Республикалық «Қайырымдылық акциясы» дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты — әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету.
Ағымдағы жылы әлеуметтік бағыттағы бұл бастама «Балалық шақтың мекені» деген ұранмен және оның ішінде «Жомарт жүрек» атты жаны жайсаң жүрегі жомарт ел ағаларының қаржылай көмегінің арқасында ұйымдастырылды. Қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазуымен жаралы болған қам көңіл балаларға жәрдем беру кім-кімді де болсын бей-жай қалдырмады.
Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Жанат Сейданова мен әлеуметтік сарапшы Нұрлығыз Жәдігердің тікелей ұйымдастыруымен өткізілген ауқымды іс-шара өз дәрежесінде өтті.Акция 10 қаңтар-10 ақпан аралығында өткізіліп, аталмыш іс-шара барысында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылды. Соның ішінде «Тәтті дастарқан» жәрмеңкесі оқушылардың өз қолдарымен жасалған тәтті тағамдар,мектебіміздің мұғалімі Р.Үсіпбековтің ұйымдастыруымен көңілді тапқырлар сайысы, өзін-өзі тану пәні мұғалімі С.Жабақованың «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» тренинг, психолог маман А.Құрбанбаева «Жаныңда жүр жақсы адам» атты сабақтар өткізді.
7-ақпан күні мектебіміздің Акт залында акция «Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің» атты концерттік бағдарламамен қорытындыланып, ауыл имамы Б.Орынбаев, Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ауыл биі Ж.Есімов және бірқатар ел ағалары қатысып, атқарылған іс-шараларға өз ойларын білдіріп, мектеп ұжымына алғыстарын айтты.
Айдарова Ләззат Абубакировна,
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылы
Қызылқұм жалпы орта мектебінің мұғалімі,
ата-аналар комитетінің төрайымы