Home » Айтарым бар » ЖОЛ АЗАБЫ

ЖОЛ АЗАБЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Қантемир ауылының тағдыры талай халықты алаңдатып отырғанға ұқсайды. Кезінде дүрілдеп тұрған үлкен совхоздың қазіргі жағдайы адам шошырлық. Мұндай күйге түскеніне 26 жылдан артық уақыт болса керек. Бұл ауылда жол түгілі, таза ауызсудың болмағанына 26 жыл болған. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары дүрілдеп тұрған елді мекеннің бүгінгі сыйқы, алда-жалда бара қалсаңыз мола екен деп ойлап қаласыз. Себебі, кезіндегі 300-ден артық отбасы тұрған ауылда қазіргі таңда 30-дан артық түтін қалған дейді, ауыл тұрғындары. Ол ол ма, жалпы білім беретін 11 жылдық мектеп болған. Қазір аузында үлкен қара құлып тұр. Ауылда қалған аз бала 40 шақырым қашықтықтағы аудан орталығындағы мектеп-интернатында оқиды. Осы балалардың отбасымен қатынасып тұруы табиғаттың тосын сыйына байланысты. Егер алда-жалда жаңбырлы, қарлы-боран, жауын-шашын болған жағдайда құдайдың емес адамның көмегін күтеді. Жолдың тоз тозы шыққаны туралы аудан әкімі, ауылдық округтың әкімі бәрі жақсы білгенмен, сел етпей келе жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл жерде адам тағдыры тұрғанын ешкім білмей отыр. Білседе бастарын ауыртқылары келмейтін шығар. Біреудің басы ауырады, біреудің балтыры сыздайды. Ондай жағдайда құдайдан сүйген құлын қинама деп жалбыранып отырады. Өлімді үйден күтеді деген сөз. Ауылда халыққа қызмет көрсететін бірде бір орталық жоқ. Атап айтсақ: шаштараз, дүкен, дәріхана, аурухана, мектеп, балабақша, кітапхана, мәдениет үйі, асхана, тойхана тағысын тағы жіпке тізе беруге болады. Бұның барлығын бастықтар талан-таражға түсіргенін ауыл тұрғындары көздеріне жас алып тұрып еске алады. Осы қызмет түрлерін алу үшін ауыл тұрғындары міндетті түрде аудан орталығына барады. Ал, ауданға қатынайтын арнайы автобус атымен жоқ. Қымбат бағаға машинасы бар адамдарды жалдайды. Халықтың жан айқайын түсінетін тір пенде болмағанына таңданасыз, таңдай қағасыз! Бұл қандай сұмдық деп. Осындай дамыған елде, ХХІ ғасырдың жетістігі ме, жоқ әлде қарапайым халықты қорлау ма? Ауылға аптасына бір рет келіп трактормен су құйып береді екен! 40 жыл тазаланбаған, тат басқан су құйғышымен.

Жаманымызды жасырып, жақсымызды асыратын халықпыз ғой! Бірақта «жыламаған балаға кім не береді» осыны айтар кез келгенге ұқсайды.

Жазира Көкбасқызы

«BILIM AINASY»,

СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.