Home » Сценарийлер » Жолмухамбетова Венера. «Қазақ аруы – 2018» байқауының сценарийі

Жолмухамбетова Венера. «Қазақ аруы – 2018» байқауының сценарийі

І-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар!

Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша, біз бұл күні Сіздерге –қыздарымызға, ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

(жүргізушілер шығады)

ІІ – жүргізуші:

Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.

Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда «Қазақ аруы – 2018» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көрсетеді деп ойлаймын.
І – жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл — күй тілей отырып, «Қазақ аруы – 2018» байқауына қош келдіңіздер!

ІІ- жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық. Әр сайыс 10 ұпаймен бағаланады.(5 немесе10 ұпай)

  1. ­Мектеп басшысы Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлы
  2. Мектебіміздің ТЖО: Боранбаева Айтгұл Өтесқызы
  3. Мектебіміздің МШЖО: Жолмухамбетова Венера Жумашқызы
  4. Мектебіміздің бейіндік оқу әдіскері: Таджикова Айгүл Өмірқызы
  5. Мектеп психологы: Сүгірова Айгерім Орынбасарқызы

Қазылар алқасынан әр бөлімнің ұпайларын қосып барлығын соңынан берулеріңізді сұраймыз.

І – жүргізуші: Алдарыңызда қатысушы ару қыздарымызды сахна төріне шақырайық!

  1. 7 «а» Жұмабай Мөлдір
  2. 7 «б» Аманбаева Мадина
  3. 7 «в» Санкибаева Ақмарал
  4. 7 «г» Құдайбергенова Майра
  5. 8 «а» Үсенбаева Салтанат
  6. 8 «ә» Сарсенова Гаухар
  7. 8 «б» Балтабаева Айгерім
  8. 8 «в» Орынбасарова Ұлболсын
  9. 9 «а» Оспанова Ақмаржан
  10. 9 «ә» Нұрғалиева Гүлназ
  11. 10 «а» Аманжол Мереке
  12. 10 «ә» Сәрсенбаева Меруерт

Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейік
1 — шарт. «Сәлем – сөздің анасы» (5 мин) Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін — өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
2 — шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу ).
3 — шарт. «Үздік  қолөнер» (өзінің жасаған бұйымы)

4 — шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі. Бұл бөлімде аруларымыз сұрақты алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

5 — шарт. «Кім жылдам?» (5 мин)
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) 1 мин ішінде ине-жіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады соның ұпайы қосылады).

Ә)«Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың шашын сәндейді де атын айтады.

6-шарт. «Сән үлгісі» (ұлттық киімді көрсетіп паш ету). Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі.

ІІ- жүргізуші: Туған жер азаматтың мекені екен,
«9 мектеп аруына» бас бәйгеге
Кімдердің бағы жанып жетеді екен?
Намысты бермеу үшін қолдан өзі
Мінеки, Арулар да сынға түседі екен…..
Сіздерге сәлем беріп көрінуге, Арулар сахнаға шықсын енді.

Байқауымыздың І бөліміне кезек береміз!

І – жүргізуші: Тіл байланып қалатындай көргенде,

Сұлулықты соған ғана берген бе!

Кімде болса бас иеді мойындап

Қарсы алдына қазақ қызы келгенде.

Бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық!

(Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға, ортаға қатар — қатар келіп тұра бастайды)

ІІ – жүргізуші: Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы — әдепті де әдемі

Қазақ қызы — ақылына көркі сай

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі

І – жүргізуші:

Байқауымыздың ІІ- бөлімі: Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

Өнері өрге жүзер талаптының

Таланты талмай ұшар қанаттының

Әлди әуен әлемі өнер аты

Шарпып өтсін лебімен қанатының — деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.

Қазақ биі Орындайтын 5 ә — сынып қыздары

ІІ – жүргізуші: Байқаудың 3 бөлімі « Үздік қолөнер»

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан

Шеше көрген тон пішер дегені рас

Аруларым шебер қолға араласқан — дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі.Бұл бөлімде аруларымыздың үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.

І- жүргізуші: 4 бөлімге кезегіне келіп жетті «Білімді мыңды жығар». Бұл бөлімде аруларымыз сұрақты алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты   — деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Бұл бөлімде аруларымыз алу арқылы сұрақтарға жауап береді. (арулар шықты, жауап берді)

ІІ-жүргізуші: Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша келесі кезектегі әнді қабыл алыңыздар! Ән _____________________________________ қарсы алыңыздар!

5 бөлімге береміз: «Кім жылдам»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
А) Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз шашқа сән жасау.
б) Ине-жіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады). 1 мин
І-жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз.
Қазақ қызы — тамсандырған талайды
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,

Байқауымыздың 6 бөлімі: «Сән үлгісі» Ай секілді асқақ ару арайлы — деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз .«Қыздарға әсемдік жарасады» аруларымыз қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсетуге шақырамыз. Бұл байқаудың ерекшелігі ұлттық киімді таныстыру. Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық..
(«Қыз сыны» әнінің әуенімен сайыскерлер сахнаға шығады).

ІІ — жүргізуші: Қазылар алқасы 6 бөлімнің қорытынды шешімін шығарғанша би тамашалаймыз. ____________________________________

І- жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі бар

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар

Үлкен сыйлау ұққанға соның

бәрін Зердерлі ол, зейінді келіп сынар. Ендеше, қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық!

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

ІІ – жүргізуші: Сұлулықтың дүниеде барын қарап

Аққайың да ұрлана таңырқамақ.

Пай — пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай

Ес еркінді әкеткен барымталап.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі мектебіміздің қыздары арасында өткен «Қазақ аруы – 2018»  байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын – дей, отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!

 Сұрақ-жауаптар

1.Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата — анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар….. (шеше көрген тон пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.)
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік
береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе….. ( Ұшқанда соны іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның
маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер….. (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,
жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын — сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала — арлы бала….. ( Әдепсіз бала – сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет
мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма…..( адамның баласы бол)

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
    2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
    3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
    4. Ою — өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
    5. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)
    7. Киізге ою — өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
    8. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
    9. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
    10. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
    13. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
    14. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
    15. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика) т. б. (мата)
    16. Қолдан тоқылған суретті — кілем (гобелен)
    18. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
    19. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
    20. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
    23. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
    24. Бағалы металл (алтын)
    26. Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
    27. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
    28. Су моншақты(бисер) ең көп шығаратын ел (Жапония)
    29. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
    30. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

Жолмухамбетова Венера Жумашевна,
 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№ 9 орта мектептің МЖО

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.