Білім беру саласы: коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: көркем әдебиет
Мақсаты: жолда жүру ережесі туралы түсінік беру. Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, слайд.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | «Достық шеңбері» сәлемдесу. Ұл-қыз сәлем береміз, Өнегелі өренбіз. Біздер – қазақ баласы, Сәлем – сөздің анасы. — Балалар, тақтадан не көріп тұрмыз? — Жолдар қандай болады? | Шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.
Көшелер, көліктер.
Тегіс, кең, тар, ұзын, қысқа жолдар болады. |
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? — Жаздың қай айы? Біз, бүгін көше тәртібі туралы айтамыз. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді екен балалар. Топқа құлағын ұстаған қоян мен ақсаңдаған түлкі келеді. Сендерге не болған? Түлкі: Қоян екеуіміз жүгіріп қуаласпақ ойнадық. | Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешіні тыңдайды.
| |
Қоян: Түлкі мені ұстап алмақшы болды. Түлкі: Ал, қоян көшеге зып беріп жүгірді. Қоянды қуам деп көлікке тап болдым. Қоян: Көлік астынан жүгіріп өткенде көлікке ұрындым. -Балалар, жол тәртібін білмеген, жол ережесін сақтамаған әрбір адам осындай жағдайға тап болады. Ал, қанекей, балалар жолда жүру ережесін үйренейік. |
Қоян мен түлкіні тамашалайды. | |
Іздену-ұйымдастырушы | Қоян мен түлкі, сендер де бізбен бірге үйреніңдер. Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын: Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. -Жарайсыңдар, балалар! Ал, енді бағдаршамның көздері жайлы мәлімет тыңдайық: Қызыл көзі. Өзгертпейтін тұрағын, Бір орында тұратын. Қызыл шамы жанғанда, Қадам баспа бір адым. Бұл тоқтаудың белгісі, Білу керек бар кісі. Бас иеді тәртіпке, Келмесе де көнгісі. Сары көзі. Сары көзін жаққанда, Өтемін деп мақтанба. Бұл дайындық белгісі, Кідіре тұр аттанба. Жасыл көзі. Төксе жасыл шырағын, Қауіптенбе шырағым. «Жолың ашық өте бер», Жасап алға мың адым. Балалар, сендер тақпақ білесіңдер ме? Сергіту сәті. 1.Бағдаршамның қызыл түсті көрсету. 2.Бағдаршамның сары түсін көрсету. 3Бағдаршамның жасыл түсін көрсету |
Ия. Ерасыл, Санжар, Аружан, Ақтілек, Еркебұлан тақпақ айтады.
Балалар орындарынан тұрады. Екі жаққа кезек-кезек дайындалады. Аяқтарын топ-топ басады.
|
— Ал, енді балалар қоян мен түлкіге бағдаршам құрап берейік. Түрлі-түсті қағаздан |
Балалар қуана келіседі.
| |
Рефлексивтік түзетушілік | — Балалар, не туралы өттік? — Бағдаршамда неше көз бар? — Бағдаршамның түстері қандай? — Тағы қандай жол белгілерін үйрендік? Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. | Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Түстерді ажырата білу.
Нені игереді: Жол белгілерін.
Нені білді: Ережелерді сақтау керектігін
Қалдыбаева Айгүл Қуанғалиевна
№9 «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Мұнайлы ауданы