Ергазинова Жазира Турсынбаевна,
КМҚК №3 «Балбөбек» бөбекжайы,
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру. Жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге үйрету.
Міндеттері: Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметін еске түсіру, ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету.
Жол белгілерін ажырата білу дағдысын қалыптастыру, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру.
Балаларды мейірімділікке байқағыштыққа тәрбиелеу.
Залда Бағдаршам бейнесімен тұрады.
Әуенмен балалар кіріп орындыққа отырады.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдерме балалар. Жол қауіпсіздік ережелерінің еліне қош келіпсіңдер. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалардың жауабы: Ия. Бағдаршам.
Бағдаршам:
Күндіз түні жанамын,
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түссті көзім бар,
Белгілі жас пен кәріге.
Мен бағдаршам боламын.
Жарайсыңдар,өте жақсы.
Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
Менің неше көзім бар?
Балалардың жауабы: Үш
Бағдаршам: Көзімнің түстері қандай?
Балалардың жауабы: Қызыл, сары, жасыл.
Бағдаршам: Қызыл түсі нені білдіреді? қызыл түс жанғанда не істейсіңдер?
Балалардың жауабы: Тоқтаймыз.
Бағдаршам: Сары түс жанғанда не істейсіңдер? сары түс нені білдіреді?
Балалардың жауабы: Дайындаламыз.
Бағдаршам: Жасыл түс жанғанда не істейсіңдер? жасыл түс нені білдіреді?
Балалардың жауабы: Жүреміз, жүру белгісін білдіреді.
Бағдаршам: Ой,бәрекелді, жарайсыңдар балалар. Жол ережелерін өте тамаша біледі екенсіндер. Мен сендерді білем, сендер мен туралы тақпақта білесіңдер, кәне маған айтып беріңдерші.
Балалар тақпақ айтады.
1 бала:
Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.
2 бала:
Шофер біткен бүгінде.
Жол тәртібін біледі
Бағдаршамның түбінде
Ережемен жүреді.
Өте жақсы, рахмет сендерге.
Әуенмен тышқандар шығады. Жолда доп ойнайды тышқандар. Мысық көлікпен келе жатып допты жарады.
Тышқандар: Ой, ой, ой добымыз жарылып қалды ғой, енді не істейміз деп жылайды.
Мысық: Өздеріңнің аман қалғандарыңа қуаныңдар деп ұрсады.
Бағдаршам: Мысық дұрыс айтады. Абайсызда жол ережелерін бұза жаздадыңдар. Сендер жол ережелерін білмейсіңдер ме?
Тышқандар — жоқ.
Бағдаршам: Олай болса сендерге балалар көмектеседі. Балалар көмектесеміз бе?
Балалардың жауабы: Ия
Бағдаршам: Ондай болса балалар келіңдер шеңберге тұрайық.
Балалар шенберге тұрады. Әуенмен допты бір-біріне береді, әуен тоқтағанда қызыл түс жанғанда не істеу керек екенін айтады. Жолда доппен ойнауға болмайды т.с.с.
Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. Ал тышқандар енді білетін боласыңдар.
Тышқандар, мысықтар кетеді.
Әуенмен Шапокляк шығады.
Шапокляк. Жолдан өтпекші болғанда машина қағып кетпекші болады.
Бағдаршам: Шапокляк сен жолда қалай, қай жолмен жүру керек екенін білмейсің бе?
Шапокляк — жоқ
Бағдаршам: Онда балалар Шапоклякқа жолда жүруді үйретейік. Балалар сендер бағдаршамның түстері жанғанда не істеу керек екенін білесіңдер ғой солай ма?
Олай болса мен бағдаршамның түстерін кезек-кезек көрсетемін, сендер соған лайық қыймыл қозғалыс жасаңдар, келістікпе олай болса бастаймыз.
Ал бағдаршамның жасыл түсі жанса не істейсіңдер?
Балалар: аяқтарын тарсылдатады. Қызыл түсі жанса? Сары түсі жанса?
Жарайсыңдар балалар. Өте жақсы рахмет.
Бағдаршам: Шапоклякқа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік. Шапокляк сен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек. Бұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дейді. Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсын. Жолдың ортасын келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде көліктер жаяу жүргіншіге жол береді.
Бағдаршам: Шапокляк ал енді білетін боларсын?
Шапокляк: Ия. Рахмет, енді түсіндім. Жол ережелерін толық үйреніп, түсіндім. Сау болыңдар балалар. Әуенмен шығып кетеді.
Жарайсыңдар, өте жақсы рахмет балалар бүгін сендер жол ережесін білетіндеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдерде жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. Сау болыңдар.