL-оқушылардың шетел тілінде лингвистикалық және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдіс». TBLT (Task Based Learning and teaching) — бағдарланған оқыту мен оқытудың коммуникативтік міндеттерінің әдісі. Бұл технология тіл үйренудің табиғи үрдісін көрсетеді, онда тіл жаттығу ретінде әрекет етпейді, бірақ тапсырманы орындау құралы ретінде мақсатқа жету құралы. BOPPPS – алты кезең бойынша сабақта жоспарлау моделі: Bridge – in –Байланыс орнату

Objective Міндет пен нәтиже

Pre- assessment Алдын ала бағалау

ParticipatoryLearning  Белсенді оқыту

Post-assessment Қорытынды бағалау

Summary Қорытынды шығару

Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оны жүзеге асыру – ұстаздардың міндеті. Сондықтан да заманауи ұстаздарға тоқтаусыз ізденіс қажет.

Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Кем дегенде үш тілді меңгеру — заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады.

Мұндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып табылады, яғни мұнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу құралы ретінде қарастырылады. CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS әдісі тілге бағытталмаған пәндер мен осы пәнді оқытудағы тілдің даму шеберлігіне бағытталған. CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS әдісі студенттердің мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолы ағылшын тілін оқып, үйрену. Ағылшын тілін үйрену  – көптеген ізденістерді, талпыныстарды, уақытты, жаңа технологияны керек етеді.

Осындай мүмкіндікті пайдаланып біз CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS әдісі бойынша Жоғары аграрлық техникалық колледжінің базасында өз біліктілігімізді көтеріп, Холдинг сертификатын алдық.

Атап айтсақ, CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдістемесінің қағидаттарын, CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS әдістемесінің ерекшеліктерін, CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS әдістемесін көрнекі қолдану, CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS -сабақты жоспарлау, CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS әдістемесі бойынша бағалау негіздерін, SCAFFOLDING стратегиясының маңыздылығын оқып үйрендік. Курс соңында «АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS моделінің интеграциясы негізінде оқыту» тақырыбы бойынша портфолио қорғадық.

Қазіргі таңда жоғарыда аталған арнайы әдістемелерді сабақ барысында кеңінен қолдану өз нәтижесін беріп жатыр, осы аталған әдістермен студенттер өз білімдерін күнделікті дамытып, үш тілді меңгеріп отырады. Яғни сабақ барысында оқытушы ғана емес студенттер «сәлемдесуден» бастап, барлық сабақ барысында өтетін терминдермен танысу барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударып сөздіктерді жаттап отырады. Және де аталған әдістер арқылы тақырыпты терең меңгеріп, заманауи бағытта сабақты меңгере алады.

Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтіні ақиқат. Себебі көптілді меңгерген жастардың алар белестері биік. Сондықтан көптілді білім берудің басты мақсаты әр білім алушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуда жағдай жасау. Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек» — деген. Демек, ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Көптілділік мәселесі — Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейкесті мәселердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңістікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде.

Сондықтан, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі – көптілділік мәселесі болып отыр. Осындай курстар, жобалар арқылы еліміздегі Үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесімізді қосамыз деген сенімдеміз.

 

,
БҚО, Орал қаласы,
Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.